Жұма, 3 Мамыр 2024
2070 1 пікір 10 Қараша, 2021 сағат 12:46

Астықты ел: Қазақстанда нан қымбаттауда

Атырау тұрғындары нан бағасының қымбаттауына шағымданды. Нанның бағасы 5-10 теңгеге өскен. Мұны ұнның, электр энергиясының және отын бағаларының өсуімен байланыстырады. 

"Барлығы ЖЖМ бағасының өсуіне, тасымалдардың қымбаттауына, энергия тасымалы мен ұн бағасына байланысты. "Азық-түлік корпорациясы" арқылы жақын арада 1 мың тонна бидай ЖШС "Каратқа" түседі. Содан кейін бағаны ұстап тұруға мүмкіндік бар"- деді Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.

Атыраулық шенеуніктер бағаны 95 теңге деңгейінде ұстап тұруға тырысқандарын мойындады. Бірақ ұн мен энергия құнының 10 теңгеге қымбаттауы жағдайды қиындатты. Енді нан 100 теңге тұрады.

Ал Қарағандыда нан бірден 30 теңгеге қымбаттаған. Егер бұрын бидайдан тартылған нанды 80 теңгеге сатып алған болса, енді оның бағасы кей жерлерде 120 теңге.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 918
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 771
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 599
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 617