Сенбі, 27 Сәуір 2024
Айтыс 5092 11 пікір 10 Маусым, 2022 сағат 14:28

Светқали Нұржан: «Жүректі айнытады...»

5 маусым күні өткен рефрендумға арнап Мұхамеджан Тазабек өлең шығарып, оны Facebook парақшасында жариялаған еді. Белгілі ақын Светқали Нұржан «мұндай сұмпайылық жүректі айнытады» деп жазды.

«Төмендегі бетпақ шатқан шатпақ әлем-жәлемде “хит” болып жатыр екен. Нәйеті, осы адамнан азған пәлекеттерге сөз шығындау аузыма қаншалықты ылайық деп ойлауға да болар еді, бірақ бұлардың Отанымызға салған 30 жылдық ылаңы және шексіз арсыздығымен тағы да қазақты ақымақ көріп, алдамақ болып, сөйтіп әр жер, әр жерден жылтыңдап көрінгісі, жағынғысы, тағы санатқа енгісі, сапқа кіргісі келіп тұратын сұмпайылықтары жүректі айнытады! Ал айныған жүректен қай бір оңған өлең шықсын?! Бұл да сондай бір кеп», - дейді Facebook желісінде Айт-ман Нұржан деген атпен тіркелген ақын.

Бұдан ары ақын Тазабектің ұйқасына салып, бірер жол өлең жазады. Өлеңінде  экс-депутат, Түркиядағы бүкіләлемдік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеуханды да атап өткен. Ақын бұл екеуін Қазақстандағы діни ағым салафизм ағымы үшін кінәлапты.

Светқали Нұржан Қазақстанда 2000 жылдардың басында кең жайылған тағы бір діни ағым – суфизмнің (сопылық) белді өкілі ретінде жиі айтылады. Ол осы ағымның Қазақстандағы негізін салушы Исматулла Мақсымның қасынан жиі көрінеді.

Айта кетейік, қазір Мұхаметжан Тазабек шетелде жүр. Әлеуметтік желілерде «салафизмнің серкесі Қайрат Сатыбалды қамауға алынған соң, Тазабектер шетелде бой тасалап жүр» деген болжам айтылады.

Abai.kz

11 пікір