Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3219 0 пікір 5 Қараша, 2012 сағат 04:09

Әбдіуақап Қара. «Қаражорға» билемейтін жігітке қыз берілмейді»

«Қаражорға» биінің түркі елдері арасында ең көне биі екені анықталды. Би тарихының 2500 жылдан әріде жақтаны, оның шығу төркінінің көне түркілерге, оның аржағында сақтарға, үйсіндер мен ғұндарға  дейінгі сілемдерге кететіні белгілі болды. Мұны Қытайдың Гансу өлкесі Қаратау өңірінде 1970 жылдарда табылған петроглифтер айғақтауда.

Би билеген адамдардың басындағы шошақ баскиім мен оның төбесіне тағылған үкі де біздің салт-дәстүрге жақын екенін көрсетеді.

Қытайдағы «Шыңжаң қоғамдық ғылымдары» журналының бас редакторы, мәдениеттанушы, профессор Ясин Құмарұлының айтуынша, Қаратау петроглифтеріндегі би кескіндері төңірегіндегі археологиялық деректер, тарихи жазбалар және суретті салу тәсілі және ондағы бейнеленген мәдениет үлгілері сияқтыларға сүйене отырып, Жанго заманынан Хан династиясы дәуіріне (б.з.б. 475 ж. - б.з. 220 ж.) дейінгі сақтардың, иүзлердің (Нүкіс), үйсіндердің немесе ғұндардың туындылары деп тұжырымдауға болады. (http://www.baq.kz/diaspora/122)

Кеңестік кезеңде Қазақстанда ұмыт қалғанымен «қаражорға» биі Қытай, Монголия және Түркия сияқты елдерде тұратын шетел қазақтарының арасында жоғалмаған еді. Түркияда да қазақ диаспорасы «қаражорғаны» жаппай билейтін. Тіпті біздің жас кезімізде «қаражорға» билемеген жігітке қыз берілмейді» деген дәстүрлі талап та бар болатын.

Оның негізгі музикасы домбырамен орындалады. Бұл музика түркиялық зерттеушілер тарапынан бақсы музикасы ретінде емдік қасиеті бар деп қастерленуде. Міне сондықтан "ТҮМАТА" деп қысқаша аталатын Түркі халықтарының музикаларын зерттеу орталығы осы музика-күйді кейбір ауруларға шипа ретінде қолдануда.

1952 жылы Түркияға келіп орналасқан қазақтардың аталары 1960 жылдары Алтайдан келген жігіт «Қараоғлан» («Қаражігіт») деген кинода рол алған еді. Сол кино үшін қазақтар арнайы киіз үй де жасап берген. Қазақтың шапан, керей тымақ, мешпет сынды ұлттық киімдері сонда қолданылған. Фильмнің бір эпизотында қазақтар «қаражорға» биін де ойнап берген еді. Сол фильмде «қаражорға» күйін домбырасымен тартып отырған Қазақстанда шығыс жекпе-жегі - таэквондоның негізін салған марқұм Мұстафа Өзтүріктін әкесі Қәбен қажы болатын.

Сонымен қорыта айтқанда, «қаражорға» биін түркі халықтарының 2500 жылдық тарихы бар ең көне биі деп айта аламыз. Сақ, үйсін және ғұндар секілді көне түркілер мәдениеті соңғы дәуірлерге дейін  қазақ, қырғыз, башқұрт сынды халықтардың ортасында сақталып келгені мәлім. Ал солардың ішінде көне түркілердің биі «қаражорға» болса, тек қазақтар арқылы ХХІ ғасырға жетіп отыр.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 593
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 324
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 338
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 343