Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2547 0 пікір 12 Қыркүйек, 2012 сағат 09:28

Көкпектідегі көзге ыстық, көңілге жылы көріністер

12 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Машпекұлы Сапарбаев жұмыс сапарымен Көкпекті ауданда болып қайтты. Облыстық құқық қорғау ұйымдарының басшыларымен бірге Тассай, Преображенка, Бастаушы ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізіп, әлеуметтік сала нысандарын аралады. Самар ауылындағы ауған соғысы ардагерлері саябағының ашылу салтанатына қатысты. Бұл сапарда аудан әкімі Д.М.Мусин, облыс прокуроры Б.Тәйімбетов, облыстық сот төрағасы А.Рахматулин облыс әкімімен бірге ауылдық округтерді аралады.

Тассай ауылындағы мәдениет үйінде ине шаншар жер жоқ. Бірінші қатарда самайын ақ қырау шалған ауыл ақсақалдары, кәсіпкерлер, шаруашылық қожалығының басшылары отыр. Залдағы адамдар облыстың құқық қорғау ұйымдары басшыларының қатысуымен өткізілетін кездесуді тағатсыздана күтіп отыр.

12 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Машпекұлы Сапарбаев жұмыс сапарымен Көкпекті ауданда болып қайтты. Облыстық құқық қорғау ұйымдарының басшыларымен бірге Тассай, Преображенка, Бастаушы ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізіп, әлеуметтік сала нысандарын аралады. Самар ауылындағы ауған соғысы ардагерлері саябағының ашылу салтанатына қатысты. Бұл сапарда аудан әкімі Д.М.Мусин, облыс прокуроры Б.Тәйімбетов, облыстық сот төрағасы А.Рахматулин облыс әкімімен бірге ауылдық округтерді аралады.

Тассай ауылындағы мәдениет үйінде ине шаншар жер жоқ. Бірінші қатарда самайын ақ қырау шалған ауыл ақсақалдары, кәсіпкерлер, шаруашылық қожалығының басшылары отыр. Залдағы адамдар облыстың құқық қорғау ұйымдары басшыларының қатысуымен өткізілетін кездесуді тағатсыздана күтіп отыр.

Облыс әкімі тассайлықтар алдында сөйлеген сөзінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бойынша атқару ұйымдарының басымдықтарына баса назар аудару керектігін атап айтты.
- Біздің негізгі міндетіміз - барлық тұрғындарды жұмыспен қамту. Ол адамдардың әл-ауқатын арттыруға және мемлекетіміздің дамуына да өте қажет. Әлеуметтік сала әрқашан ең маңызды мәселе болып қала береді. Осылайша, биыл облыс бойынша 26 апатты жағдайдағы мектептің орнына заман талабына сай, жаңа білім беру мекемелері  салынады. Экономиканың қарқынды дамуының арқасында көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік туды. Бірақ көптеген әлеуметік мәселелерді шешуде тұрғындардың белсенділігі, ауылдың қоғамдық-саяси өміріне қатысуы және шағын кәсіпкерліктің дамуы да маңызды рөл атқарады,-деді Бердібек Машпекұлы.

Облыс әкімі үгіт-насихат жұмысына, қоғамдық-саяси жарнамалар тақырыбына, аумақта мемлекеттік саясаттың орындалу барысы туралы тұрғындарға мағлұмат беруге ерекше назар аударды.
Аудан әкімі Д.М.Мусин ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөзінде өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерінің артқандығын атап айтты. Тамақ өнімдерін өндіру үш есе өсті, мал басы мен құстың саны да өсті. Көп жылдан бері алғаш рет негізгі капиталға инвестицияны тарту екі есе  өсті, құрылыс жұмысының көлемі де едәуір артты. Ауданда «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы іске асырылуда, тірек елді мекендер қарқынды дамып келеді.

- Қалыпты қоғамдық-саяси жағдай мен азаматтық қоғам субъектілерінің белсенділігі Елбасының біздің алдымызға қойған міндеттерін орындауға септігін тигізеді,-деді Дүйсенғазы Мағуияұлы.
Облыс прокуроры Б.Тәйімбетов ұлтаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылық Қазақстан жетістіктерінің негізін қалайтындығын атап айтты. Ол толеранттық пен халықтар достастығы қоғамдық-саяси өмірде, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруында ерекше орын алатындығын ескертті.

Тассай ауылдық округі қарқынды дамып келеді. Сондықтан облыс әкімімен кездесу барысында даму мәселелері көтерілді. Аймақ тұрғындарын таза ауыз сумен қамту мәселесі аудан әкімінің тікелей бақылауына алынған. Су қорын нақтылау жұмысы жүргізіліп, қажетті құжаттар Агенттікке жіберілді. Келесі жылы осы мәселеге қаржы бөлінеді деп күтілуде.

Кездесу барысында тұрғындар жылжымайтын мүлікті тіркеу, зейнеткерлік жас, шағын несие алу мәселелері, учаскелік инспекторға автокөлік беру туралы сұрақтарына толық жауап алды.
Ауыл ақсақалы Қуан Түсіпбеков Бердібек Машпекұлына облыс тұрғындарына жасап жатқан қамқорлығы үшін алғысын айтып, еңбегіне жеміс, денсаулық, Шығыс Қазақстан облысының гүлдене беруін тіледі. Облыс әкімі М.Әуезов атындағы орта мектебінде болып, қысқы жылу беру маусымына дайындық барысын, акт залы мен спорт залын, шеберханаларды аралап, мектеп асханасындағы оқушыларға арналған ас мәзірімен танысты.

Облыс әкіміне «Елім-ай-Көкпекті» жобасының жетекшісі С.Айтмолдин сатып алынған заманауи аграрлық техникасын және шетелден әкелінген асыл тұқымды «Герефорд» , «Ангус» ірі қарасын көрсетті. Сонымен қатар  ет өндіру шаруашылығын дамыту жоспарының іске асырылу барысымен таныстырды.

Көкпекті ауданындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті - аудан тұрғындарына сапалы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады. Орталық 2009 жылдың қараша айында құрылды, оған Меруерт Мәдинова басшылық етеді. 60 әлеуметтік қызметкер мен маман ауданның 228 тұрғынына әлеуметтік қызмет көрсетуде. Облыс әкімі орталық қызметкерлерімен, қызмет алушылармен әңгімелесіп, оларға су жаңа Газель автокөлігінің кілтін табыс етті.

- Мүмкіндігі шектеулі адамдар мен ардагерлерге қамқорлық жасау, олардың мәселелерін шешу мемлекетіміздің әлеуметтік басымдығы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасының нығаюының көрсеткіші ғана емес, ол қоғам адамгершілігінің өлшемі,- деді аумақ басшысы.

Облыс әкімінің Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі «Өрнек» ЖШС кеңсесінде өтті. Өндіріс басшысы Ержан Қойгелдин шаруашылықтың дамуы мен инновациялық агротехникалық технологияларды енгізу барысымен, Воздвиженка ауылында сүт өнімдерін өндіру кешенінің құрылысымен таныстырып өтті.

Ауылдық округінің әкімі Дәурен Қойгельдин қонақтарға  ТАЕМ құру аясында жобалардың іске асырылуы туралы айтып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргізудің маңыздылығына тоқталды.  Осылайша, Преображенка ауылында ең бірінші әлеуметтік мәселелерді шешуге көңіл бөлінді. Биыл мұнда Жеңіс саябағының, шағын футбол алаңы мен ойын алаңының  құрылысы аяқталуы тиіс. Келесі жылы мектепке, мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Ауыл көшелерін жарықтандырып, асфальт төсеу, жаңа балалар бақшасын салуға жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу де жоспарда бар.

Бердібек Машпекұлы ТАЕМ-нің негізгі мақсаты - ауылдағы өмірдің сапасын арттыру болып табылатындығын және ол тұрғындардың көптеген мәселелерін шешетіндігін атап айтты. Сонымен қатар, облыс басшысы ТАЕМ бағдарламасын іске асыруға  ауыл  тұрғындары белсенділік танытқандаға ғана ол өз жемісін беретіндігін ескертті.  Мемлекет әлеуметтік нысандардың құрылысына өте көп қаржы жұмсауда. Ал тұрғындардың міндеті - мәдениетті дамыту, ауылды абаттандыру, - деді Бердібек Машпекұлы.

Бастаушылықтар облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастап келген облыстық делегацияны  жөндеу жүргізілген мәдениет үйінде қарсы алды. Облыс басшысы өз сөзінде аудан мен облыс экономикасының экономикалық дағдарысқа қарамай, қарқынды дамуының басты аспектілеріне тоқталып өтті. Мемлекетіміздің басты құндылығы - ұлтаралық келісім, түсіністік, бейбітшілік пен достық. «Мұның барлығына Елбасының сындарлы саясатының арқасында қол жеткіздік»,- деді Бердібек Машпекұлы. Кездесу барысында облыс әкімі адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін қозғап, жастарды өз отбасының мүддесі үшін еңбектенуге, ардагерлерден үлгі алуға шақырды. Округ тұрғындарымен барлық өзекті мәселелер бойынша ашық әңгіме жүргізілді. Ардагер ұстаз Ж.Құжамбетова ауылда жаңа мектеп салу қажеттігін айтты. Бастаушылықтардың мақтан тұтар шәкірттері, «Алтын белгі» иегерлері  бар, ол мектептегі білім сапасының қазіргі заман стандарттарына сай екендігін дәлелдейді. Б.Сапарбаев осы мәселені зерделеу үшін арнайы комиссия жіберуге тапсырма берді. Көкжота орта мектебінің директоры Г.Қанғұлова оралмандардың баспана мәселесін шешуге көмек көрсетуін сұрады. Кездесу соңында Бердібек Машпекович мүмкіндігі шектеулі балаларға - Сарбасова Ақерке мен Кабидолда Мейрамбекке мүгедектер арбасын сыйлады.

Облыс әкімі мен облыстық құқық қорғау ұйымдарының басшылары Самар ауылындағы ауған соғысы ардагерлері саябағының ашылу салтанатына қатысты. Оны қалпына келтіру жұмыстары ТАЕМ құру бағдарламасы аясында жазда аяқталған болатын. Қонақтар мен самарлықтар қаза болған ауған соғысының ардагерлерін еске алып, 1 минуттық үнсіздік жариялады. Мемориалдық ескерткіштерге гүл қойды.

- Біз өз тарихымызды ұмытпай, келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. 20 мыңнан астам қазақстандық ауған соғысына қатысып, олардың тең жартысы еліне оралған жоқ, көбі мүгедек болып қалды. Бүгін біз олардың батылдығы мен ерлігінің алдында бас иеміз. Бұл қатал соғыс бізге сабақ болуы тиіс,- деді аумақ басшысы. Облыс әкімі аудан басшысына  өскелең ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар бұл шара үшін алғысын білдіріп, барлық тұрғындарға денсаулық, бейбітшілік пен келісім, молшылық тіледі.

Облыс әкімінің жұмыс сапары Самар ауылындағы спорт модулі құрылысының барысын тексерумен аяқталды. «Надал Трейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Д.Сужанов салынып жатқан нысанмен таныстырды. Нысан құрылысының сапалы болып, белгіленген кесте бойынша жүргізілуіне баса назар аударылды. Бердібек Машпекұлы колледж жатақханасында тұрып жатқан бір топ жастармен әңгімелесіп, олардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанатындарына сенім білдірді. « Сендердің араларыңда болашақ чемпиондардың бар екендігіне сенімдімін. Бірақ ол үшін қиындықтан тайсалмай, жалқауланбай, еңбек ету керек»,-деді облыс әкімі. Жастар әкімнің қамқорлығына алғыс айтып, еңбегіне жеміс тіледі.

Осы тұрғыдағы кездесу тәжірибелері түрлі салалардың түйінді мәселелерін жете зерделеп, оларды шешеудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді, қарапайым тұрғындардың мемлекеттік міндеттерді шешуге атсалысуына ықпал етеді. Сондай-ақ, азаматтық қоғам қалыптастырудың алғы шарттары деп ойлаймын. Қазіргі уақытта біздің алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Оларды жүзеге асыру үшін қажырлы еңбек, білім, жігер және ең бастысы, жұмыстағы бірлік керек.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2039
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2470
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2053
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595