Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Билік 1955 0 пікір 1 Қараша, 2021 сағат 19:03

Қазақстан мен Facebook келісімі нені білдіреді?

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Facebook компаниясымен ортақ келісімге келді. 

Осылайша Қазақстан Орталық Азияда контенттік саясатқа жауап беретін Facebook компаниясының халықаралық командасымен тікелей байланыс арнасына және жүйеге қосылған алғашқы ел болып табылды.

"Facebook Қазақстан Үкіметімен, әсіресе балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірлескен жұмысқа ұмтылады. Біздің ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыздың алғашқы қадамы ретінде біз Қазақстан Үкіметіне уәкілетті органдарға зиянды контентпен неғұрлым тиімді және пәрменді күресуге көмектесетін "Контентті хабарлау жүйесіне" қол жеткізуге қуаныштымыз. Facebook командасы киберкеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық мамандарды оқытуды жалғастырады", - деді Facebook компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі өңірлік директоры Джордж Чен.

28-қазанда Facebook командасы Министрліктің мамандарына "Контентті хабарлау жүйесін", сондай-ақ Facebook контенттік саясаты және қоғамдастық стандарттары бойынша жұмыс бойынша тренинг өткізді. Қараша айының басынан бастап Министрлік жүйеде жұмыс істей бастайды.

Екі тарап өзара іс-қимылдың тұрақты тетігін белгілеуге, оның ішінде Министрлікпен түрлі аспектілер бойынша тығыз жұмыс істейтін Facebook өңірлік офисінен уәкілетті өкілді анықтау туралы келісімге келді.

"Контент хабарлама жүйесін" пайдалану Facebook және Instagram платформаларында құқыққа қарсы контенттің таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың жеделдігін және жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қауіпсіз ақпараттық кеңістікті құру бағытында жүргізіліп жатқан бағытты ұстанатынын және Қазақстан халқына өз қызметтерін ұсынатын интернет-компаниялармен сындарлы диалог құруға және ынтымақтастық орнатуға дайын", - деп қорытындылады Министрлік.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 203
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 98
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 91
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 45