Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2559 0 пікір 17 Шілде, 2012 сағат 07:08

Мейрамбек Еңсепбай. Қайтсек қаржыны тиімді пайдаланамыз?

Қазіргі таңда Су ресурстары жөніндегі комитет (ары қарай - Комитет) гидротехникалық құрылыстарды және сумен жабдықтайтын нысандарды қайта өңдеуде бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану жұмыстарымен айналысып отыр.

Бұл үшін  оңтайландырылатын нысандарда болып, ол жұмыстарды жобалау мен жүзеге асыру жайы сөз болды. Аудан және ауыл әкімдерінің,  жұмысты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен болған бас қосудың нәтижесінде осы нысандар жөнінде кейбір жобалау шешімдері қаралды.

Атап айтқанда, «Алматы облысындағы Бартоғай су сақтағыш тоғанының сейсмологиялық орнықтылығын нығайту және қайта өңдеу» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Су сорғыштар арқылы Бөген түбін тазалау жұмыстарын жүргізудің қажет еместігі анықталып, осының  нәтижесінде жобаның құны 9,6 млрд. теңгеден 1,4 млрд. теңгеге азайтылды.

Солтүстік Қазақстан облысының сумен жабдықтау нысандары жобалары бойынша техникалық параметрлерді қайта тексерудің нәтижесінде кейбір бөлімшелерде нақты су пайдалану  мен топты су құбырларының сегменттік жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) жергілікті ауларға ауыстырылды. Нәтижесінде 4 топты су құбырларының қайта өңдеу жобасының құны 285-тен 57 млрд. теңгеге дейін төмендеді.

Жобаларды қайта түзету тұрғысында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні 19 нысан бойынша 300 млрд. теңге үнемделді.

Сонымен қатар, 2012-ші жылғы 14 жобаның қажетті жобалық-сметалық құжаттарына мемлекеттік сараптама қорытындысына сай 8,4 млрд. теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) болмағандықтан бұл нысандар қазір жүзеге асырылмай тұр. Комитет бөлінген қаржы игерілмей қалу қаупі болғандықтан, бұл қаржыны жедел пайдалануға берілуге тиісті нысандардың жұмысына қайта бөлуге мәжбүр.

Сондай-ақ, 2011 жылдан бері 440 шақырымға созылып жатқан Қарағанды облысының Жезқазған өңірін суландыратын Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың ІІ-ші және ІІІ-ші кезеңі құрылысына қаржы бөлу қарастырылып келеді. Бұл сияқты Ертіс өзенінің суын бір жерден екінші жерге ауыстыру тұрғысындағы ірі сушаруашылығы жобасының құрылысы (алдын ала есептеу бойынша құны 400 млрд. теңгеден асатын)  Мемлекет басшысының Жолдауында немесе Үкіметтің стратегиялық жоспарында қаралмаған. Оның үстіне, Қарағанды облысының  көрсетілген аймақтың жергілікті су көздерімен (жер асты және жер үсті) қамтамасыз етілгендігі туралы хаты бар.

Бұған қоса, аталмыш жобаның жобалық-сметалық құжаттарын жасау үшін 3,1 млрд. теңге бөлінген. Оның 2011жылы 150,0 млн. теңгесі игерілді. 2012 жылға 1 млрд. теңге  қаралып отыр.

Осыған орай, Комитет қазір аталмыш нысанды жобалауды тоқтатып, қаржыландырудан алып тастау туралы шешім қабылдады.

Гидротехникалық құрылыстарды және сумен жабдықтайтын нысандарды қайта өңдеуде бюджеттік қаржыны тиімді пайдалануда жоғарыда көрсетілген шаралардың бәрінің дәйекті есебі бар. Қажет болған жағдайда қосымша ұсыныс жасалынады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1012
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 880
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 659
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 741