Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 4561 14 пікір 17 Наурыз, 2022 сағат 13:18

Газ саудасы: Путин тағы бір көзірінен айырылды

Еуропа елдері Ресей газына тәуелді. Ресей мен Украина арасындағы соғыс пен Ресейдің Донецк, Луганск бүлікшілерін жеке мемлекет деп мойындауы Еуропа елдерін Мәскеуге қатысты қатаң шешімдер қабылдауға мәжбүрледі. Еуропа Ресейге ауыр санкциялар салып, Украинаға қару беруде. Бұл Еуропа нарығында газ бағасының өсуіне әсер етті. Германия «Солтүстік ағым 2» жобасынан түбегейлі бас тартты, оның өз салдары болары анық.

Алайда Еуропа Ресей газына байланып отыруды қаламайды. Оның үстіне Ресей мен өркениетті әлемнің арасындағы қақтығыс ушықпаса, қалыпты күйге келетін түрі жоқ. Сондықтан, Еуропалық қауымдастыққа Ресей газына балама табу ауадай қажет. Еуропа елдері Ресеймен қақтығыс ушықпай тұрып энергияның жаңа көздеріне көшу жоспарын жасаған болатын. Ол ауаны ластайтын энергия көздерінен құтылуды көздейтін жоспар. Дегенмен ол толықтай газды алмастыра алмасы анық және таза энергия көздеріне көшу үшін қыруар қаржы мен уақыт керек.

Газ тек қана жылыту жүйесі үшін емес, сонымен қатар өнеркәсіп кешендеріне де қажет. Еуропа экономикасының қуатты болуына да өз әсерін тигізеді. ЕО елдері газдың басым бөлігін Ресейден сатып алып келді. Ресейден бөлек Таяу Шығыс елдері мен Африка елдерінен де газ импорттайды. Дегенмен 2021 жылы Еуропа нарығындағы газдың  45%-ы Ресейлік импортқа тиесілі болған. Ол газдың басым бөлігі Украина аумағы арқылы өтеді. Тіпті, соғыс болып жатса да, қазірдің өзінде Украина аумағы арқылы Еуропаға күн сайын 109,5 миллион куб газ өтеді.

Соғыс газ бағасын шарықтатып жіберді. Rystad Energy сарапшыларының ойынша Ресей мен Украина арасындағы соғыстың салдарынан Еуропаға импортталатын газ көлемі 155 миллиард  куб метрге дейін төмендеуі мүмкін. Бұл дегеніміз Еуропа газының жылдық көрсеткішінің 30% құрайды.

Еуропа елдері ендігі уақытта қиын болса да Ресей газынан түбегейлі бас тартуды ойластыруда. Еуропа қазір 50 миллиард куб метр газды өзге жеткізушілердің құбырынан алуды келісті, ал 20 миллиард куб метр қуаттылыққа тең жнергия көзін жел станцияларынан алмақ. ЕО елдері Катар, АҚШ, Нигерия, Египет, Әзербайжанмен газ жеткізу бойынша қызу талқылар өткізуде. АҚШ тарапыны сұйытылған газ жеткізуге келісті және жыл сайын оның көлемін арттырып отырмақ.

Әзербайжан Еуропаға газ жеткізу бойынша келісімдерге келді. Ол Оңтүстік газ дәлізі арқылы іске асады. Газ алдымен Түркияға жеткізіліп, Түркия арқылы Еуропаға он миллиард куб метр газ жіберіледі. Дәліздің кеңейту мүмкіндіктері бар, сондықтан оның мүмкіндігін 31 миллиард куб метрге ұлғайтуға болады. Әзербайжан өз кезегінде Түркіменстан мен Иран газын алып, оны Еуропаға сатуды ойластыруда. Иран газын сатып алуды да жоспарлауда, алайда Иран мен Еуропа, АҚШ арасындағы ядролық бағдарламаға байланысты қарама-қайшылық тікелей келіссөз жүргізуге мүмкіндік бермейді.

АҚШ пен Катар Еуропаға сұйытылған газды жеткізу бойынша жоспарларын ұлғайтуда. Сондықтан Ресей Еуропа нарығы тарыла бастағанын ескеріп, газдың басым бөлігін Қытайға бағыттауды ойластыруда.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1793
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1501
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1400