Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
1806 1 пікір 1 Қараша, 2021 сағат 17:46

Қазақстан-Ресей: шекарадағы кептеліске не себеп?

Күні кеше Ресей мен Қазақстан шекарасында жүк тасымалдау көліктері кептелісте қалды. Жауапты органдарға «Қайрақ» кеден бекетінде кептеліп тұрғанына екі тәулік өткен жүк көлік жүргізушілері хабарлаған.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі жағдайды «Ресейде карантин шаралары енгізілгеніне байланысты», - деп түсіндірді.

«Жүк көліктерінің кезегі Қазақстан-Ресей шекара аймағында 30 қазаннан бастап  Ресей жақтағы «Бугристое» АӨП алдында пайда болды. Қазақстан аумағында кептеліс байқалған жоқ. 30 қазан 2021 жылғы Ресей Президентінің Жарлығына сәйкес Ресей Федерациясының карантиндік шаралар жарияланған» - дейді баспасөз қызметі.

30 қазан - 7 қараша күндері Ресейде демалыс күндері болып жарияланған, соған сәйкес Қазақстан мен Ресей жүк тасушылары елімізге қарай бет алған.

Қаржы министрлігі «Ресейден Қазақстанға «Қайрақ» кеден бекеті (РФ «Бугристое» шектес АӨП)  арқылы күн сайын 600-ге жуық автокөлік өтетін болса, 30 қазанда өткен автокөлік саны 860-қа жетіп, күрт артқанын», -  атап өтті.

Дәл қазіргі уақытта Қазақстанның Ресеймен шекаралас аумағында автокөліктер кептелісі жойылды.

Мемлекеттік кіріс органдары ЕАЭО елдерімен шекарадағы әскери мақсаттағы тауарларды, тыйым салынған және шектеу қойылған,  сондай-ақ ДСҰ тізбесіне енгізілген тауарларды құжаттамалық бақылаудан өткізіп жатыр. Бұл шаралар 5 минуттан аспайды және көлік кептелісіне әсер етпейді.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттері «әділ» тарифтерді енгізу жоспарын бекітті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 275
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 137
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 129
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 117