Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2476 0 пікір 11 Қыркүйек, 2012 сағат 09:57

Бәрі де еңбекке байланысты

ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесінің мәжіліс залында Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған отырыс өтті.

-Еңбек - әлемнің әміршісі, - деді басқосуды ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов - Сондықтан батыстық «тұтынушылық» қоғамның «мұраттарын» мансұқ еткен, жасампаз және өндірімді еңбек үстем болатын жалпыға ортақ қоғамды алдыңғы орынға шығарушы Елбасы мақаласының маңызы айрықша. Демек, өмірдің қай саласында да жасампаз еңбек жоғары тұруы тиіс. Осы мақалада атап көрсетілген өмірдің сапасының жақсаруы да тек адал еңбекке байланысты. Егер бәріміз жұмылып еңбек етсек, өмір де көрікті, жарлы-жақыбай да аз, содан туындайтын сан алуан әлеуметтік мәселелердің туындамасы да сөзсіз.

-Аталмыш бағдарламалық мақаланың 9-тармағында кәсіподақтарға орынды сын айтылған. Әрине, оны мойындаймыз. Бір жағынан, бұдан көп жыл бұрын қабылданған, әбден ескірген кәсіподақтар туралы заңның да кері әсері бар. Қазір жаңа заң даяр тұр. Құдай қаласа, келесі жылы қабылдануы тиіс. Сондай-ақ жасампаз және өнімді еңбектің салтанат құруына мүмкіндік беретін үшжақты әлеуметтік келісімнің (ресми билік, кәсіподақ, жұмыс беруші) өңірімізде жүйелі орындалуын қадағалап, жекелеген ұжым басшыларының есебі тыңдалынып отырады. Бүгінде облыста 59 мың кәсіподақ мүшесі 12 салалық ұйымға біріккен. Келесі жылы қабылданатын жаңа заң бойынша кәсіподақ ұйымы кез келген еңбек ұжымында құрылмақ, - деді өз кезегінде сөз алған облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Нұрберген Байемеров.

Басқосуда сөз алған жазушы Энгельс Ғаббасов, соғыс және еңбек ардагерлері Қалам Сүйінішәлиев, Ғазиз Хаймулдин және басқалары Елбасымыз Н.Назарбаевтың қоғамға жол сілтейтін бағдарламалық мақаласына байланысты көкейінде жүрген ой-пікірлерімен бөлісті.

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің екінші курс студенті Ербол Байғалиев биыл еңбек семестріне қатысқанын және еселі жұмысының арқасында 50 мың теңгеден астам жалақы алғанын айтты.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1657
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1590
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1329
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1271