Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5007 0 пікір 5 Қыркүйек, 2012 сағат 09:20

Заман білектінікі емес, білімді мен біліктінікі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында»  тақырыбында интерактивті дәрісінде өзінің «20 жылдық табысты әрі орнықты даму барысында Қазақстан өзінің тарихи мақсаттарына қол жеткізгендігі  туралы»   ой  толғаныстарымен  бөлісті.«Біздің халқымыздың тарихында бірінші рет қазақ даласында абсолютті халықаралық лигитимдікті пайдаланатын мемлекет өмірге келді» деп атап өтті. Президент мойындалған мемлекеттік егемендіктің - кез келген халықтың орасан зор әрі аса қымбат ресурсы екендігіне тоқталды.

Елбасы атап өткендей, бүгінде халық жалпы индустрияландырылған әлемге бет алды, ал онда «білім-ғылым-инновация» үштігі басқарады. Тұңғыш интерактивті дәріс-бұл Отанымыздың білім беру жүйесіндегі жаңа дәстүр. Заманауи ақпараттық технологиялар арқасында Семей қаласындағы барлық  білім ұйымдарына Мемлекет басшысының дәрісі тыңдалынды.  Елбасы өз дәрісінде бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады», - деді.

Семей қаласында тікелей көрсетілімді 68 мектеп, 9 мыңдай оқушы, 2800 мұғалім тыңдады.Педагогикалық ұжымдарда кеңестер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып,  онда Елбасының дәрісі талқыланып, 2012-2013 оқу жылының мақсаты айқындалды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында»  тақырыбында интерактивті дәрісінде өзінің «20 жылдық табысты әрі орнықты даму барысында Қазақстан өзінің тарихи мақсаттарына қол жеткізгендігі  туралы»   ой  толғаныстарымен  бөлісті.«Біздің халқымыздың тарихында бірінші рет қазақ даласында абсолютті халықаралық лигитимдікті пайдаланатын мемлекет өмірге келді» деп атап өтті. Президент мойындалған мемлекеттік егемендіктің - кез келген халықтың орасан зор әрі аса қымбат ресурсы екендігіне тоқталды.

Елбасы атап өткендей, бүгінде халық жалпы индустрияландырылған әлемге бет алды, ал онда «білім-ғылым-инновация» үштігі басқарады. Тұңғыш интерактивті дәріс-бұл Отанымыздың білім беру жүйесіндегі жаңа дәстүр. Заманауи ақпараттық технологиялар арқасында Семей қаласындағы барлық  білім ұйымдарына Мемлекет басшысының дәрісі тыңдалынды.  Елбасы өз дәрісінде бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады», - деді.

Семей қаласында тікелей көрсетілімді 68 мектеп, 9 мыңдай оқушы, 2800 мұғалім тыңдады.Педагогикалық ұжымдарда кеңестер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып,  онда Елбасының дәрісі талқыланып, 2012-2013 оқу жылының мақсаты айқындалды.

Бүгінде Қазақстанда балабақшадан жоғарғы білім саласы мен ғылымға дейін, оқытудың үдемелі сапа қатынасындағы барлық деңгейі, инновациялық оқыту жүйесінің қазақстандық үлгісін құруға орай барлық жағдай жасалған.

Семей қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі өзінің барлық қызметін Қазақстан Республикасының негізгі нормативті-құқықтық құжаттарына сай жүргізеді.

Біріншіден, балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиені қамтитын «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Білім бөлімі «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін  2010-2014 жылдарға арналған бірқатар шаралардың жоспарын талдап, бекітті.

Бала тууының артуы, қалаға қоныс аударушылардың көптігі мектеп жасына дейінгі мекемелерге кезектіліктің санын арттырып отыр.

2012 жылдың мамыр айында балалардың балабақшалар мен шағын орталықтарды бітіріп шығуына орай, жалпы кезекте тұрғандардан мектепке дейінгі балалар мекемесінен 1717 бала жіберілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда балаларды қамту бойынша 779 орынға артық. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие ұйымдарында және шағын орталықтарда  8810  бала бар немесе жалпы бала санының 85,6 пайызы.    Толық күн болатын балабақшалар мен шағын орталықтарға жолдама бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жыл 26 ақпанындағы № 140-ыншы «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарына жолдау үшін мектеп жасына дейінгі балаларды тіркеу» қаулысына сәйкес жалпы кезекте тұрғандардан бос орындарға жіберіледі.

Қала халқы балалар бақшасының  жаңа топтармен жасақталуын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар бола алады.

Мемлекеттік тапсырысты орындауда жан басына қаржыландыруды енгізу мектепке дейінгі ұйымдардың көбеюіне ықпал етті.

Мемлекеттік жекеменшік жобасының аясында 1430  орынға арналған                алты  балабақша құрылысы басталмақ. Нысанның құрылысы 2013 жылы салынады деп жоспарлануда.

Ел басының балаларды толығымен мектепке дейінгі білім берумен қамту тапсырмасы орындалып жатыр.

Елбасы «Халықаралық тәжірибе негізіне орай мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық және ерекше оқыту әдістерін енгізу керек. Бұның бір бөлімі, балабақшадан бастап үш тілде оқыту» деп атап көрсетті.

Екіншіден, жергілікті бюджет есебінен, 2012 жылы №26 мектепте спорт залының құрылысы басталды. Сондай-ақ, 2012 жылы  жасанды көгалмен жабдықталған шағын футбол алаңдарын № 15, №21, №36 және №9 мектептерде салу жоспарланып отыр

Осылармен бірге білім беру саласының келесі нысандарының жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр: № 34 орта мектепке шағын орталықты жалғастырып салу, Прииртышье ауылдық округіндегі жаздық сауықтыру лагерінің құрылысын бастау, №38 мектептің жылу  қазандығының құрылысын бастау. 2012 жылдың қыркүйегінде Новобаженова ауылындағы мектептің қазандығының құрылысын аяқтау жоспарда бар. Бұл бағдарламаның әкімшісі қала құрылыс бөлімі болып табылады.

Үшіншіден, 2012 жылы материалды-техникалық базаны дамыту үшінжәне мектеп жасына дейінгі мекемелердің ғимараттарын жөндеуге республикалық және қалалық бюджеттен 48 млн.551 мың теңге бөлінді, бұл  өткен жылмен салыстырғанда 38 млн. 257 мың теңгеге артық.

Барлық білім беру мекемелерінен 9 мектепте 82,909 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  2012 жылдың 27- тамызындағы мәлімет бойынша жұмыс 100 пайыз толық орындалды.

Ал ағымдағы жөндеу жұмыстары жобада көрсетілгендей  38 білім беру нысанында жүргізілді, оның ішінде 112, 644 млн. теңгеге 30 мектеп қамтылды. Сондай-ақ, барлық мектептерде ағымдағы ағарту-сырлау жұмыстары да болып өтті.

Бүгінде 33 нысанда ағымдағы жөндеу аяқталған, бұл дегеніміз 87 пайызды көрсетеді.

Жылу маусымына дайындық. Қалада 28 мектептің жеке қазандығы бар, бұндай мектептер барлық білім беру мекемелерінің 40 пайызын құрап отыр. екі  мектеп пешпен жылытылады. Ал 4 мектепте  жылу жүйелері мен қазандықтар барлығы  30,624 млн. теңгеге түбегейлі жөнделді. Қазіргі уақытта жұмыс 100 пайыз орындалған.

Қатты және сұйық отындар қажеттілігі  11 014,4 тоннаны құрап отыр, бұларды сатып алуға жергілікті бюджеттен  54,127 млн. теңге бөлінген. 12 мектепте отын сатып алу мен жеткізуге келісім-шарттар жасалды, бұл тапсырма 50 пайызға орындалды. Қалған мектептерде конкурстық мәселелер мен тапсырысты жеткізушілер жағы анықталуда. Көмірді жеткізу 2012 жылдың қыркүйегінен басталады. Сұйық отын тапсырысты жеткізушілердің арнайы ыдысында сақталады. Отынның бұл түрі қажет болған кезде мөлшермен жеткізіліп тұрады.

Төртіншіден, Семей қаласы мектептерін оңтайландыруға байланысты 3 мектеп жабылды, атап айтқанда, Қыземшек, Мұрат, Жазық ауылдарында 17 оқушының біріктіріліп оқытылуына орай және №42, №45 мектептердің қосылып, №45 мектептің аясында №42 мектеп интернат ашылды.  №10 балабақша-мектеп ясли-балабақша болып қайта құрылды.

Қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты 2012-2013 оқу жылдарында 68 мектеп бар, онда 37 492  оқушы қамтылған.

Бесіншіден, педагог мамандармен қамтамасыз ету  және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын атқару. Білім беру мекемелерін жоғары білікті педагог мамандармен қамту, оқу-тәрбие үдерісінің сапасына ықпал етеді. Жалпы білім беретін мектептерде 3750 мұғалім жұмыс істейді.

Қазақстан Президенті зияткерлік-инновациялық қуатты үш деңгейлі біліктілікті арттыру арқылы өсірудің қажеттілігін атап айтты.

2011 жылы қала мектептерінің  42 мұғалімі Кембридж бағдарламасы бойынша үшінші деңгейлі біліктілік арттыру курсын тәмамдап шықты. Қыркүйектің 1-іне дейін біліктілік емтихандарын сәтті тапсырған оқытушылардың  жалақыларына 30 пайыз қосымша үстеме қосылмақ.

Қыркүйектің 10-ынан бастап, Өскемен қаласысындағы  біліктілікті көтеру Өңірлік орталығында екінші кезең басталмақ, бұған 33 мұғалім қатысатын болады.

Алтыншыдан, жалпы білім беру мектептерінде НЗМ-інің стандарттарын енгізу қажет.

Жеке дербес «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ұйымының тәжірибелік жобасын енгізуге байланысты Қазақстан Республикасы бойынша қаламыздағы №25 орта мектеп болып белгіленген. Мектеп аясында Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірге тәжірибелерді таратуға байланысты арнайы оқытатын аймақтық   on-line конференциялар мен семинарларды өлшем жүйесінде жүргізу, компьютерлік технологияны қолдану, көптілділікті кіргізу және оқу үдерісіне жаңашыл ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары жоспарланған.

Жетіншіден, 2011-2020 жылдарға арналған ҚР Білім беру саласын дамытуға орай мемлекеттік бағдарлама аясында жан басына қаржыландырылу тетігі №10  орта мектепте енгізілген: «Мемлекеттік мекемелер арасында нәтижеге орайластырылған жоспарлауға бағытталған алғашқы білім беру ұйымы».

12 жылдық білім беру бағдарламасына көшуге байланысты №7, №21, Приреченск орта мектептерінде тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыс  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академия жетекшілігімен жүзеге асуда. Тәжірибе көрсеткендей, 12 жылдық білім беруді енгізу жаңа ұлттық білім жүйесіндегі стратегиялардың қазіргі замандағы даму кезеңдерінде аса тиімді.

Сегізіншіден, орта білім беру жүйесіндегі алғы жобалардың бірі - e-learning электронды оқыту әдісі болып табылады. ҚР Білім және ғылым министрлігінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша «e-learning» электронды оқыту жүйесіне 72 ұйым бекітілген. Оның 21-і Семей қаласында. Мектеп ғимараттарын лайықтау, әкімшілік пен педагогтарды оқытуғаға байланысты жұмыстар жалғасып жатыр. Биылғы оқу жылында 5 директор, 10 директордың орынбасары, 7 информатика оқытушысы Алматы қаласындағы  РИПКСО-ның аясында оқып келді. 94 мұғалім биыл Семейдегі осындай курстарды бітірді.

Тоғызыншы, тиімді оқытуды ұйымдастырудың бір шарты оқушыларды және тәрбиеленушілерді оқулықтармен қамтамасыз ету. Өңіріміздің жалпы білім беретін мектептерінде 70 кітапхана бар, бұл  96%, ал 41 мектепте 709 орынға арналған оқу залы бар. Жыл сайын кітапханалар кітаптармен толықтырылады.

Қалада оқушылар оқулықтармен екі бағытта қамтылады. Біріншісі мектеп кітапханаларынан қайтадан қайтарып беру үшін оқулықтар тегін таратылады, екіншісі жеке сатылымнан алу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жыл 19 ақпанындағы № 173 қаулысына сәйкес тегін  оқулықтармен,  ең алдымен көп балалы отбасылар мен тұрмысы төмен жанұялардың балалары қамтамасыз етіледі.

2012 жылы жергілікті бюджеттен 54008 мың теңгеге оқулықтар мен әдістемелік құралдар сатылып алынды. Оқушылардың оқулықтармен орташа қамтамасыз етілуі  - 93%.

Оқушыларды  тасымалдау. 2011-2012 оқу жылында 18 мектепке 1076 баланы автобуспен апару ұйымдастырылды.  Арнайы мектебі жоқ 46 елді мекенде 426 бала өмір сүріп жатыр. Тасымалмен  29 автобус айналысады. Автобустың 76 пайызы мектеп балансында, 20% -жалға алынған автобустар, 4 пайызы шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердікі.  Ал №22 мектепке, Бөкенші ОМ, Шақаман ОМ, Ысмаилов атындағы орта мектепке  оқушыларды жеткізу үшін 4 автобус алынды.

Тасымалды ұйымдастыру әлі күнге дейін маңызды мәселе болып тұр.       Оныншы, балалардың әлеуметтік қамтамасыздандырылуын дамыту. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, 2012-2013 оқу жылына дайындық бойынша және балалардың мектепке бармай қалуын болдырмас үшін барлық өңірлерде бірінші тамыздан бастап  қыркүйектің 30-ына дейін «Мектепке жол» акциясы жүргізіліп жатыр. Бұнда тұрмысы төмен отбасыларға кәсіпкерлер, мекемелер, жекелеген азаматтар көмек көрсетеді. Білім мекемелері бүгінде  1950 балаға 5 млн. 657 мың теңгенің көмегін көрсетті.

2012 жылы бір мезгіл ыстық тамаққа арнайы қор бойынша 82 млн. теңге  бөлінді.

«Мейірім» республикалық акциясының бастамасымен «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ата-ана қарауынсыз және жетім қалған балаларды қолдау үшін» 2011-2015 жылдары білім бөлімі мен мекемелерінде балалар үйінде тәрбиеленушілерді патронат отбасыларына бекітіп беру  жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда  94жетім бала мен ата-ана қарауынсыз қалған балалар қаладағы мекемелер мен ұйымдарға тіркелген.  Оның ішінде «Отбасы үлгісіндегі №8 Балалар үйі» тәрбиеленушілер қалалық білім, денешынықтыру және денсаулық бөліміне, қала мектептеріне  бекітілген.«Тұрғын үй жинақ банкісімен балалар үйінің тәрбиеленушілері есебіне 10,5 млн. теңге аударылған.

«Сендердің білімдерің-бұл сендердің еңбектенулеріңнің нәтижесі. Сендер көп еңбектенген сайын, өздеріңді-өздерің жетілдірген сайын айналаны мейлінше танитын боласыңдар. Біз білімді-мемлекеттің экономикалық қоры, өнірістің күш-қуаты ретінде қабылдаймыз. Сондықтан да білім саласын әлемдік стандарттарға жақындату үшін, ұлттық білім саласын жаңғыртуды  біртіндеп жүзеге асырамыз»-деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.

Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1164
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1066
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 799
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 925