Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Ағаш ат 3193 1 пікір 16 Маусым, 2022 сағат 13:22

Рамштайн-3 кездесуі: Кім қандай қару бермек?

epa09909493 U.S. Secretary of Defense Lloyd J. Austin III (L) speaks in the presence of Ukrainian Defense Minister Oleksii Reznikov (R) during a meeting of Ministers of Defense at the US Air Base in Ramstein, Germany, 26 April 2022. The U.S. Secretary of Defense Austin has invited Ministers of Defense and senior military officials from around the world to Ramstein to discuss the ongoing crisis in Ukraine and various security issues facing U.S. allies and partners. EPA-EFE/RONALD WITTEK

Украинаға әскери көмек көрсету бойынша әлемдік қауымдастықтың бірлескен жұмысы жалғасуда. АҚШ-тың Ленд Лиз заңынан бөлек, Киевке көмек көрсету бойынша әлемнің 40-тан астам елі ай сайын бас қосып, қару жеткізу жолын талқылайтын арнайы формат қалыптасып үлгерді. 

Германияның Рамштайн әскери базасында Украинаға қару жеткізу бойынша арнайы кездесу алғаш рет сәуір айында өтті. Бірінші кездесуге 40 мемлекет қатысып, олар Киевке жеңіл атыс қару түрлерін беру бойынша келісті. Бұл кездесу дәстүрлі форматқа айналып, мамыр айында жалғасын тапты. Мамырдың 23-де өткен Рамштайн-2 кездесуіне бірінші кездесуге қарағанда көбірек ел қатысты.

Күні кеше Рамштайн-3 кездесуі өтті. Аталмыш жиынға 45 мемлекет қатысты. Жиынды АҚШ қорғаныс министрі Остин ашып, сөз сөйлеу барысында “Украинаға қолдау көрсету мен қару жеткізуді жылдамдату керек, қарқынды азайтуға болмайды, бәстің бағасы тым үлкен” деді.

Рамштайнағы кездесуде Словакия тікұшақтар, Канада, Польша жыне Нидерланды артиллерия құрылғыларын тез арада жеткізетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Германия алыс қашықтыққа соққы беруге қабілетті зымыран кешендерін беретінін айтты. Алайда Берлин Украина соғысында өз позициясын нақты айтпай, қару беруді созбалақтап жүрген елдің бірі. Сондықтан сарапшылар Германияның сөзіне қатты назар аудару қателік дейді.

Пентагон басшысы Украинаға қажетті қаруды жылдам жеткізу арқылы, басқыншы қолындағы аумақты азат етуге көмектесетінін айтты. " Ресейдің Украинаға басып кіруі әлемдегі жағдайды өзгертті. Сонымен бірге біз украин халқының батырлығы мен қайсарлығына куә болдық. Біз Украинаны қолдауды тоқтатпаймыз", – деді Остин. Остин АҚШ тарапынан Украинаға берілетін көмекті атап өтті.

18 дана 155-миллиметрлі гаубицалары;
36 мың дана 155-миллиметрлі снарядтар;
18 дана гаубица тасуға арналған көлік;
HIMARS зымыран кешеніне арналған зымырандар;
Harpoon зымыран кешені және өзге қаруларды бермек.

Ресей "Украинаға қару беру жағдайды тым ушықтырады" деген пікірін тағы бір мәрте айтты.

Abai.kz

1 пікір