Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 4009 28 пікір 10 Маусым, 2022 сағат 14:13

Путин өзін Петр патшаға теңеді

Ресей І Петр патшаның туғанына 350 жыл толуын атап өтіп жатыр. Соған орай өткен жас кәсіпкерлермен кездесуде Владимир Путин Петр патшаның тарихтағы рөліне қатысты лекция оқыпты.

«1700-1721 жылдардағы солтүстік соғыс кезінде орыс императоры І Петр Швеция аумағын тартып алған жоқ, тек байырғы орыс жерін қайтарды және бекітті. Сондықтан біздің маңдайымызға да орыс жерін қайтару мен бекіту жазылған», - деді.

Ол өзін орыстың ең атақты әрі қатал билеушісі І Петрге теңеген.

Путиннің айтуынша, І Петр басып алған қазіргі Эстония және Латвия аумағының жерлерінде байырғы кезден славян халықтары тұрған және орыс мемлекеті әрқашан бұл жерлерді бақылауында ұстаған. Ол сонымен қатар Санкт-Петербург қаласын Еуропа елдері Ресей жері деп танымағанын айтқан.

Жиында Украинаның Херсон және Запорожский облыстарына басшылыққа Ресей өз адамдарын тағайындағаннан кейін, бұл аймақтарда Ресей құрамына кіру жөнінде референдум болатыны айтылды.

Бүгінде Ресей Херсон мен Запорожск облысының басым бөлігін қол астына алды. Ал Запорожье қаласы Украинаның бақылауында тұр.

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1780
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1760
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1480
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1385