Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2791 0 пікір 22 Қараша, 2012 сағат 08:45

Арғын Алашұлы. Бір қазақтың құпиясы

(эссе)

 

«...Он шақты күннен кейін уақытым болмай,

қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін келсем,

түрменің бастығы маған

оның сал айдап жүріп суға кетіп

қайтыс болғандығын айтты».

 

(«Қаһарман Бауыржан Момышұлы», 98-бет. Мағжан жайында.

Алматы, «Өнер» баспасы, 2008 ж.)

1

Қыстың қақаған аязына қарамастан Азамат өзіне жүктелген аса ірі тапсырманы орындау үшін Сібір штабынан таң ата салысымен жолға аттанды. Оны, ауылыңда қалған анасының үміті мен ақ сүтін ақтау ниеті, жастық жігері, елінің болашағын ойлаған ой қамшылап тұрды. Кеңес армиясы фашизмді жеңгеніне міне биыл үшінші жыл. Талайдың өмірін жалмаған зұлмат соғыс аяқталса да көңілде әлі де үрей бар. Қасына ерген жолсерігі - полковник Мельниченко да сөйленкіремейді. Оның үстіне, сөйлесе ауызынан шыққан ауа лезде қатып қалып аузы мұз қататын сыңай бар. Оның сөйлемегені Азаматқа да  жақсы. Қайткенде әлі жас, өмірлік тәжірибесі аз. Баукеңнің өтініші уақыт күтірмейтін шаруа әрі өте құпия. Ол құпияны берік ұстау керек. Біреумен көсіле сөйлей қалса, көкірегіндегі сырдың быт-шыты шығады. Сондықтан сөйлемеген абзал. Тым болмаса еліне оралғанға дейін...

2

(эссе)

 

«...Он шақты күннен кейін уақытым болмай,

қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін келсем,

түрменің бастығы маған

оның сал айдап жүріп суға кетіп

қайтыс болғандығын айтты».

 

(«Қаһарман Бауыржан Момышұлы», 98-бет. Мағжан жайында.

Алматы, «Өнер» баспасы, 2008 ж.)

1

Қыстың қақаған аязына қарамастан Азамат өзіне жүктелген аса ірі тапсырманы орындау үшін Сібір штабынан таң ата салысымен жолға аттанды. Оны, ауылыңда қалған анасының үміті мен ақ сүтін ақтау ниеті, жастық жігері, елінің болашағын ойлаған ой қамшылап тұрды. Кеңес армиясы фашизмді жеңгеніне міне биыл үшінші жыл. Талайдың өмірін жалмаған зұлмат соғыс аяқталса да көңілде әлі де үрей бар. Қасына ерген жолсерігі - полковник Мельниченко да сөйленкіремейді. Оның үстіне, сөйлесе ауызынан шыққан ауа лезде қатып қалып аузы мұз қататын сыңай бар. Оның сөйлемегені Азаматқа да  жақсы. Қайткенде әлі жас, өмірлік тәжірибесі аз. Баукеңнің өтініші уақыт күтірмейтін шаруа әрі өте құпия. Ол құпияны берік ұстау керек. Біреумен көсіле сөйлей қалса, көкірегіндегі сырдың быт-шыты шығады. Сондықтан сөйлемеген абзал. Тым болмаса еліне оралғанға дейін...

2

Мельниченко бастаған бес кісілік топтың да жауапкершілігі ауыр. Қиыр шығыс асып Жапонияға жету, Партия жүктеген міндетін орындап барып Мәскеуге оралу. Міндет тек қана полковник Мельниченкоға ғана мәлім. Бірақ Азаматтың көңіліндегі міндет Мельниченкодегі міндеттен де маңыздырақ көрінді Азаматқа. Кеңес үкіметінің әскерлерінің қатарында болу жас Азамат үшін ғана емес, бүкіл ауылы үшін үлкен абырой. Соғысқа қатыспаса да соғыс аяқтала сала Кеңес Қызыл армиясында қатардағы жауынгер ретінде емес, әскери оқу бітірген аға сержант ретінде өмірін жалғастырған Азаматтың арманы дәл осы қасындағы Мельниченко сияқты полковник болу.

3

...Азамат Ұлы отан соғысында жеңіске жеткен Кеңес Үкіметінің аса құпия істеріне жұмсалған қазақтың бірі әрі бірегейі. Олай болмай қалса да, Азаматтың өзіне солай көрінді. Жеңіліс тапқан жапондардың елінде не қылмақ, оны Мельниченко мен Алла тағала ғана біледі. Ауылынан қол үзгелі біраз жыл болды. Қазақты көрмегелі де сол. Алланың жазғанын қарашы, Сібірдегі Кеңес Армиясы штабына келгендерінде Мельниченко сол штабтың командирінің бөлмесіне кіріп кетіп, аман-саулықтан кейін әңгімелерін бастағанда, Азаматтың көңілі босап кеткендей болды. Не болды деп өзіне-өзі таңғалған Азамат коридорда отырса да бөлмедегі бір дауыстан неге екені белгісіз - жылылықты сезді. Бұл дауысты естімегеніне біраз жыл болды.

- Бұл әкемнің дауысы ғой! - деп жылай жаздады Азамат, - Ойбай не деп кеттің? Аяз құрғыр миді де қатырып тастады ма екен? Әкем мұнда не қылсын?!

- Поез будет завтра. А сейшас можете расположиться в части. Спать будете в шинели, здес холодно... - деген командирдің сөзінен кейін барып, Азамат жүзін көрмесе де, дауысынан қазақ акцентін таныды. Туған әкесімен шатастыратындай бұл неткен қуаныш. Сібірде қазақты көрем деп ойлаған да жоқ Азамат.

- Бұл менің көмекшілерім, жауынгерлер, арыстандар - деп бөлмеден шыға бере Мельниченко коридорда тұрған төрт жігітті меңзеп.

- Жарайсыңдар... - деп қана қойды командир. Арасындағы бір қазақ жігітін көзі шалып қалса да, Сібірде, оның үстіне кілең орыстардың ортасында Азаматтың бетінен сүйіп, оған ерекше ықылас көрсету арқылы көңілі босап кететінін іштей сезінді Сібірдегі 59-бригада командирінің орынбасары, қазақ Бауыржан Момышевич. Сондықтан да амал нешік, командир солдаттармен Сібірдің аязы секілді суық амандасты.

 

4

Ертенгісін Баукең Азаматты штабқа шақырды. Мельниченкоға қазақты көптен көрмедім, мауқымды басайын деп түсіндірді.

- Азамат, ауыр міндеттеріңді естідім. Жапонияға жету қиын. Алайда қазір мен саған одан да ауыр міндет берсем, орындай аласың ба?

- Конешно, ағасы. Так точно...

- Онда тыңда, батыр... - деп Баукең сыбыспенен бірақ Азаматқа ұғынықты етіп басынан өткенін баяндап берді...

5

- Кузмич, сенің тұқындарының арасында менің қандасым да бар көрінеді ғой - деді Баукең Қиыр Шығыс Жазалау лагерінің бастығының көзіне тіке қарап.

- Есть такой. Бар...

- Құдай үшін, көрсетші маған. Нең кетеді. Есесіне күзетші қызметкерлерің, оның ақын екенін айтты. Ақыннан бір қауіп болмас.

- Запрешено командир! Устав!!!

- Екі-ақ минут?!

- Айттым ғой...жоқ...болмайды.

- Кузмич, ...Иисустің құрметіне... - амалы таусылған Баукең Кузмичтің жанына жылы Иса пайғамбардың атын аузына алды.

- Ладно давай, только быстро. Соғыс жоқта, бейбіт кезеңде басымыз шалынып жүрмесін, тез қимылда...

- Қайда ол?

- Орманның ішінде...

Ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адам отыр. Киген киімдері біртүрлі, әсілі сотталғандар болу керек. Олардан өзгешелеу, басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр. Тегінде - қазақ сияқты. Күзетші қызметкерлер алдамапты. Қайдағы бір түсі суық тайганың ішінде алыстан келген отандасына неге өтірік айтсын? Шын айтыпты, бәрекелді...

- Ассалаумағалайкум! - сұхбаттасының ақын болатынын білген Баукең аса ықтиятты амандасты. Дауысы да үйреншікті қатал емес, нәзік шықты.

- Әлік салам, - оның даусы Баукеңдікінен де нәзік әрі немқұрайды боп естілді. Ол кісінің Бәукеңнің сәлемін ернін жыбырлатып қана қабылдап, түріне одырая қарап да үндемей отыра бергеніне мән бере алмады Баукең. «Бұл не қылған адам? Ит жеккен жерде екі қазақ былай амандасушы ме еді?!» деп аң-таң боп тұрған кезде, ана адам:

- Маған жақындама, бәлем жұғып кетеді, - деді.

- Дәл осы мезетте жүзін көріп қалған Баукең, әлдебір нәрседен түңілген бет әлпеті болмаса, мына отырған адамның өзіне бұрыннан таныс ақиық ақын Мағжан Жұмабаев екенін бірден аңғарды. Тымағын шешсе, қара бұйра шашынан да танушы еді. Сонда күмән да қалмас еді. Бірақ есі дұрыс адам мына аязда бөркін шеше ме?! Мағжан ба емес пе деген күмәнді кетіру үшін:

- Қалың орманның шетінде, Нағыз желдің өтінде, Өскен жалғыз жас қайың- деп өлеңдете жөнелді Баукең.

Бұны естіген Мағжан түре келді де, Баукеңе қолын созды. Құшақтасып біраз жыласты екі замандас. Қолын тарта бергенде Баукең Мағжанның тымағын байқамай қағып жіберді...

- Жә, жә. Менің жағдайым қиын ғой, маған жақындамағаның дұрыс болады. Шамаң келсе, мені елге жеткіз, - деді Мағжан.

- Мен он шақты күннің көлемінде қайта ораламын. Сол кезде дайын болып тұрыңыз, - деп Баукең Мағжанды иығынан қақты.

- Елің кім, атың кім?

-  Момыштың Бауыржанымын.

6

- Міне бауырым... Он шақты күннен кейін уақытым болмай, қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін келсем, түрменің бастығы маған оның сал айдап жүріп суға кетіп қайтыс болғандығын айтты. Әй, осы орысқа сену қиын. Қу құрғыр. - Баукең Азаматқа үміт арта қарады, - Азамат, ұланым, батырым! Саған бүйімтайым бар. Жапонияға бір-ақ жерден жол бар. Жазалау лагері арқылы қайтсе де өтесіңдер. Сәті түсіп, сол жақтағылардан сұрастыршы. Бір-ақ қазақ бар. Ішім сезіп тұр, тірі әлі. Мағжан ағаны қазақ бақилық деп біледі. Жендеттер аттық деп жар салды. Үрей туғызу ғой олардікі. Аллам қолдап, тірі Мағжан. Әлі де тірі. Мен Мәскеу жүру керекпін. Сталин жолдас Қиыр шығыстың бүкіл командирлерін жинап жатыр. Осындағылар да сенімен ұзақ сөйлесті деп үстіме арыз түсіруі мүмкін. Балам, абай бол. Міндетіңді атқар.

7

- Атың да, тегің де әдемі екен Азамат. Бауыржанды айыптамаймын. Қайта жоламағаны дұрыс болған. Өссін, өрлесін... Бірақ еліме оралсам...

- Мағжан аға ..., - Азамат қалай айтарын ойында безбендеп біраз кідірді, - аға, сізді атып өлтірді деп біледі халық. Он жыл өтті...

- Уланды жүрек, Жан күйед, Ішім толған қызыл шоқ. Не себептен, тәңір ие, Денеге ем бар, жанға жоқ? Олай болса, ... Олай болса, мен елді дүрліктірмей-ақ қояйын. Осында-ақ жан тәсілім  болайын. Қайтем?! Азамат! Анау қазақ қаным десең, Ұжмақтың суын апар, жаным десең. Болмаса, ібіліс бол да у алып бар, Тоқтатам тұңшықтырып қанын десең... Сен жассың, еліңе әлі де ораларсың. Бауырым, еліме сәлем жеткіз, қазағым еркіндік алып жатқан тұста. Менің айтқанымды есте сақта...

...Осыдан он жылдай бұрын Бутыркадан мына Ібір-Сібірге жер аударылғанда, Қостырма деген елді мекен арқылы келдік. Татардың жері болса керек. Кішігірім мешіті бар. Жиырма жылдай бұрын сол мешітте Сейіт деген түріктің азаматы тұтқында ұсталған. Тақуа, ғалым адам деседі, олай болмаса тұтқын адамды мешітке апарып сала ма?! Оның айтқандарын татарлардан есіткенім бар. Бір күн келеді мұсылмандар, түріктер бірігеді деген. Біз асығып, қыс мезгілінде дүниеге келдік, Сендер жұмақтың исі аңқыған көктемде келесіңдер. Біздің әрекетіміз біреуге қарсы бағытталмаған, түрік пен түркілердің қанында зұлымдықтың өзі түгіл исі де жоқ, дейтін. Өзі, елінде ірі білім ордасын салам деп әлек болыпты, соғыс басталып кетіп, әлгі ойын жүзеге асыра алмапты. Біздерді де білім мен ғылымға үгіттеген. Еһ шіркін, тағдыр рұқсат еткенде... сол жаққа да барып, ол кісімен ой тарқатса ғой... - Мағжан осыны айтып көзін әлдебір нәрсеге тігіп, қалың ойға шомды: Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы, Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы. Арғы жағы - көк көзді жын ұясы, Бергі жағы - түріктің сар даласы.

Азамат, атың да әдемі затың да... сен еліңе қызмет ет, білім ал, тәлім ал. Түрікпенен түбіміз, түбіріміз бір. Сейіт молда тағы да айтыпты, түріктің мұсылманы Русияның әскери мектебінде, ағылшынның заң мектебінде тәлім алып жатыр. Мезгілі жетгенде барлығы өз еліне оралып, өз отандарына жан аямай қызмет ететін болады, деп. Рас айтыпты, сені көріп, соған сенімім арта түсті. Қапы жеме, қазағымның көгінде еркіндіктің көк туы әлі желбірер. Біз көрмеспіз, бірақ өскелең ұрпақ көрер. Алаңдама, біліміне білім қос. Заман өтер, болар әркім бір-біріне дос.

- Сәлтайымды, Сәлімжанды[i] көрсең, барша халқыма ағалық өсиетімді жеткізсін: Оқу оқы, өнер қу, Басқалардан түңіл де. Жұрттың қамын көп ойла. Артта қалған сорлы жұрт, Алға бассын деп ойла...

Бір жағынан ақиық ақынның басын аман алып қалмағанына қыңжылып, екінші жағынан өзіне қазақтың қос батыры Бәукең мен Мағжан жүктеген міндетін еліне барып атқаруды ойлаған Азамат Сібірдің қақаған аязына қарамай діттеген жеріне жүре берді. Оны ауылыңда қалған анасының үміті мен ақ сүтін ақтау ниеті, жастық жігері, елінің болашағын ойлаған ой қамшылап тұрды...

«Abai.kz»

 


[i] Мағжанның туған інісі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 612
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 360
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 357
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 362