Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2305 0 пікір 21 Қараша, 2012 сағат 08:08

Қажымұқан Ғабдолла. Бұл не сандырақ?!

Тыныш жатқан елміз...

Ешкімнің қорасына түсіп, қойын түгендеген емеспіз...

Бірақ, солтүстіктегі солақай көршіміздің сасық саясаты мен сауатсыз сыбыр-күбірі жүйкемізге тиіп бітті. Сонау әсем Алатаудың жұмақтай бөктерінде немесе ерке Есілдің жайсаң жағалауында аюдың аңқыған күлімсі иісін сезіну қиын шығар, дегенмен, дәрет шаптырым жердегі қолқаны ашытқан қоламсамен күн көру - күннен-күнге ауырлап барады...

...Шовинизмге көз жұмып қарауға болмайды. Шовинизмнің ақыры - міндетті түрде телегей-теңіз қанға, ұлттардың бодандығына, халықтардың қасіретіне әкеліп тірейді. Мұны адамзаттың тарихы талай рет дәлелдеген.

Осыдан жиырмашықты жыл ілгері «Орал казактарының әскері» дегеннің аяғына Оралдың ұлтшыл қазақтары тұсау салып еді. Өйткені, егемен елдің мемлекеттік құрылымдарынан басқа әскери топтардың болуы - Ата заңымызда қарастырылмаған және бұл ұлттық бірлігімізге төнген қауіп болып табылады.

Тыныш жатқан елміз...

Ешкімнің қорасына түсіп, қойын түгендеген емеспіз...

Бірақ, солтүстіктегі солақай көршіміздің сасық саясаты мен сауатсыз сыбыр-күбірі жүйкемізге тиіп бітті. Сонау әсем Алатаудың жұмақтай бөктерінде немесе ерке Есілдің жайсаң жағалауында аюдың аңқыған күлімсі иісін сезіну қиын шығар, дегенмен, дәрет шаптырым жердегі қолқаны ашытқан қоламсамен күн көру - күннен-күнге ауырлап барады...

...Шовинизмге көз жұмып қарауға болмайды. Шовинизмнің ақыры - міндетті түрде телегей-теңіз қанға, ұлттардың бодандығына, халықтардың қасіретіне әкеліп тірейді. Мұны адамзаттың тарихы талай рет дәлелдеген.

Осыдан жиырмашықты жыл ілгері «Орал казактарының әскері» дегеннің аяғына Оралдың ұлтшыл қазақтары тұсау салып еді. Өйткені, егемен елдің мемлекеттік құрылымдарынан басқа әскери топтардың болуы - Ата заңымызда қарастырылмаған және бұл ұлттық бірлігімізге төнген қауіп болып табылады.

Өкінішке қарай, 1990 жылдары Жайық топырағында «Казактардың әскері» дегенді түп-тұқиянымен, тамырынан қопарып, жойып жіберуге жергілікті биліктің солқылдақтығы қатты әсер етті. Сол кезеңдегі облыс әкімі Қабиболла Жақыповтың (қазір Мәжілісі төрағасының орынбасары) арада 22 жыл өткенде, өзінің саяси қателікке ұрынғанын түсінді ме екен? Бүгінгі таңда «Казактардың әскері» дейтін заңсыз ғана емес, қылмыстық тобырларды түбімен жойып жіберуге рух-жігері мен саяси пәрмені жете ме екен, қазір?!.

Қабиболла Жақыповтай өңір басшыларының жігерсіздігі жұртымыздың еркіндігі мен еліміздің егемендігіне толассыз қауіп төндіріп келеді. Жаңа мысал: таяуда ғана Орал қаласын жылумен қамтамасыз ететін «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамында коммерциялық директоры қызметін атқаратын, өзін-өзі «атаман» атап алған Вячеслав Юрьевич Солодилов дейтін біреу Ресей Президенті Владимир Путинге хат жазып, қол қойыпты.

Ұлттардың арасын арандатудың шыңына шыққан хаттың қысқаша мазмұны мынадай: «Қазақтар бізді әбден басынып бітті. Өз тарихи отанымызда, ата-бабамыздың жерінде өмір сүре тұра ит көрмеген қорлықты бастан кешірудеміз. Барлық жерде қазақша сөйлеуге мәжбүрміз. Елбасы өзі бас болып халықпен біздің ұлы орыс тілімізде сөйлесе де, төмендегілер одан үлгі алудың орнына, біздің азаматтық құқығымызды аяққа таптап, қазақша сөйлеседі. Барлық мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық, медициналық, әлеуметтік, сот, құқықтық мекемелерде ақпараттар қазақша жазылады. Бұл бізді қорлау емей, немене?!

Қазақтарға ерегіскенде, бұл жерден көшіп кеткіміз-ақ келеді. Бірақ, ата-баба мекенін біз кетсек, кім қорғайды? Осы жерді қорғау үшін 20 жыл бұрын құрылған Ұйымымыз талмай жұмыс істеп келеді. Бірақ, бізді соңғы кезде қазақтар мүлдем қорлап бітірді. Жауынгерлік рухымызды таптап, біздерді мереке-тойда ән салдырып, би билетіп, әртіс қылып жіберді.

Біз би билеу үшін емес, қылышымыз жалаңдап, жерімізді қорғау үшін жаратылдық емес пе?! Мұндай қорлықтан бізді арашалап алыңыз, Владимир Владимирұлы!».

Бұл не сандырақ?!

Ең алдымен, В.Солодиловты мемлекеттік маңызы бар, стратегиялық нысандағы лауазымды қызметінен шұғыл босатып, әлеуметтік араздық тудыратын баппен айыптап, қоғамнан аластап, ұзақ жылдарға қапасқа қамау керек. Әлбетте, қоғамға аса қауіпті, мемлекетке өте зиянды бірлікті қандай да бір жауапты қызметке тағайындауға мүлдем болмайды. Мұндай «ұлыорыстық» әкірең пиғылды әңгүдіктің қыстың көзі қырауда тұтастай бір қаланың жылуына зиянкестік жасап, мұз қатырмасына ешкім кепілдік бере алмайды?!.

Сосын, бөтен ел, жат мемлекеттің басшысына шағынған пенде Қазақ Елін «туған отаны, өз елі» деп санамайды. Мұның өзі мемлекеттік құпияны жария ету немесе Отанға опасыздық жасау деп танылуға тиіс. Мәселен, В.Солодилов өзінің опасыздығын Қытайда жасаса, ол үш күннің ішінде тергелмей-ақ, сот болмай-ақ ату жазасына кесіледі, яғни, сүйегі қаңғыбас иттің кебін киіп, далада шашылып қалар еді...

Әрине, «шығарға жан тәтті» демекші, В.Солодилов баспасөзде ақталуға ұмтылып жатыр. Десе де, оның қол қою үлгісін танитындар хат соңындағы қойылған жазуды «В.Солодиловтың күмәнсіз өз қолы» деп отыр.

В.Солодиловтың Оралды «ата-бабамыздың жері, орыс жері» деген жалған сөздері «Қазақстан Республикасының тұтастығына нұқсан келтіретін қылмыс» деп табылып, айыпталу істеріне қосымша тіркелуге тиіс.

Қазақ топырағында лаузымды қызметте отырып, жоғарғы айлық алып, кекірігі азған Вячеслав Юрьевич Солодиловтың қылмысты ісімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен Бас прокуратурасы тікелей айналысып, жұмыстарының нәтижесін тез арада қазақ қоғамына ресми жариялауы керек.

Сосын, В.Солодиловтай арандатушыны мемлекеттік қызметте тайраңдатып қойған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Алматыда «казактардың шеруін» өткіздірген Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтер елдің алдында түсінік беріп, Бас прокуратурада жауапқа тартылуға тиіс.

Сөз жоқ, бұл арандатушылық - Елбасының түркі топырағындағы «түркі бірлігі» туралы батыл сөзіне қайтарылған лас жауап, яғни, Кремльдің Ақордаға қыр көрсеткенсымағы. Бірақ, мұндай пасықтықтан, орашолақ «саяси ойындардан» қазақ жеріндегі қарапайым орыстар ғана зардап шегеді, арандатушылар мен «атамандар» құйрықтарын бұттарына тығып, тайып тұрады...

«Түркілердің бірлігінен» шошынған орыс билігі, дәлірек айтсақ, Владимир Путин Қазақ Еліндегі кандектерін шәуілдету арқылы, «жау жағадан алғанда, бөрі етектен шалады» дегендей, Жаңаөзен қасіретінің бір жылдығына орайластырып «ойран ойын» ойластырып отыр. Бірақ, бұл - от шығатын қауіпті ойын... Қазақтың қайғысынан ұпай жинамақшымен айбалтасыз сөйлесіп көр, сосын...

...Қазақтың рухы араға 250 жылдай уақыт салып, 1986 жылдың желтоқсанында орыстың он орам қамытын опырып жібергенін білеміз. Он бес ұлттың еркіндігіне жол ашқын бұл қайсарлық қазақтың қанынан мәңгілік өшпейді. Басқа ұлттар да ендігі жерде ешкімге ермейтіндей есін жиды...

Бүгінгі шовинист орыстың пасық пиғылы құр қиял ғана. Бұл қиялдан құлан-таза құтылмайынша, орысың төл тағдырында азаптың талай түрін тартатын болады...

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 642
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 412
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 381
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 384