Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2418 0 пікір 5 Қараша, 2012 сағат 06:28

Нью-Йоркте сегіз жүз мың адам жарықсыз отыр

Өткен аптаның басында «Сэнди» дауылынан зардап шеккен Нью-Йорктың 800 мың адамы әлі күнге электр жарығынсыз отыр.

Сондай-ақ Нью-Йорк пен Нью-Джерси штатында  жанар-жағармай жетпей, май құю бекеттері ұзын-сонар кезекке толды.

Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг электр жарығы болмағандықтан жылусыз қалып қойған үйлердің тұрғындарын, әсіресе қарттарды арнайы ашылған жылы орындарда тұра тұруға шақырды. Қаладағы ауа-райы қазір нөл градусқа дейін төмендеген.

Қала билігі бүгінге жоспарланған дәстүрлі Нью-Йорк марафонын кейінге қалдырды. Дегенмен де жүздеген спортшылар өз бетінше жүгіріп, марафон кезінде мұқтаж адамдарға жәрдем көрсету жөнінде шешім қабылдады.

Дереккөз: azattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 579
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 313
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 322
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 335