Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3837 0 пікір 16 Тамыз, 2012 сағат 09:00

Камалжан Тұрдыбаев. Көп тілеуі қабыл болсын!

Құранның әрбір әрпіне он сауап жазады деген Пайғамбарымыз, ал Қасиетті Рамазан айында Құран-Кәрімді намаз ішінде қатым етудің жөні бір бөлек екені белгілі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен, Түркия діни істер басқармасының арасындағы келісім-шарт бойынша Қасиетті Рамазан айында құранды бастан аяқ оқып, қатым еткен қариларымызға Алла разы болсын. 114 сүре, 6666 аят, 380005 әріптің болған сауапты, Алла тағаладан қабыл болуын тілеп дұға қылған Семей жұртшылығы, өкіл имам Ержан қажымен бірге, еліміздің іргесі аман болуын, тыныштығымыз тұрақты болуын, береке-бірлігіміз жарасып, қуаттана беруді нәсіп етсін деп, Аллаһ тағала әр түрлі табиғи апаттардан, қауіп-қатерлерден сақтасын деп дұға етті. Дініміз тұрғысында 30 пара құран аударылған жерде береке болады деген. Осы мақсатта әр облысқа қарилардың келуін қамтамасыз етіп отырған, дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазретке жамағат алғыстарын білдіріп, баталарын жаудырды.

Сонымен қоса, Семейлік мұсылмандар биылғы Рамазан айының Қадыр кешін ерекше өткізді.  Өкіл имам тарапынан қаланың барлық мешіт имамдарына, Қадыр кешіне байланысты алдын-ала тапсырмалар берілген. Қадыр түннің бағдарламасы теле арнадан бір жеті бұрын хабарланды. Сол себептен Қадыр түнін қалалық ТВК-6 арнасы арқылы қарсы алатын көрерменмен, мешітке келіп қарсы алатын жамағат арасында бір  байланыс орнады десек артық айтқандық емес.

Мешітте жүріп жатқан қадыр түннің бағдарламасын үйде отырып тамашалауға, көрермендерге биылғы жылы үлкен мүмкіндік жасалды. Қадыр кешіндегі балалар арасынан өткен құран жарысы, беріліп жатқан ауыз ашар, айтылып жатқан имамдардың уағыз насихаты, жамағаттың арасында өткізілген сұрақ-жауап сайысы, барлығы көрермен назарында болды. Тіпті арна арқылы жарияланған видео сауалдармен, сайт арқылы жолданған сұрақтарға дәл уақытында өкіл имам жауап беріп отырды. Сәресінің дұғасын жасап, эфирді жабу үшін студияға барған өкіл имам осындай сауапты іске ат салысып, халыққа мүмкіншілік тудырған ТВК-6 теле арнасының басшылығымен, шығармашылық ұжымына табыс тіледі.

Ержан қажы тікелей эфир арқылы барша мұсылман қауымын Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз, Қадыр түніндегі тілеген тілектеріңіз қабыл болып, келесі жылдың оразасын аман-есен көруді нәсіп етсін деген тілектестік сөзін жеткізді.

Камалжан Тұрдыбаев

Семей аймақтық орталық мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1115
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1014
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 752
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 862