Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 2505 3 пікір 16 Маусым, 2022 сағат 20:08

Ұлттық құрылтайды Дүниежүзі қазақтары құрылтайымен біріктіріп өткізу керек - Әбділуақап Қара

Қасиетті Ұлытау төрінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асыру жолындағы маңызды шешімдерінің тағы бірі ретінде жоғары бағалап қолдаймын, деп пікірін білдірді түркиялық қазақ ғалымы Әбділуақап Қара.

Әсіресе еліміздің басына төнген қара бұлт Қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін ұлттың бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтатын ұлы басқосу деп білемін. 117 құрылтай өкілі ішінде шетел қазақтарының жанашыры, белгілі дипломат Отандастар қорының президенті Абзал Сапарбекұлының да болуын қуанышпен қарсы алдым. Сонымен қатар шетел қазақтары өкілі ретінде санауға болатын Баян Өлгейден кезінде атамекенге ат басын бұрып сонда бизнис саласында өнімді жұмыс атқарып келе жатқан кәсіпкер Сырымбек Таудың да осы алқалы жиында сөз сөйлейтін болуы құптарлық. Мұны, «Жаңа Қазақстан»да диаспора қазақтарының да мәселелеріне бейжай қаралмайтындығының айқын белгісі деп білемін, - деп жазды ол.

Ол ұлттық тарихымыз бен ана тілімізге көбірек мән берілетіні қуантарлық жайт екенін айтты.

Ғылым саласында да белгілі азаматтардың барлығы қуантарлық. Атап айтқанда Алаш танушы, шетелдерге бек танымал ғалым профессор Диқан Қамзабекұлы, қазақ тілінің көсегесін көгерту жолында тынбай еңбек етіп келе жатқан профессор Анар Фазылжанова сынды ғалымдар. Бұл, «Жаңа Қазақстан»да ұлттық тарихымыз бен ана тілімізге көбірек мән берілетіндігін белгісі болып табылады, - деді ол.

Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайдың тек атамекен үшін қана емес, шетел қазақтары үшін де жаңа бір белес болады деген үміттемін деді ол.

Өйткені 1991 жылы еліміз тәуелсіздігін әлемге паш еткеннен кейінгі алғашқы қадамдардың бірі 1992 жылы Алматыда «Дүниежүзі қазақтары құрылтайын» шақыру болған еді. Сондықтан да Қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асыру жолында «Ұлттық құрылтайды» шақыруы орынды, - деді Әбділуақап Қара.

Ол  Ұлттық құрылтай жұмысына табыс тіледі.

Менің осы құрылтайға айтар пікірім, «Ұлттық құрылтайды» «Дүниежүзі қазақтары құрылтайы» мен біріктіріп келешекте шетел қазақтарынан да өкілдер тағайындап «Ұлыстың ұлы құрылтайы» ретінде жүйелі түрде оны өткізіп тұру. Ұлттық құрылтай жұмысына қатысушыларды құттықтай отырып табыс тілеймін, - деп жазды ол.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 904
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 758
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 588
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 594