Сенбі, 4 Мамыр 2024
2152 0 пікір 15 Қараша, 2021 сағат 17:18

Біртанов тағы екі ай үйқамақта болады

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін тағы екі айға – 14  қаңтарға дейін ұзартты. 

Біртановтың өзі және оның қорғаушылары экс-министрдің шетелде бой тасалайтын ойы жоғын, тергеу органдарына қысым жасамайтынын алға тартып, үйқамақты алып тастауды өтінген. Алайда судья айыптау тарабының үйқамақ мерзімін ұзарту туралы өтініш қанағаттандыруды жөн деп тапты. Үй қамауына алынғанымен, сот күдіктінің бала-шағасы барын және оларды асырау керегін ескере отырып, оған жұмыс істеуге рұқсат берді. Қазір Біртанов «Емдеу групп» жекеменшік компаниясының директоры қызметін атқарады. Біртанов бір жылдан астам уақыт үйқамақта отыр, дегенмен қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы әлі басталған жоқ. Тергеу амалдары 7 шілдеде аяқталған, істе 133 том мен 20 жәшік заттай айғақ бар. Тергеушілердің болжамынша, Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішев жарамсыз ақпараттандыру платформасын қабылдап, мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірген.  Бірақ экс-министр өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Дереккөзі: Malim.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1054
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 939
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 695
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 795