Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2515 0 пікір 5 Қараша, 2012 сағат 04:23

Қажымұқан Ғабдолла: «Қазақтың тарпаң мінез танытып шыға келетіні бар...»

«Қазақ Елі» халықтық қозғалысының төрағасы, публицист, қазақ қоғамына қатысты мәселеге сергек қарайтын бүгінгі заманның ояу азаматы Қажымұқан Ғабдолла мырза кейінгі кездері жұрт назарын ерекше аударып тұрған жайттарға байланысты өз ойын ортаға салады. Тәуелсіз журналист Асылхан Әбдікәрімовпен әңгіме барысында ол біздің биліктің өзі Кеден Одағына ойыса кеткенінің қате болғандығын түсіне бастады деген пікір айтады.

***

- Қажеке, соңғы кезде Кеден Одағына кіруіміздің қате болғандығы, Еуразия Одағына үзілді-кесілді қарсылық, Халықтық референдум өткізу, Түркі дүниесінің бірлігі, Жаңаөзен сотының қорытындысы сияқты қадау-қадау мәселелер қазақ қоғамында қызу талқылануда. Бірақ, өзіңіз басқаратын «Қазақ елі» халықтық қозғалысының дауысы естілмейді. Неліктен?

- Кеден одағын құруға болмайтыны туралы Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков, Мұхтар Тайжан, Әміржан Қосанов, Рысбек Сәрсенбайұлы, Қабдеш Жұмаділов, Темірхан Медетбек, Ғаббас Қабышев, Болат Әбілов, Айдос Сарым тәрізді ұлтшыл азаматтар қатты сөз, қатаң пікірлерін аз айтқан жоқ. Тек, сол жігіттердің жанайқайын еститін құлақты құм басып, саңырау соқты.

«Қазақ Елі» халықтық қозғалысының төрағасы, публицист, қазақ қоғамына қатысты мәселеге сергек қарайтын бүгінгі заманның ояу азаматы Қажымұқан Ғабдолла мырза кейінгі кездері жұрт назарын ерекше аударып тұрған жайттарға байланысты өз ойын ортаға салады. Тәуелсіз журналист Асылхан Әбдікәрімовпен әңгіме барысында ол біздің биліктің өзі Кеден Одағына ойыса кеткенінің қате болғандығын түсіне бастады деген пікір айтады.

***

- Қажеке, соңғы кезде Кеден Одағына кіруіміздің қате болғандығы, Еуразия Одағына үзілді-кесілді қарсылық, Халықтық референдум өткізу, Түркі дүниесінің бірлігі, Жаңаөзен сотының қорытындысы сияқты қадау-қадау мәселелер қазақ қоғамында қызу талқылануда. Бірақ, өзіңіз басқаратын «Қазақ елі» халықтық қозғалысының дауысы естілмейді. Неліктен?

- Кеден одағын құруға болмайтыны туралы Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков, Мұхтар Тайжан, Әміржан Қосанов, Рысбек Сәрсенбайұлы, Қабдеш Жұмаділов, Темірхан Медетбек, Ғаббас Қабышев, Болат Әбілов, Айдос Сарым тәрізді ұлтшыл азаматтар қатты сөз, қатаң пікірлерін аз айтқан жоқ. Тек, сол жігіттердің жанайқайын еститін құлақты құм басып, саңырау соқты.

Мұхтар Тайжан білікті экономист ретінде Кеден одағынан қазақ оңбай опық жейтіндігін қаржылық есеп-қисабымен дәйектеп берді. Ал, Мұхтар Шаханов: «Тәуелсіздігімізге қауіп төнді!» - деп, дауысы жеткен жерге дейін жар салды. Бүгінгі таңда екі Мұхтардың да айтқандары айнымай келді: экономикалық тұрғыда шаш-етектен зиян шексек; жыландай жылжып, жақындап алған орыс билігі өктемдігін көрсете бастады...

Өз басым, қазақ және орыс баспасөзінде жарияланған Кеден одағы турасындағы сыни мақалаларды жинақтап, Астанаға бардым. Үкімет Кеңсесі арқылы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен жолығып, халықтың шынайы көңіл-күйін ауызба-ауыз түсіндіріп, жинақталған мақалаларды тапсырып кетпек болдым.

- Жолыңыз болып, жолықтыңыз ба?

- Көмекшілері бір-біріне сілтеп, «күні ертеңмен» күн артынын күн озып, ақыры, шаршадым. Бюрократия өлмейді-өшпейді екен, жаны сір екен...

Менің есімде қалғаны: Кеден Одағында 170 млн халқы бар үш мемлекеттің ортақ нарығы бірігіп, экономикамыз дамылсыз даму жолына түседі, деген ертегі...

- Таяудағы бір сөзіңізде Кеден Одағында «Қазақстан - ыдыс жуушы» депсіз?..

- Оныңыз рас. Мен былай дедім: Кеден одағын, «асхана» деп алсақ, онда Ресей - бас аспазшы, Беларусь - аға аспазшы, Қазақстан - ыдыс жуушы болып отыр...

Өйткені, биылғы жылдың алты айында Кеден Одағына кірген мемлекеттердің өзара сауда-саттық көрсеткіштерінде Ресейдің үлесі 66 пайызды, Беларусьтікі 24 пайызды, Қазақстандікі небәрі 9,6 пайызды құрап, Ресей 22,5 миллиард АҚШ долларының, Беларусь 8,1 млрд АҚШ долларының, Қазақстан бар болғаны 3,3 млрд АҚШ долларының өнімін сатқан. Бұл не деген сөз? Бұл - қып-қызыл шығынды шаруаға шалыс бастық деген сөз. Яғни, Қазақ Еліне соқыр тиын пайдасы жоқ Одақтың бізге керегі де жоқ!

- Қалай ойлайсыз: «Кеденге Қазақстанды жетектеп кіргізген Кәрім Мәсімов» деген сөздің қисыны бар ма?

- «Мен Елбасының мәңгілік көмекшісімін» деуден жаңылмайтын адам өз бетінше шешім қабылдай ала ма?..

- Жаңаөзен соты аяқталды. Козлов ұзақ жылдарға қапасқа кесілді. Қалай дейсіз?

- Ештеңе демеймін!.. Қапаста отырса да, Козловтың дені сау, кеудесінде жаны бар. Ал, қаншама қазақтың баласы бақилыққа аттанып кетті?!.

Сотталған адамды ақтап алу үшін шибөрідей шулаймыз, енді өлген адамның «өзі де, көзі де жоқ» деп, ұмытып кетуіміз керек пе? Жазықсыз бақиға аттанған  марқұмдардың денесін топыраққа көмгенімізбен, рухын көме алмаймыз ғой...

Жалпы, Жаңаөзен соты жөнінде менің басқалардан мүлдем бөлек, айрықша айтарым бар, қазір уақыты жеткен жоқ...

- Құдайға шүкір, қалай болғанда да, жауапкершіліктің басым салмағы түскен Мәсімов қызметінен кетті емес пе?

- Өзіңіз айтыңызшы: біз осыған қуануымыз керек пе? Күллі қазақ жабылып, бір адамды 5 жыл 8 ай 2 апта бойы омалған орынынан қозғалта алмадық... Қазір алыс кетті ме?.. Маңғыстау түбегі - әруақты аймақ, киелі топырақ. Пір Бекеттің байтақ елі. Атамыз қазақ: «Әруақ аттаған - оңбайды» дейді, ашыққан бала мен ашынған ананың көз жасын 7 ай бойы «көрмеген» көрсоқырлар көрде де тыныш жатпас...

- Қажеке, ішіңіздің зар мен запыранға толып қалғанын түсініп отырмын. Ащы сауалдар қою - маған да оңай емес. Айтыңызшы: Бүкілхалықтық референдумды «Қазақ Елі» халықтық қозғалысы қолдай ма?

- Тайлы-таяғымен, түгел қолдайды. Неге десеңіз, дәл қазір ел басына күн туып отыр. Меніңше, біздің биліктің өзі Кеден Одағына ойыса кеткенінің қате болғандығын түсінген сияқты. Бірақ, бүгін оқыс қимылдарға бару - анағұрлым қауіпті.

Еуразиялық Одақ - қазақты орға жығады. Тәуелсiздiгiмiздi тәрк етеді, еркіндігіміздің ебіл-дебілін шығарады. «Ортақ валюта, ортақ теміржол, ортақ тарифтер, ортақ мұнай бағалары» дегеніміз - қазақшалап айтсам - «ортақ өгіз» дегенмен бірдей. Ал, өгізде бір ғана қожайын болады. Данышпан бабаларымыз: «Ортақ өгізден - оңаша бұзауым артық» деген...

- Байқайсыз ба, қоғам қаншама сын садағына алса да, зиялы қауым өкілдері бұл жолы да мәселеден тыс қалып отыр ғой?..

- Астанадаға өз мерейтойына өзі қатыса алмай, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан Мұхтар Шаханов ағамыз Жазушылар одағының съезінде: «Президиум төріне озуға ұмтылғанда алдарыңа жан салмайсыңдар, ал, ұлт тағдырына қауіп төне қалса, басын құмға тыққан түйеқұс секілді үстелдің астына тығыласыңдар!» - депті...

Қазақтың еркіндігінің жиырма жылында қазақ тілінің мәртебесі үшін бүкіл Жазушылар одағы жабылып жүріп, бір Мұхаңның жасаған ісін жасай алмады!!!

Қазақ Елінің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Премьер-министр Сергей Терещенко мен оның Петр Своик секілді құйыршықтары қазақ тілінің тамырына балта шауып жатқанда, жұмған аузын аша алмаған қаламгер зиялы емес - зиянды!.. Осынау 20 жылда қазақтың Үкіметі де қазақ тілін терең меңгерген адамға жарымады. Тек Иманғали Тасмағамбетов қана таза қазақша білетін. Бірақ, Президент Әкімшілігіндегі келімсектер мен орысшыл шалақазақтар қазақ тілін өркендету жөніндегі Имекеңнің барлық бастамаларының жолын әрдайым кесіп отырды...

- Сөйтіп, Мұхтар Шахановтан басқаның бәрі зиянды болып шықты ма?

- Мен олай деген жоқпын. Әрбір қалам ұстаған адам Мұқаңдай мұқалмас жігерімен, қуатты рухымен ұлтына қызмет жасаса, қазір біздегі қазақ тілінің мәселелері де, ұлтымыздың басқа да толып жатқан мүдделері күн тәртібінен әлдеқашан алынып тасталған болар еді. Менің тоқетер ойым осы...

- Қажеке, өзіңіз орыспен шекаралас аймақта туып-өстіңіз. Елбасының «Түркі дүниесінің бірлігі» туралы әңгімесінен солтүстік көршіміз шорши-шошып, «шанышқысын» алып атойлап, шыға келді ғой...

- Күші басым «досының» айбалтасы болса, қазақта таптап өтер танкі болуы керек. Бұл қауіп туралы талай мәрте айтылды...

Қазір әлемнің қай түкпірінде де құлқын үшін күрес жүріп жатыр. Енді ертеңгі күннің сенімді кепілі - қара алтын. Қазақтың қара алтыны - мемлекеттік бюджетінің негізін құрап отырғанымен, өзге де қазынамыз телегей-теңіз. Оның үстіне, әлі ашылмаған мұнайлы кен орындарымыз аз емес. Ертеңге елеңіміз жоқ. Қара алтынымыздың жалпы өндіру көлемін 2017 жылға таман 102 млн тоннаға дейін өсіруге мүмкіндігіміз бар. Демек, қазақ мұнайының 25-30 пайызын өндіретін қытайдың да,  орыстың да қолына су құймаймыз!..

Нұрсұлтан Назарбаевтың орыстың жерінен түріктерге тура тартып, «Түркі қағанатының» құдіреті туралы, ұлтымыздың орыстың боданына айналғандығы турасындағы және «Барлық түркі халқы біріксек, біз қуатты одаққа айналамыз» - деген ащы да ақиқат сөздері жер бетіндегі 200 миллионнан астам түркі баласына қанат бітіріп, дүр сілкіндірді.

...Түркілердің бас қосуы, түркілердің ырысы мен ынтымағы - әлемдегі басқа жұрттардың иман-таразысын қалыпқа келтіреді...

Сондықтан, Кеден Одағы мен Еуразиялық Одаққа қарсылықтар еліміздің барлық өңірлерінде бой көрсетуде. Қазақтың момын болғанымен, ел тағдыры таразыға тартылар тұста тағыдай тарпаң мінез танытып шыға келетіндігін тарих талай рет дәлелдеген. «Бостандығымыздың басын байлап, бодандықтың қамытын қайта кимейміз!» - деп, әрбір қазақ аттандайды! Оған шүбәңіз болмасын!!!

- Әңгімеңізге рахмет!

Асылхан ӘБДІКӘРІМОВ

Тәуелсіз журналист.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 660
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 443
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 399
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 400