Сенбі, 4 Мамыр 2024
1456 0 пікір 15 Қараша, 2021 сағат 16:58

Қазақстан: оқушылар мен жүкті әйелдерге екпе салу басталды

Қазақстанда белгіленген уақыттан бұрын жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды. Алдын 22 қарашада басталатыны айтылған.

Алматыда емханаларға әзірге жоғары сынып оқушылары келіп жатыр. Кезек көп емес. Көптеген ата-аналар әлі ойланып жатқанын айтады.

"Әркімнің өз таңдауы. Қазір көбі коронавирустан қайтыс болып жатыр. Мен өзім екпе салдыруға келдім", - дейді Әлішер Жанабатыров.

Жоғары сынып оқушылары емханаға екпе салдыру үшін ата-анасымен келіп жатыр.

"Мен ата-анамнан рұқсат сұрадым. Олар маған рұқсат берді. Мен Pfizer вакцинасына сенемін. Ол "Спутниктен" жеңіл", – дейді алматылық Аружан есімді оқушы.

Қазір Алматыда бір ғана емханада Pfizer вакцинасын алуға 180 адам жазылып қойыпты. Олар - жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер.

"Біз мектеп басшыларына ескерттік. Олар ата-ананың рұқсатымен екпе алғысы келетін оқушылардың тізімін жасады. Медициналық қызметкерлермен де алдын ала дайындық жұмысын жүргіздік", – дейді №5 емхананың қызметкері Динара Азимбекова.

Әзірге Pfizer вакцинасын тек Алматы қаласында салып жатыр. Келесі аптадан бастап астаналықтарға да еге бастайды. Сосын өзге өңірлерге жеткізіледі дейді. Қазақстанда әзірге Pfizer вакцинасының 380 данасы бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 887
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 668
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 745