Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2486 0 пікір 10 Қаңтар, 2022 сағат 12:23

Жамбыл облысы Полиция департаменті басшысы қайтыс болды

Таразда Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы, генерал Жанат Сүлейменов қайтыс болды. Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

"Жанат Сүлейменов қайтыс болғаны рас. Бірақ қандай жағдайда қайтыс болғаны анықталып жатыр", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Жанат Сүлейменов 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді. Түрлі жылдары есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттерді, криминалдық полицияны, көліктегі полиция департаменттерін, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарды. 2017-2019 жылдары Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Жанат Сүлейменов 2020 жылдың ақпан айында Қордай ауданындағы оқиғалардан кейін тағайындалған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 552
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 286
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 317