Сенбі, 4 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 3327 18 пікір 16 Ақпан, 2022 сағат 16:14

Ресей ұраны: Бөліп ал да, билей бер!

Ресей Мемлекеттік Думасы Украина жерін бөлшектеуге негізделген жобаны ұсынды. Атап айтқанда, Украина шығысындағы ЛХР мен ДХР сепаратистік аймақтарын жеке мемлекет деп табуға ұсынған жобаға дауыс беріп, мақұлдады. Жоба ендігі таңда ел президенті Владимир Путинге жолданды.

ЛХР мен ДХР сепаратистік аймақтарын дербес ел деп мойындау туралы бастама желтоқсан айында нақты көтеріле бастады. Бұл Украина-Ресей арасындағы шиеленіспен тұспа тұс келеді. Ресей саясаткерлері: «Батысқа жауап ретінде оларды мойындап, орыс азаматтарын қорғайық», - деп ұсыныс тастады. Аталмыш ұсыныс бұған дейін де сан мәрте көтерілген болатын, алайда ол мемлекеттік маңызды орган шеңберінде бірінші мәрте қаралып отыр.

Почему олигарха Рината Ахметова и регионала Юрия Бойко прочат в главы ЛДНР - Газета.Ru

Ресей НАТО мен АҚШ-қа арнайы қауіпсіздік кепілдігі туралы ультиматум қойған еді. Желтоқсан айында ультиматум қойған Мәскеу, НАТО-ның шығысқа жылжымауын, посткеңестік елдерді НАТО-ға қабылдамауын, Украина мен Грузия НАТО-ға кірмеуін талап етті. Әрине, бұл талапты не НАТО, не АҚШ орындамайтынын анық жеткізді.

Ендігі таңда Ресей ЛХР мен ДХР-ды дербес ел ретінде мойындайтынын айтып отыр. Бұл халықаралық шарттарға сай емес және Украинадағы дағдарысты шешуге кері әсер ететіні анық. Нақтылап айтсақ «Минск келісімдері» түбегейлі бұзылуы мүмкін. ЛХР мен ДХРды мойындау туралы екі жоба ұсынылды. Бірінші жоба Коммунистік партия тарапынан ұсынылған жоба. Аталмыш жоба бойынша Дума қарап, артынша президентке қол қоюға жіберілуі тиіс. Екінші жоба билеуші партия тарапынан ұсынылған жоба. Ол жоба бойынша алдымен талқылау Думада өтіп, артынша СІМ кеңес өткізіп, содан кейін барып президентке қол қоюға жіберілуі тиіс. Бір қызығы коммунистік партия ұсынған жоба басым дауыспен жеңіске жетті және жоба қол қою мақсатында жедел түрде Путинге жіберілді. Осының өзі Ресей үшін бұл мәселенің тым күрделі әрі маңызды екенін көрсетсе керек.

Ресей үшін бұл алғашқы жоба емес. Мәскеу КСРО ыдыраған кезден бастап сепаратизм арқылы геосаяси ойынды жүргізіп келеді. 1991 жылы 5 қарашада КСРО-ның ыдырауы алдында Приднестровье Молдова Республикасы (ПМР) деп өзгеріс енгізілді. Бұл ретте КСРО барынша өзге жердегі бүлікші аймақтарды қолдауға тырысты, алайда экономикалық ықпалы аз болды. КСРО құлағаннан кейін, аталмыш аймақта соғыс өрті тұтанды. Оны Ресей тікелей қолдап, Еуропадағы өзінің бір ықпал аймағына айналдыруды көздеді. Әскери көмек, қару беріп отырды.

В осаде. Таможенная служба Молдовы планирует установить совместный с Украиной контроль на 13 пунктах пропуска на границе ПМР | Новости Приднестровья

2006 жылы ПМР-де референдум өтті, оның жарияланған нәтижелері бойынша сайлаушылардың 97,2% Ресейге қосылу үшін дауыс бергені анықталды. 2013 жылдың желтоқсанында Приднестровье Жоғарғы Кеңесі бірінші оқылымда Ресей Федерациясының мойындалмаған республика аумағында қолдану туралы заң жобасын қабылдады. 2014 жылдың наурызында Приднестровье Жоғарғы Кеңесі Ресейдің Мемлекеттік Думасынан мойындалмаған республиканың Ресей құрамына кіруіне мүмкіндік беретін заң әзірлеуді сұрады. 2020 жылдың 7 ақпанында Молдова президенті Игорь Додон өзінің бейне үндеуінде Кишинев ұзаққа созылған қақтығысты шешу үшін ПМР-де ауқымды автономия беруге әзір екенін айтты. Ол Приднестровьенің Молдовасыз болашағы жоқ екенін мәлімдеді. Әрине, бұл ұсынысы үлкен дау тудырды. Ресей қазіргі уақытта Приднестровье жеріне өзінің әскери күштерін орналастырып, Украинаның батысына соққы беруге дайындалу үстінде.

Мәскеу 90-жылдары тағы бір аймақтағы қақтығысты қолдады. Ол Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс болатын. Әзербайжанға тиесілі Қарабақ аймағын Армения отарлап алуына Ресейдің әскери күштері ықпал етті. Ал араға 25 жыл салып, Қарабақ жері азат етілген сәтте, Ресей «бітімгерлік күштері» деген сылтаумен аталмыш аймаққа өз әскери күштерін орналастырды.

Операция «Меч»: как началась война в Абхазии в 1992 году - Русская семерка

90-жылдары Грузияда этникалық қақтығыстар ушықты. Абхазия және Осетияда Ресей жергілікті күштердің сепаратизм әрекетін қолдады. 1994 жылдан бастап Грузия-Абхазия соғысы болды. 1999 жылға дейін қызу фазада өткен әскери қақтығыстар, 2008 жылы Ресейдің итермелеуімен қайта жанданды. Ресей 2008 жылы, 8 тамызда «Осетияға Грузия соғыс ашты» деген жалған ақпартты желеу етіп, тәуелсіз елге басып кірді. Артынша екі аймақты отарлады. Грузия бұл аймақтарды отарланған жерлер ретінде танып, арнайы заң қабылдады. Бұл тура Қырым жағдайына ұқсас еді.

Ресей осылайша сепаратистік аймақтарды қолдап, өзінің геосаяси ойынын жүргізіп келеді. Әрине, бұл оның бір құралы. Сепаратизм пайда болған елге ықпал ету рычагы. Дегенмен Мәскеу үшін оның кері салдары да жетерлік. Санкциялар, халықаралық оқшаулау да осы агрессиялық саясатының жемісі.

Ка Мырза

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1164
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1066
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 799
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 927