Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2732 0 пікір 22 Қараша, 2012 сағат 09:07

Шойгу шығарған кітап - «Урянхай тыва дептер»

Түркі академиясының бір топ ғалымдары Саян-Алтай бағытындағы түркілерді аралап, ғылыми сапарда болу кезінде академия кітапханасына құнды еңбектер топтамасын (коллекция) ала келді. Саян түркілеріне жататын тыва (орысша - «тува» аталып келді) бауырлар Түркі академиясының міндеті мен тарихи орнын бағалап, қазақ ғалымдарына құнды ғылыми кітаптарды сыйға артып жіберіпті. Оның ішінде барынша назар аудартатыны -«Урянхай тыва дептер» аталатын жеті томдық антология.

Бұл ғылыми іргелі еңбектің шығуында біршама қызықтырар жайттар баршылық, себебі, антологияны шығаруға бастама жасаған әрі тікелей атсалысқан ежелгі ұранқай ұлысынан шыққан Сергей Күжүгетұлы Шойгу, 11 жыл бойы Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі болған түркітекті тывалық азамат, қазір Ресейдегі ықпалы жағынан бестікке кіретін - Қорғаныс министрі.

Сергей Күжүгетұлы жоғарғы лауазымды мемлекет қайраткері бола жүріп, өз халқының тарихи-мәдени болмысын барынша хатқа түсіруге тырысқаны сондай, Мәскеу мен Санкт-Петербургтағы ежелгі ұранқай-тывалар жөніндегі барлық мәлімет пен деректерді жинастырып, оларды жүйелетіп, ғылыми тұрғыдан жеті томға жіктеп жазатын ғалымдарды өз қаражатына бірнеше жыл бойы ұстаған. Нәтижесінде тыва халқының қола дәуірден бастап, ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі дәуірді қамтыған ежелгі тыва жері мен оны мекендеген халқы туралы, Ұранқай - Танну-Тува, ұранқайлықтар - тывалықтар турасындағы ғылыми-ағарту толғамдар антологиясы түзіліпті.

Назарымызды аударатыны сол - ресейлік саяси және мемлекеттік қайраткердің өз халқына деген сүйіспеншілігі бүкілтүркілік құндылықты қамтып, тыва жұртының бар болмысын ғылыми-тарихи тұрғыдағы мол еңбектің жарыққа шығуына тікелей атсалысуы. Бұл қалтасы қалың қазақ байлары мен шекелері шылқыған шенділеріне де үлгі екені рас.

С.Әбдірешұлы

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 631
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 393
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 370
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374