Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2906 0 пікір 16 Тамыз, 2012 сағат 07:57

Есенғазы Қуандық. Жоғарғы оқу орындарындағы сыбайластық қашан жойылмақ?

Білім және ғылым министрі

Бақытжан Жұмағұловтың назарына!

 

 

 

Бердібаев Рәт Шындалыұлы

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің

Базалық білім беру  институтының «су жаңа» директоры

 

Қорғаған кандидаттық диссертациясының ғылымға қосары шамалы, Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жоғарғы аттестациялық комитет бекіткен талаптарға да сай емес.

Сонда бұл кандидаттық диссертация қалай қорғалып, қалай сол ЖАК- тан бекіген деген заңды сұрақ туады. Бұл жерде тамыр-таныстық, сыбайластық белгілерінің ізі байқалады.

Бердібаев мырза қорғаған соң аяқ астынан жоғарыда аталған Институтқа директор болып отыра қалды. Оны бұл креслоға кім қалай отырғызды? Жалған ғылыми «еңбегі» үшін бе әлде...

Білім және ғылым министрі

Бақытжан Жұмағұловтың назарына!

 

 

 

Бердібаев Рәт Шындалыұлы

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің

Базалық білім беру  институтының «су жаңа» директоры

 

Қорғаған кандидаттық диссертациясының ғылымға қосары шамалы, Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жоғарғы аттестациялық комитет бекіткен талаптарға да сай емес.

Сонда бұл кандидаттық диссертация қалай қорғалып, қалай сол ЖАК- тан бекіген деген заңды сұрақ туады. Бұл жерде тамыр-таныстық, сыбайластық белгілерінің ізі байқалады.

Бердібаев мырза қорғаған соң аяқ астынан жоғарыда аталған Институтқа директор болып отыра қалды. Оны бұл креслоға кім қалай отырғызды? Жалған ғылыми «еңбегі» үшін бе әлде...

Аталған директор қаншама ғылымның ыстық суығын көрген тәжірибелі нағыз докторлар мен кандидаттарға басшылық жасап  «ақыл» айтуда. Осындай «ақылын» мен де естідім, тіпті маған қиянат жасап, креслоға отырғызған лауазым иелеріне жақсы көріну мақсатымен мені-тарих ғылымдарының докторы профессор, бірнеше оқулықтың авторы  Есенғазы Қуандықты екінші рет жалған жала жауып  кафедра, институттың ғылыми кеңесіне яғни жиналыстарға салып жұмыстан шығартты.

Ал енді директордың осы әрекеті қаншалықты заңды, адамгершілік нормасына  лайықты ма, бірнеше оқулықтың авторы мені дәріс оқытудан шектегенде өздерінің  жеке бас мүдделерін ғана ойлағандығынан жасағандарына ертең қалай ақталады? Соған жауап алу мақсатында  ДИРЕКТОР мырзаның  қаншалықты білімді ғалым екенін жұртшылыққа жариялауды жөн санадым. Өйткені олардың балаларына қандай адамдар білім беретінін жұртшылық білуге құқылы, бұл конституцияда бекітілген норма.

23.00.02. Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процесстер мен технологиялар.

 

Ғылыми жетекшілер:

Саяси ғылымдарының докторы  Андиржанова Г.А.

Философия ғылымдарының докторы, профессор Сыдықов Ұ.Е.

 

Қазақстан Республикасы

Алматы- 2010 ж

Диссертация 124 беттен  тұрады. (қосымшасымен 135 бет)

Пайдаланылған әдебиеттер саны тек 132 ғана. Аталаған диссертацияның көлемі мен қолданылған әдебиеттер тізіміне  келсек диплом жұмысындай ғана, талапқа сай емес.

Жарияланған мақалаларының барлығы өзінікі емес, дипломы жоқ «доктор» Сыдықовпен бірігіп  жазылған. Сондай-ақ, барлық 18 мақаланың барлығы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің Ғылыми практикалық конференцияларының материалдарында ғана  жарияланған. Бұл дегеніңіз ЖАК-нің міндеттеген жариялынымдарында басылуы қажет деген талапты орындамаған деген сөз.

Жалпы ғылыми еңбек диссертацияларға тән хронологиялық шегі анықталмаған, ол мүлде жоқ, қай кезең, қандай қоғам, қандай саяси билік өмір сүрген кезең  зертелгені белгісіз.

Саясаттану оқулықтарына көп сілтеме жасалған, ол зерттеу құндылығын төмендетеді.

Ғылыми зерттеудегі басты талаптың бірі хронологиялық шегі көрсетілмеген, кезіккен фактілерді тіркей берген. Ғылыми зерттеу болған соң автор міндетті түрде белгілі бір хронологиялық  кезеңді қамтуы керек еді. Ондай кезеңге сүйенбесе диссертация  ғылыми зерттеу бола алмайды.

38 сілтемедегі 2 - схема Ресей ғалымдарынан көшірілген, ол автор Бердібаевтың зерттеуі емес, дайын  пікір және Қазақстанға қатысы жоқ пікір.

30-бетте Тұжырымдамаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағыты деп жазылған

- «нормативтік құқықтық базаны жетілдіру әдістемелік және техникалық құжаттар әзірлеу» деген дәлелсіз «құрғақ» жалаң сөйлем. Осы мазмұндағы жалпылама сөйлемдер де зерттеуге жатама? Сонда не әдістемелік және техникалық құжаттар республикада жоқ па? Жоқ болса, ол жоғарыдағы аталған проблеманы жетілдіруде қандай жаңалық қоса алады, ол туралы неге мағлұмат берілмеген, яғни  зерттеу жоқ деген сөз, тек өзгенің пікіріне ортақтасу ғана бар.

39-бетте «Қазақ халқында «тексіз», «көргенсіз» деген сөздер қарғыстың ең жаманы болып есептелуі тегін емес» деген сөйлем бар осы сөйлемнің аталған зерттеуге қашалықты қатысы бар екенін білу мүмкін емес.  Бұл  қазақтың бәріне мәлім сөздерге сауатсыз сорақы «түсінік» берген. Аталған сөздер ешқандай қарғыс емес екенін Бердібаевтан басқа қазақтар тіпті өзі дәріс беретін студенттер де, жақсы біледі. Осындай «білім» дәрежесі бар адамды жүздеген ғалымдарға басшылық жасайтын университеттің директоры креслосына қалай кім, қандай «артықшылығы» үшін отырғызған? Өзі осы лауазымға білімі жетпесе де,  «сезікті жолмен» ... келгеніне ұялмай ма?

40-бетте «Тұқым қуалаушылық жетінші, тоғызыншы ұрпаққа дейін жалғасады» деген Бердібаев тұжырмы қандай зерттеуге қағидаға сүйеніп айтылды екен. Не тоғызыншы ұрпақтан соң тұқым қуалау болмай ма? Ол не тұқым қуалаушылықтың бұл зерттеуге қатысы қандай, бұл ұғымға анықтама берілмеген.

40-бетте. «Өнегесіз деген қазақта үлкен қарғыс бар» деген сөйлем ғалым адамның аузынан шығатын сөз емес. Біріншіден «өнегесіз» деген қарғыс емес, екіншіден қарыстың үлкені, кішісі болмайды.  Ауыры, жеңілі болады. Осындай шатасқан пікір айтып тұжырым жасаған, Бердібаев мырза адамгершіліктен аттап 1937 жылдардағы  қуғын-сүргін әдісіне салып жазықсыз адамды, басшыларының тапсырмасы бойынша «жиналысқа салып»  қаралағанын тарих ұмыта ма? Осы қиянаты үшін қарғыс естіді. Ол өзі сол жолы қиянат жасадым-ау деп ойлады ма екен? Әрине жоқ, ондай өз пікірі жоқ адамдар мансап үшін адамгершілікті айырбастай салады.

41-бетте. «Ақпарат дегеніміз - адам болмысы мен санасының өзі өніп-өсіп шыққан тегінің нәрін, қоршаған ортаның алуан түрлі құбылыстарын қабылдап, жан-тәніне сіңіріп, мән-мағанасын өз сүзгісінен өткізіп қорытындылауы, сондай-ақ ол-адамды қоршаған табиғи құбылыстар мен заттар туралы, басқа адамдар, жануарлар, болып жатқан оқиға, процесстер т.б. туралы мәлімет»

Ақпаратқа берілген анықтаманың ғылыми негізі жоқ, аталған ұғымға нақты түсінік бере алмайды.  «Өз сүзгісі деген  не адамда сүзгі бола ма?» «тәніне қалай сіңіреді»

41-бетте. «Ғасырлар  бойы бодандыққа ұшырап, енді ғана азды-көпті тәуелсіздік дәмін татып, жоғалтқанын тірілтіп, өшкенін жандандыра бастаған қазақ халқы үшін өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде жастардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізді мәдениетімізді, тіл мен ділімізді қалыптастыруда  отансүйгішіткке баулуда ақпараттың рөлі қандай болмақ »

Осы шұбатылған сөйлемде ешқандай жаңалық жоқ, «керісінше азды-көпті тәуелсіздік дәмін татып» деген саяси қате, сөз тіркесін осылай қолдану  саясаттанудан диссертация жазған «ғалымға» кешірілмейтін күнә. Отансүйгіштік деген сөзді аузына алып, оны қолданып жазған Бердібаев жас ұрпақтың санасына осындай дүдәмал білімімен «Тәуелсіздік аз ба көп пе, бар ма жоқ па» деген сенімсіздік ұялатып отансүйгіштікке емес керісінше жалтақтыққа тәрбиелейді. Ондай жалтақ адам өз Отанын сатуға әрдайым дайын тұрады.

42-бетте 54 сілтемеден соң  55 сілтеменің сөздерін  қатар көшіріп соңында   ... Бұл қасиеттер ақыл-ойды жұтаңдатып  оның шығармашылық әлеуетіне зиян әкеледі»-деп айтқан «виртуалды шындық» туралы  пікір де орнымен айтылғандай / 55 деп асты сызылған екі сөзді қосуынан не түсінуге болады.

Ал алдында 54-сілтемесі М.Шахановтың  «Компьютербасты жарты адамдар (рухсыз күш формуласы» Алматы: Нұрлы әлем, 2003ж) деп берілген.

Алайда 42-бетте Бердібаев аталған сілтемелерді шатастырған. Автордың емлесі бойынша былай жазылған: «Қырғызстан ғалымдарының, жоғарғы оқу орындары басшыларының М.Шахановтың «Компьютербасты жарты адамдар» концепциясы туралы хатында былай делінген: «Әлемдік ақпарат тасқынының техникалық жедел дамудың кәсіптік мамандардың тар шеңберде бір жақты  даярлануы  себебінен әсіресе адами құндылықтардың ескерілмеуінен қоғамда Компьютербасты жарты адамдардың күрт» өсіп кетуі  ғасырымыздағы кезек күттірмейтін үлкен проблемаға, яғни соңғы кездері әлемдік  деңгейде белең алған ар-намысы, ұлт, әділеттілік, қайырымдылық, инабаттылық  үлкенді сыйлау сияқты қасиеттерге жеткілікті көңіл  бөлінбеу адамзатты тұңғиыққа әкеп тіреді» ../54

Бұл әр бет-бетіне шашыраған сөздерге берілген  баға жоқ. Ол сөздердің не мақсатпен келтірілгені де талданбаған. Ары қарай  ғалым А.Т. Құлсариеваның еңбегіне сілтеме жасап соны бірден жалғастырып кете берген.

45-46 беттерде  60 - шы сілтеме  интернеттен: http:// wwww. edu.-cip.kz ru /Доситеnts Abtout Terokizm (kaz) dbs саитынан алынды деп көрсетілген. Ал мұнда берілген фактылар жалпылама, Қазақстанға қатысты ештеңе айтылмаған.

Диссертация сұрақтары ашылмаған, зерттеуге қатысы жоқ  бос сөздер үзік - үзік берілген фактылар жүйесіз жазылған. Мысалы, 47-бетте интернетті пайдаланатын адамдар санын келтіріп, сол туралы айтып келеді  де, дереу  басқа ойға көшіп, дін мәселесіне ауысқан.

Содан 48-беттің  соңғы абзацында Рух ұғымына анықама беруге кіріскенсіз.

49-бетте «сана өсіп-өркендейді» деуіңіз бұрын ешкім айтпаған «жаңалық» қой  сана дамиды, жетіледі емес пе?

Таптық санаға анықтама қате берілген. Таптық сана  «кедей бай болсам, бай құдай болсам» дейтін психологиямен анықталады деуі нағыз сауатсыздықтың белгісі. Біріншіден  бай ешуақытта құдай бола алмайды, жұрт арасындағы ауыз екі айтылатын салыстырма сөзді ғылыми еңбекке қосып, оған сүйеніп теория жасау көрсоқырлық сауатсыздық болып табылады.

Тап ұғымы адамдардың өндіріс құрал жабдықтарға қатынасына байланысты анықталады ол «кедей бай болсам, бай құдай болсам» деген психологиямен анықталмайды. Тап туралы проблеаны зерттеген ғұламалар сіздің сипаттамаңызға кереғар мынадай ғылыми аықтама береді:   "Таптардың өмір сүруі өндіріс дамуының белгілі бір тарихи фазасына ғана байланысты" деген Маркстің ілімін жалғастырған  В.И.Ленин: "Таптар, деп адамдардың үл­кен топтарын, қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір жүйесінде олардың алатын орнына қарай,  өндіріс құрал-жабдықтарына, олар­дың (көбінесе заңмен бекітіліп, қалыптасқан) қатынасына қарай еңбекті  қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы олардың рөліне қарай, ал олай болса,  қоғамдық байлықтан олардың алып отырған үлесінің  мөлшеріне  және  ол үлесті алу әдістеріне қарай айырылатын топтарын атаған ..."

Cөйтіп, марксизм-ленинизм классиктері таптар арасындағы негізгі айырмашылықты өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастың бірдей болмауымен байланыстырады.

50-бетте «Пендешілік сана қоғамның жағдайы жақсарған сайын кішкене түзеліп келеді бірақ әлі халық бұдан арылып болған жоқ. Сондықтан бұл жерде рух туралы, ұлттық рух туралы әңгіме болуы мүмкін емес» деуі шатасқан тұжырым. Оның кішкене түзелгеніне қандай дәлелің зерттеулерің бар ма?

Сонда қалай елдегі адамдар рухсыздар ма Мыс. Назарбаев, Мұхтар Шаханов, ақын Иран Ғайып, Айдос Сарым, опера әншісі Майра Керей т б

50-бетте Ұлттық рухты (қазіргі кезде ұлттық идея деп атау керек дейді)

Идея деген көзқарас, ұлттық идеоогия деп атаушы еді ал ұлттық идея қалай туындайды.

Рух ұғымын автор өзі осы бетте анықтауға тырысқан

1.2. «Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ерекшеліктері» деген бөлімді зерттеген автор психологиялық проблемаларға шектен тыс әуестенеотырып, үлкен қателікке ұрынған. Сіздің пәніңіз қазақтың салт-дәстүрі, жөнін зерттейтін тарих ғылымы емес қой.

51-бетте Қазақ ғасырлар бойы  бодандықта болған деген қате пікір. Неше ғасыр екендігі туралы нақты мәлімет бар. 3 ғасырдаан астам.

54-бетте Қарастырылған сұрақта автор Ә:Нысанбаевтың сөзін келтіріп аяқтаған. Автор «көңіл бөліну керек» деген сөзбен ғана шектелген ешқандай талдау  баға беру жоқ

Ол «Біздің ойымызша мелекеттік тұрғыдан жастар тәрбиесі бойынша кешенді нормативтік методлогиялық құқықтық бағдаламалар заң актілері қабылдану керек (қандай екенін автор  айта алмайды жалпылама айтылған дежурный сөздер) және осы бағдарламаларда ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне  арнайы көңіл бөліну керек. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру  механизмдері оны қадағалайтын мемлекеттік орган анықалуы тиіс. » Сонымен бірге Қазақстан Республикасының ұлттық  қауіпсіздігін қамтамасыз ету  жүйесінің негізінде ұлттық мүдделер мен басымдылықты анықтайтын ақпараттық саясат қаралуы тиіс. Сыртқы және ішкі саясат қаралуы тиіс.Сыртқы және ішкі саясат мемлекеттің ақпараттық саясатының негізінде дамуы тиіс».

Бұл жерде Бердібаев мырза Сыртқы және ішкі саясатты жүргізу барысында ақпараттық саясат жүрізілетінін қалай білмейді. Институт директоры  лауазымындағы адамға кешірілмейтін  кемшілік болып табылады.

61-бетте «Заңда  «мемлекеттік құпиялар», «мемлекеттік құпия», «қызметтік құпия», «құпиялық белгісі», «мемлекеттік құпиялар» болып табылатын «мәліметтер көздері», « мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесі» деген түсініктерге анықтамалар берілген.  Айта кететін жәйт-заңның орысша нұсқасындағы  «государственная тайна» деген түсінік  қазақша нұсқада  «мемлекеттік  құпия» деп ,  ал «государственные секреты» - «мемлекеттік құпиялар» деп  берілген. Өз кезегінде бұл қоғам  тарапынан түсінбеушілік тудырып, қорытындысындаәлі ешқандай шешім болған жоқ. Бұл туралы   «Хабар» телеарнасында пікірталас  та болды. Болашақта  тіл мамандары  бұл мәселені  шешер деп ойлаймыз»-деумен ғана шектелген автор, бұл сұраққа  өзі осы мәселені ғылыми зерттеуші ретінде пікір білдіре алмаған. Бұл жерде оның осы проблеманы ғылыми жағынан зерттеген маман екендігі қайда, диссертациялық зерттеу не үшін жазылды?

63-бетте де «Интегралдық микросхемалардың топологиясын құқықтық қорғау туралы» заңды мысалға алып оған білдірген пікірі жоқ, аяқсыз қалған тек атап шығуды мақсат еткен. Бұлай жасау ғылымға жаалған қиянат.

63-бетте «2009ж 10 шілдеде қабылданған №178-1V3 РК «ақпараттық-коммуникациялық тараптардың мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы» мысал келтіріп  (бөлім сұрағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз  ету ерекшеліктерін) ашатын мәселе  қозғалмаған деп осындай заңдар қабылданды деп атап қана шыққан. Сұрақ ашылмаған.

63-бетте Интернет желісін реттеу мәселесін қозғап АҚШ-ты мысалға келтіреді. Ал Қазақстан Республикасында осындай интернеттегі азаматтардың  конституция бойынша ақпрат алу құқықтарының шектелуі  туралы мысалдар, фактілер жоқ.

Ресейде де Интернетті реттеуге арналған заң жобасын әзірлеу мәселесі талқыланып жатыр. (77 сілтеме) деп диссертацяның  зерттелу  объектісі болып отырған Қазақстан бойынша  фактілер келтірмеуі қалай? Сонда бұл қандай ғылыми зерттеу болады.

65-бетте 2 абзацта сараптама сөзі экспертиза деп жазылған

68-бетте «А.Ақшолақова өзінің диссертациялық еңбегінде елімізде ақпараттық қауіпсіздіктің программалық-ақпараттық құралдары мен әдістерін жасау  және қолдану саласындағы қатынастарды реттейтін саяси құқықтық актілердің жоқтығын айтады» дейді де оған өз пікірін білдірмеген. Бұл қалай онда оны неге зерттеу мақсаты етіп алған деген сұрақ туындайды.

69-бетте «Мемлекет өз қызметін қоғам  мен азаматтардың араласуымен ұйымдастырады» деген сөйлем сәтсіз құралған мағанасы  майысып тұр. «Қоғам қалай азаматтармен араласады? Бұл жерде қоғам ұғымы бұрмаланған»

69-беттен 90-бет аралығында

2.2. «Мемлекеттік билік органдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және мәселелері» деген бөлім ғылыми  зерттеу ретінде мүлдем ашылмаған. Мемлекеттік органдардың дайын схемасын көрсетіп соны қайталаумен шектелген.

1) Қауіпсіздік кеңесінің негізгі міндеттерін;

2) Президент әкімшілігінің «Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің функционалдық міндеттерін атап» шықан Олардың қалай ақПаратты қауіпсіздендіргені  жөнінде бір ауыз да сөз жоқ. Ештеңе айтылмайды.

3) Сондай-ақ, Премьер-Министр кеңсесінің негізгі міндеттері аталып жазылған. Осы бөлімді ашуға талпынған кейбір дәлелдер мен фактылар 76-бетен ғана көрніс тапқан.

78-бет. Мемлекеттік органдарға білікті мамандар жетіспейді деген жалаң дәлелсіз, фактыларсыз құр сөздер ғана жазылған. Ғылыми жұмыс Қазақстан материалы бойыша жазылса да, автор Ресейден мысал келтіруден жалықпаған. Осы 78-бетте әскери ғалым А.Леваковтың мәлімдемесін келтіреді. Ол факты Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ материал ғой.

79-бетте де, АҚШ, Ұлыбритания, Батыс Еуропа елдерінен алынған фактылар мен мысалдар келтірілген. Ол зерттеуге қатысы жоқ фактылар.

80-бетте Ресейден алынған мәліметер оның Қазақстанға ешбір қатысы жоқ.

83-бетте 1, 2, 3 абзацтарда келтірілген  ресми фактылар, цифрлар, қайдан алынғандығы туралы сілтеме мүлдем жоқ. Тек келесі 84-беттің ортасына таман Қазақпарат агентігіне сілтеме жасалған.

84-беттегі 97-сілтеме Қазақпарат агенттігі 2010ж. 17 ақпан  деп берілген.

Ал  84-беттегі мәтінде ол сілтеме былай берілген. Осы тұрғыда Г.Ж.Ибраева «Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы ақпараттық диверсиямен жұмыстың жаңа әдістерін жасауға  мүмкіндік береді. Радиоқармау, «эфирдегі шторм», жасанды бөгет сияқты ақпараттың жоғалуына әкелетін әрекеттердің күні өтіп  барады....» Енді  «образдармен» күресте тиімді болатын жаңа әдістер жасау керек... Мұндай  жағайда  сайттарды жабу-идеологиялық соғыстағы үздік әдіске жатпайды» -деп атап көрсетті.(97)

85-бетте соңғы азацта келтіілген салыстырмалы цифрлар қайдан алынғандығы белгісіз. Сілтеме жоқ.

90-бетте 2.3. «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдерін дамыту перспективасы (болашағы)»

Осы 90-беттен 93-бетке дейін АҚШ-тың ақпараттық Ұлттық инфроқұрылым қауіпсіздігі туралы ғана жазылған.

106-шы сілтеме  таза ағылшын тілінде, оны тілді білмейтін Бердібаев мырза қалай түсініп жазған.

106-бетте тағы АҚШ тәжірибесі туралы жазылған.

107-108-беттерде  Ресейдегі мамандарды даярлау туралы мәліметтің қажеті қанша диссертация Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдер тетіктері еді ғой

107-беттен 109-беттің ортасынан аса Ресей туралы ондағы кадрлар даярлау мәселесі сөз болған.

2.3. тақырып «ҚР ақпараттық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдерін дамыту перспективасы» деген параграф 90-беттен басталып 109-бетпен аяқталады. Барлық 19 беттің 8-бетінде АҚШ, Ресей, Румыния, Украина және т.б. елдер  туралы олардағы кадр мәселелері  сөз болған. Оған 8 бет арнаған. Бұл қалай?

Осындай ғылымға ештеңе пайдасы жоқ тек қоғамға зиян әкелетін «диссертацияны» Білім министрілігі жанындағы ЖАК қалай бекіткен? Осы сұрақты министр Б.Жұмағұлов мырзаға қойып  жауап беруін талап етем.

Рәт мырза, маған Жүсіпбековтің айтақтауымен маған жаа жауып қиянат жасағаныңыз әлі есіңде болар... Алла ақиқатқа жақ екенін  бұдан былай ұмытпайтын боласың.

профессор  Е.К.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1152
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1058
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 787
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 912