Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Айқай 3294 11 пікір 10 Ақпан, 2022 сағат 13:49

Түрмеден хат. Нарымбай неге ұсталды?

Саяси белсенді Ермек Нарымбай 2016 жылы Қазақстаннан Украинаға кетуге мәжбүр болған еді. Ол араға алты жыл уақыт салып, "Қасіретті қаңтар" оқиғасынан кейін елге қайтатынын мәлімдеді.

Алматыға 6-ақпан күні үшып келген Ермек Нарымбай әуежайда тұтқындалды. Оны әуежайда елуге шақты адам қарсы алу мақсатында күтіп тұрған болатын. Белсендіні тұтқындағанын естіген жиналушылар оның босатылуын талап етті.

Ол елге оралмас бұрын: "Жақында Алматыға қайтамын. Қоғам мен билік арасында диалог орнайтынына сенімдімін. Диалогтың ақ туын көтеріп барамын. Балалармен кездесу мүмкіндігі бола ма, жоқ па әзірге белгісіз",  деп Киев әуежайынан ұшар алдында мәлімдеме жасады. Ол Қазақстанға келе сала тұтқындалуы мүмкін екендігін де жоққа шығармады.

Бүгінде тергеу изоляторында отырған Ермек Нарымбай арнайы хат жазыпты. Махамбет Абжанның телеграм-арнасында жариялаған хатта Ермек Нарымбай өзі жатқан камераның сызбасын сызып, өлшемін аяқ киіммен көрсеткен. Төменде көрсетілген қағазда ол 1 аяқ киімнің – 26 см екенін, камераның ені мен ұзындығы 12*9 аяқ киімге теңдігін жазыпты.

Ермек Нарымбай өзін Алматы қаласының әуежайынан қалай ұстап алып кеткенін де хатта жазып көрсеткен. "Әуежай. Ұшақтан түсе салысымен әуежай ғимаратының екінші қабатынан шықтым. Бірінші қабатқа түсіп бара жатып 7-8 азаматтық киімдегі ҰҚК, ІІД қызметкерлерін көрдім. Олар менің артымнан жүріп отырды. Бірінші қабатта азаматтық киімдегі екі әйел адам ұшып келушілердің ПЦР-тестін тексеріп жатты. Осының барлығы кедендік бақылау алдында кезек тудырды. Аяқ астынан мені залдағы офицер оң жақтағы ең шеткі кабинетке өтуімді сұрады, ал мен ел көп шоғырланған ортадағы кабинетке кірмек болып тұра бердім. Залда болған офицер кезектегі барлық адамдарды бос кабинеттерге бөле бастады, мен сол кезде жаңағы оң жақ шеткі кабинетке кірдім. Кірген кезде бетперде мен көзілдірігімді шешуімді сұрап, веб-камераға түсіріп алды, төлқұжатыма штамп қойып оны сол жерге келген офицерге берді. Ол маған Қазақстан аумағынан қалай шығып кеткенім туралы бірнеше сұрақ бар екендігін айтты. Бөлмеде 7-8 қызметкер болған еді. Олар менің қолыма кісен салып Си-18 мекемесіне алып кетті," - делінген хатта.

Бір аптадан кейін Ермек Нарымбайдың қайда жазасын өтейтіні анықталуы тиіс. Оның қорғаушысы саяси белсендіні Заречный ауылының маңындағы абақтыға жіберуі мүмкін екенін айтуда.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1826
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1848
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1553
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1433