Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2737 6 пікір 6 Мамыр, 2022 сағат 14:32

БАҚ: Сағынтаев Ресейге елші болып барады

Қасіретті қаңтардан кейін отставкаға жіберілген Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалады деген хабар шықты. Бұл туралы Abzhan news арнасы жазады. 

«Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясындағы Елші болып тағайындалады деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Бұған дейін, Алматының экс-әкімі Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Руслан Бекетаевты алмастырады деген ақпарат тараған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы тұрғындары Алматы әкімі Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап еткен петиция жарыққа шығып, 20 мыңнан астам қол жинады. Желіде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетіп, орнына Бейбіт Атамқұловтың келе жатқаны туралы хабарлама тарады. Алматы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

31 қаңтар күні Қазақстан президенті Сағынтаевты отставкаға жіберіп, орнына Ерболат Досаевты тағайындады.

Abai.kz

6 пікір