Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4810 0 пікір 17 Қыркүйек, 2012 сағат 10:26

ЖЕКЕМЕНШІК ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ «ЖЫРЫ»

Осыдан бес-алты жыл бұрын аяқ аттап бассаң, институт, университет былай тұрсын, аты дардай академиялық оқу орындары қаптап кеткен еді. Тіпті ауылдағы ағайын баласын алысқа жібермей-ақ шағын ауданнан ашылған бес-алты бөлмелі ғимаратта ақылы оқытып, табақтай дипломға қол жеткізіп жатты. Біреуге шынайы білім керек, енді біреуге «оқыды» деген аты ғана. Ал шын мәнінде алаяқтар жер-жерден түрлі оқу орнын ашып, сандаған адамды сан соқтырып кеткен жоқ па?
Әрине, бұл жерде халықтың да кінәсі бар. Баласын жылына 200-300 мың төлеп оқытатын оқу орнының лицензиясы бар ма, жоқ па? Мұны тексеруге келгенде құлықсыздық танытады. Әйтеуір оқыса болды. Халық мұның зардабын шындықтың су бетіне шыққан кезінде тартты. Осыдан үш-төрт жыл бұрын билік тарапынан жіті тексеру болған кезде әлгіндей саны бар, сапасы жоқ жекеменшік оқу орындарының есігіне қара құлып салынған болатын. Мәселен, еліміз Тәуелсіздік алған жылдары 60 жоғары оқу орны болса, 2005 жылы оның саны 185-ке жеткен. Ал оқу орындарын есепке алып, қысқарту қолға алынған кезде бірден 148-ге азайтылды.

Осыдан бес-алты жыл бұрын аяқ аттап бассаң, институт, университет былай тұрсын, аты дардай академиялық оқу орындары қаптап кеткен еді. Тіпті ауылдағы ағайын баласын алысқа жібермей-ақ шағын ауданнан ашылған бес-алты бөлмелі ғимаратта ақылы оқытып, табақтай дипломға қол жеткізіп жатты. Біреуге шынайы білім керек, енді біреуге «оқыды» деген аты ғана. Ал шын мәнінде алаяқтар жер-жерден түрлі оқу орнын ашып, сандаған адамды сан соқтырып кеткен жоқ па?
Әрине, бұл жерде халықтың да кінәсі бар. Баласын жылына 200-300 мың төлеп оқытатын оқу орнының лицензиясы бар ма, жоқ па? Мұны тексеруге келгенде құлықсыздық танытады. Әйтеуір оқыса болды. Халық мұның зардабын шындықтың су бетіне шыққан кезінде тартты. Осыдан үш-төрт жыл бұрын билік тарапынан жіті тексеру болған кезде әлгіндей саны бар, сапасы жоқ жекеменшік оқу орындарының есігіне қара құлып салынған болатын. Мәселен, еліміз Тәуелсіздік алған жылдары 60 жоғары оқу орны болса, 2005 жылы оның саны 185-ке жеткен. Ал оқу орындарын есепке алып, қысқарту қолға алынған кезде бірден 148-ге азайтылды.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мырза бұдан былай оқу орындарына деген талаптың күшейтілетіндігін айта келе, «Қазақстан мемлекеттiк емес секторға да теңдей жол ашып, жоғары бiлiм берудi әртараптандыруға көшкенi мәлiм. Әлемдiк қауымдастық бұл қадамды жоғары бағалады. Алайда бұның соңы жақсылыққа апармады. ЖОО-дардың қисапсыз өсуi бiлiм берудiң сапасына керi әсерiн тигiздi. Тексерiс барысында университет атын жамылған бiлiм беру ошақтарының бiрқатары оған лайық емес екендiгiн көрсеттi. Сондықтан қатаң талап тек жекеменшiк ЖОО-дарға ғана емес, мемлекеттiк оқу орындарына да қойылады», - деген болатын. Бұдан соң болашақта тек арнайы сұрыптаудан өткен 50 шақты оқу орны ғана сапалы білім береді деген әңгіменің шеті де қылтиған. Тіпті былтыр мемлекеттік тапсырысты конкурстық негізде орналастыру тетігі енгізіліп, грант бойынша оқыту құқығы қатаң талаптарға сәйкес келетін 85 жоғары оқу орнына ғана берілгенде, кейбір мамандар сол 85 ЖОО-ын ғана қалдыру керектігін де айтып қалды. Бірақ мұнымен келіспейтіндер де жетерлік. Қарапайым жұрт грантқа ие алдыңғы оқу орындарында білім алу ақысының қымбаттығын айтады. ҰБТ-дан бөлек кешенді тестілеу тапсырғандар да гранттан дәмелі. Өтпегені тағы да ақылы оқу орнына жол тартады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жастардың 65 пайызы ақылы білім алады екен. Сорақысы сол, бұл баға жыл сайын 15 пайыздан 30 пайызға өсіп отырады.

ҚАЗАҚСТАНДА МАМАНДЫҚ АЛУ ҚҰНЫ ҚАНША?

Демек, елімізде ақылы білім алу едәуір қымбаттап барады. Әр өңірдің белгілеген өзіндік құны да бар. Ал баласының білім алып, маман иесі атануын мақсат еткен ата-ана несие алып немесе баспанасын сатса да, нартәуекелге дайын. Бірақ оларды оқу бағасының жыл сайын шарықтап кететіндігі қынжылтады.
Алматы - жастардың қаласы. Мұнда білім алғысы келмейтін жас жоқ шығар, сірә?! Студенттік өмірдің қызықты сәттерін әсем қалада өткізу қаншама жанға арман болғанын білсеңіз ғой. Ару қаламызда жыл сайын шамамен 250 мың студент білім алса, оның көпшілігі басқа өңірден келгендер. Қазір жатақхана мәселесі күйіп тұр. Орын бұйырмағандары бірігіп, кем дегенде 40-50 мың теңгеге бөлме жалдауына тура келеді. Бұған күнделікті тұтынатын азықты қосыңыз. Айына орташа есеппен 30 мың теңге тек тамаққа ғана кетеді. Ал оқу ақысына келсек, заңгер немесе қаржыгер болуға ұмтылғандар жылына - 635 800 теңге, ал медициналық мамандықты таңдағандар - 780 600 теңге төлеу қажет.
Қызылорда қаласы да бағаны өсіруден қалысар емес. Қорқыт-ата атындағы мемлекеттік университетінің өтімді мамандықтарына деген сұраныс артқандықтан ба, жаңа оқу жылынан бастап оқу құны екі есеге қымбаттапты. Күндізгі бөлім бойынша - 342 900 теңге, сырттай бөлімде - 195 мың теңге төлейді. Мұнда әсіресе, педагогикалық мамандықты дайындау қымбат екен. Ұстаз деген қасиетті атқа ие болғысы келген студент жылына - 443 300 теңге құюы керек.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, оқу ақысы еліміздің батыс өңірлерінде арзан көрінеді. Мәселен Ақтөбеде педагог мамандығы - 350 мың теңге болса, заңгер мен қаржыгер факультеті - 343 мың теңге. Есесіне, дәрігерлік мамандықтың бағасы ұшып тұр. Жылына 609 мың теңге тек оқу ақысына кетіп отырады. Әрі бұның жыл сайын көтеріліп тұратынын ұмытпау керек. Бұл Қарағанды және Астана медициналық университетіне тән жағдай.
Арзан білім Таразда бар. Мұндағы жекеменшік оқу орындарында 60 мың теңгеге де заңгер атануға болады екен. Ал оның сапа жағына күмән тудыратын сияқты. Мемлекеттік жоғары оқу орындары аузын айға білеп тұр.
Елімізде оқу ақысы және өмір сүру жағынан Астана қаласы көш басында. Елордада білім алуға барған жастар көп қиындыққа тап болып жатқаны айқын. Заңгер мамандығы - 450 мың, кеден ісі - 370 мың, экономикалық мамандық - 390 мың теңгеге жетіп жығылады. Әзірге бас қаладағы ең қымбат оқу орны - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Ақылы бөлімде оқитын студенттің ата-анасы жылына - 630-690 мың теңгені тірнектеп жинауы тиіс. Одан бөлек дәл осы оқу орнында жатақхана таба алмай жүрген жастар көп. Ал Астанада пәтер жалдап тұруға студент тұрмақ, жұмысы бар адамның шамасы жете бермейді.
Міне әр өңірдің жағрафиялық орналасуы мен тұтыну қабілетіне қарай бағасы да әрқалай. Сондықтан да кейбір ата-ана мейлінше баласын ақысы арзан оқу орнына түсіруге тырысады. Ал оның сапасына үңіліп жатқан ешкім жоқ.
Бүгінде бірқатар жекеменшік оқу орындарын біріктіріп, тағы да он шақты оқу орнын жабу көзделуде. Кезінде ЖОО-ларға лицензияны оңды-солды таратқан министрлік осындай қадамға барып отыр. Осылайша халықаралық стандарттарға сай емес оқу орындарынан жыл санап береке кете бастағаны белгілі.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

"Түркістан" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 825
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 667
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 527
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 537