Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Көршінің көлеңкесі 1041 2 пікір 1 Наурыз, 2024 сағат 17:43

Bloomberg: Қазақстан ЕО мен Ресей саудасына көпір болуда

Сурет Google іздеу жүйесінен алынды

«Bloomberg» басылымы: «Қазақстан мен Түркия Еуропаның кейбір елдеріне Ресеймен сауда жүргізуге көмектесіп отыр», - деп мақала жариялады.

Онда: «Қазақстан мен Түркия жекелеген еуропалық кәсіпорындарға Ресеймен сауда жасауға көмектесуде. Тіпті статистика да Украинадағы соғыс басталғаннан кейінгі сауда көлемінің артқанын растайды», - деп жазылған.

Басылымның жазуынша, соңғы екі жылда еуропалық экспорт Ресейге тоқтаған жоқ. Енді тауарлар Ресей Федерациясына Қазақстан арқылы түсуде.

«Бұл Орталық Азия елі Владимир Путин Украинаға басып кіруге бұйрық берген сәттен бастап сауда ағынын өзгертуге көмектесті», - деп атап көрсетеді «Bloomberg».

Экономистер Алекс Исаков пен Джерард ДиПиппо Еуропа мен Ресей арасындағы сауда байланыстарының нығая түскенін және Путиннің экономикасына санкциялардың ықпалы ойлағаннан аз екенін растайды.

«Bloomberg» зерттеушілерінің айтуынша, 2023 жылы Қазақстаннан Ресейге жеткізілетін тауарлардың тек жеті пайызы ғана тыйым салынған тауарлармен байланысты. Ең көп өсім көрсеткен өнімдер арасында құрал-саймандар мен автомобильдер болған. ЕО санкциялары ұшақтарға, атыс қаруына және кейбір жартылай өткізгіштерге қолданылады. Ресей әскери өндіріске қажетті тауарларды іздеу үшін жалған компанияларды белсенді пайдаланады. Бастапқыда бұл еуропалық шенеуніктер арасында алаңдаушылық тудырды.

«Bloomberg» экономистері Түркиямен қатар тауарларды Ресейге ауыстырып тиеу деп аталатын ықтимал орталықтардың бірі болып табылатын - Қазақстанға назар аударады.

«Қазақстанға келер болсақ, экспорттың басым бөлігі тыйым салынған тауарларды саудалаудан емес, тұрмыстық тауарларды тасымалдаудан туындауы мүмкін екенін көріп отырмыз», - деді олар.

Қорытындылай келе, «Bloomberg» сарапшылары санкциялар күтпеген салдарға әкелді деп санайды және ЕО-ның бұл мәселеге қазіргі көзқарасы идеалдан алыс.

Исаков пен ДиПиппоның пікірінше, санкциялардың тиімділігін неғұрлым қатаң шаралар арқылы, соның ішінде келісімшарттар үшін «Ресейге кері экспорттауға тыйым салу туралы ескертпе» деп аталатын жаңа бастама арқылы күшейтуге болады.

Әрине, Еуропа санкцияларды тиімдірек ету үшін қосымша күш-жігер жұмсауы керек. «Bloomberg» санкциялардың ЕО жағдайында күтілетін нәтиже бермеуінің негізгі себебі ретінде айқын экономикалық мүдделерді көрсетеді.

«Өте бай адамдар мен өте ірі кәсіпорындар бар, олар санкциялардың жұмыс істеуіне мүдделі емес және үкіметтер, өкінішке қарай, оларға құлақ асады», - дейді басылым.

Abai.kz

2 пікір