Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 3678 12 пікір 11 Сәуір, 2022 сағат 12:35

Ресейдің жұмсақ күші: Кремльдің жаңа саясаты...

Ресейдің Украинаға соғыс ашуынан кейін әлемде геосаяси өлшемдер өзгерді. Ресеймен жасасқан көптеген келісімдерді мемлекеттер қайта қарап жатыр. Себебі Ресейге салынған санкциялар мен Ресейді оқшаулау процесі күшейді, сәйкесінше Ресейдің келісімдері өзінің өзектілігі мен перспективалық тартымдылығын жоғалта бастады.

Мысалы Қазақстан мен Ресей арасында электронды платформа жасау бойынша 2021 жылдың қыркүйегінде СБЕР келісімі жасалған болатын. Алайда АҚШ бастап, Еуропа қостаған Батыс елдері Ресейдің банк секторына санкцияны қарша боратты. Оyың ішінде Сбербанк те бар. Қазақстан бұл тұрғыда Сбермен келісім қалай іске асатынына қатысты нақты айтпаса да, келісімнің толық іске аспауы мүмкін екенін де білдірді. Бұған дейін Мусин: «Әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты министрлік бірнеше сценарийді қарастырып жатыр және әрқайсысына дайындалып жатыр. Қазір келісімге қол қою күн тәртібінде жоқ», - деген болатын. Демек құны 500 млн доллар болатын келісім іске аспауы да мүмкін.

Тағы бір келісім бар. Ол Ресей ЖОО-рының Қазақстанда филиалдарын ашу бойынша ақпан айында жасалған Ресей-Қазақстан арасындағы келіссөздер нәтижесінен шыққан еді. Президент Тоқаев «Қасіретті қаңтардан» кейін Ресейге іскерлік сапармен барып, артынша ресейлік ЖОО-ларды «Болашақ бағдарламасына» қосу және Ресейлік ЖОО филиалдарын Қазақстанда ашу туралы бастама көтерді. Президент 2025 жылға дейін Қазақстанда Ресейдің бес жетекші оқу орны ашылатыны жайлы мәлімдеді.

Қазірдің өзінде «Болашақ бағдарламасына» Ресейлік Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен келіссөздер жүргізіліп жатқаны жайлы ақпараттар бар.

Қазақстан үкіметі елде Ресей жоғары оқу орындарының филиалын ашу  келісімін мақұлдауға дайындалып жатыр. Оның алғашқы мәтіндері АШЫҚ НПА-да жарияланды.

«2022 жылғы 24 ақпанда Нұр-Сұлтанда дайындалған ҚР Үкіметі мен РФ Үкімет арасындағы келісімді – ҚР аумағында Ресей Федерациясындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және РФ аумағында Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы жасалған келісім – бекітілсін», - делінген Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасында.

Сонымен қатар филиалдардың қызметі қалай іске асатыны жайлы екі ел арасындағы келісім аясында жасалған 13 бап жарияланды. Ол төмендегідей:

1-бап

Осы Келісімнің мақсаттары үшін «филиал» ұғымы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметін жүзеге асыратын және осы Келісімде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының оқшауланған құрылымдық немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымының бөлімшесін білдіреді.

Осы Келісімнің күші жұмыс істеп тұрған филиалдарға, оның ішінде 2017 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының жұмыс істеуі туралы келісімнің негізінде жұмыс істейтін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалына және 1995 жылғы 4 тамыздағы Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мен Ресей Федерациясының Жоғары білім беру жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы «Байқоңыр» кешені үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан ғарыш техникасы саласында мамандар даярлау туралы келісімнің негізінде жұмыс істейтін «Мәскеу авиация институты (ұлттық зерттеу университеті)» жоғары кәсіптік білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің «Восход» филиалына қолданылмайды.

2-бап

Тараптардың осы Келісімді іске асыруға жауапты уәкілетті органдары:
Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

Ресей тарапынан – Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Білім және ғылым саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызмет болып табылады.

Тараптар Тараптардың осы Келісімді іске асыруға жауапты уәкілетті органдары атауларының өзгергені және (немесе) олардың функцияларының басқа органдарға берілгені туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда дереу хабарламалар жібереді.

3-бап

Филиалдар Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес құрылады және таратылады.

Филиалдары Ресей Федерациясында құрылуы мүмкін Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін және филиалдары Қазақстан Республикасында құрылуы мүмкін Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 21-отырысының шешіміне сәйкес құрылған білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссия (бұдан әрі – кіші комиссия) айқындайды.

Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының филиалы (бұдан әрі –Қазақстан филиалы) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының жарғысы және Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы бекіткен филиал туралы ереже негізінде жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымының филиалы (бұдан әрі – Ресей филиалы) Ресей Федерациясы жоғары білім беру ұйымының жарғысы және Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымы бекіткен филиал туралы ереже негізінде жұмыс істейді.

4-бап

Филиалда оқыту жүзеге асырылуы мүмкін кәсіптердің, мамандықтардың және даярлау бағыттарының тізбелерін кіші комиссия айқындайды.
Филиалдарда оқыту филиалдар орналасқан елдегі білім беру тіліне қойылатын талаптар ескеріле отырып, білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдар орналасқан елдің мемлекеттік тілі және тарихы міндетті түрде оқытыла отырып, Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін.

5-бап

Қазақстан филиалында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеруді аяқтаған және қорытынды (мемлекеттік қорытынды) аттестаттаудан ойдағыдай өткен білім алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттар беріледі.

Ресей филиалында жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды (мемлекеттік қорытынды) аттестаттаудан ойдағыдай өткен білім алушыларға Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі білім және (немесе) біліктілік туралы құжаттар беріледі.
Білім туралы құжаттарды тану Тараптардың мемлекеттері қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттарға және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6-бап

Филиалдың білім беру қызметін лицензиялау және аккредиттеу Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиясы және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес берілген білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде филиалдың Ресей Федерациясында орналасқан жері бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымы Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес берілген білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиясы болған кезде филиалдың Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан тарапының шешімі бойынша құрылатын Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдары үшін олардың қызметін лицензиялау жөнінде Қазақстандық тараппен өзге де талаптар белгіленуі мүмкін.

7-бап

Филиалдарда оқуға қабылдау Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8-бап

Филиалдардың қызметін мемлекеттік бақылау (қадағалау) Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9-бап

Филиалды құруды және оның жұмыс істеуін қаржылық қамтамасыз ету өзін-өзі қаржыландыру шарттарымен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес өзге де көздерден жүзеге асырылады.
Қазақстандық филиалдың қаржы-шаруашылық қызметі Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ресейлік филиалдың қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Инженерлік коммуникацияларды (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, кәріз) пайдалануға және оқу, оқу-көмекші, спорт алаңдары мен жатақхананы күтіп-ұстауға байланысты шығыстарды жабу филиалдың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

10-бап

Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты Тараптар арасындағы даулы мәселелер олардың арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
Осы Келісімді орындау процесінде туындайтын мәселелерді шешу кіші комиссияға жүктеледі.

11-бап

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Осы Келісім Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

12-бап

Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

13-бап

Осы Келісім бес жыл бойы қолданыста болады және егер Тараптардың бірде-біреуі кезекті кезең аяқталғанға дейін бір жылдан кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама жібермесе, келесі бесжылдық мерзімдерге автоматты түрде ұзартылады.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1465
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1325
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1075
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1124