Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3909 0 пікір 11 Шілде, 2012 сағат 07:54

Динара Мәлікова. Гүлдер де аңсатар иісін...

*****

Хабарсыз қалғаның не қамықтырып,

Жанымды жіберсеңші Жарық қылып.

Сен мені жалғыздықпен жазалайсың,

Күйімді көлеңкеде бағып тұрып.

 

Хабарсыз қалғаның не тiршiлiгiм?

мен әлі күтіп жүрмін білші күнім.

Қандай қиын, гүлдердің қурағаны,

Қандай жақсы, естіген гүл сыбырын!

 

Хабарсыз қалғаның не аңсағаным,

күндерді сенсіз қалай тауса аламын?

Өн бойыңды өлең боп жылытайын,

Көктемде Күн астында тоңса жаның.... ...

 

Сағаттар жылжып жатыр үндемедің,

'менсіз-ақ бақытты боп жүр' демегін.

Өртенуге жаралған өмір мынау,

Сағынуға жаралған түн дегенің...

 

 

*******

Пендеге керектің бәрі бар,

әйелмін, баласы, жары бар!

Адам боп жүремін ақылды,

Жан екем жалғанда бағы бар.

 

Бақытты болуға талпынып,

Ешқашан болмады жарты-үміт.

Түн сайын тілеймін тыныштық,

Күн сайын атады таң күліп.

 

Қуантқым келеді барлығын,

Өзім боп күледі әр күнім.

Құдай-ау қалайша жүре алам,

жүректің тыңдамай жарлығын?

 

Жүректің мазасыз шақтары,

жанымды өртейді оттары.

Сенгісіз сезімдер бар онда,

белгісіз қай кезде тоқтары!

 

 

****

 

*****

Хабарсыз қалғаның не қамықтырып,

Жанымды жіберсеңші Жарық қылып.

Сен мені жалғыздықпен жазалайсың,

Күйімді көлеңкеде бағып тұрып.

 

Хабарсыз қалғаның не тiршiлiгiм?

мен әлі күтіп жүрмін білші күнім.

Қандай қиын, гүлдердің қурағаны,

Қандай жақсы, естіген гүл сыбырын!

 

Хабарсыз қалғаның не аңсағаным,

күндерді сенсіз қалай тауса аламын?

Өн бойыңды өлең боп жылытайын,

Көктемде Күн астында тоңса жаның.... ...

 

Сағаттар жылжып жатыр үндемедің,

'менсіз-ақ бақытты боп жүр' демегін.

Өртенуге жаралған өмір мынау,

Сағынуға жаралған түн дегенің...

 

 

*******

Пендеге керектің бәрі бар,

әйелмін, баласы, жары бар!

Адам боп жүремін ақылды,

Жан екем жалғанда бағы бар.

 

Бақытты болуға талпынып,

Ешқашан болмады жарты-үміт.

Түн сайын тілеймін тыныштық,

Күн сайын атады таң күліп.

 

Қуантқым келеді барлығын,

Өзім боп күледі әр күнім.

Құдай-ау қалайша жүре алам,

жүректің тыңдамай жарлығын?

 

Жүректің мазасыз шақтары,

жанымды өртейді оттары.

Сенгісіз сезімдер бар онда,

белгісіз қай кезде тоқтары!

 

 

****

 

Сағынуға неге сонша құштармын,

Құшағымнан саған қарай ұшқан-мұң.

 

Күрсінемін күліп тұрып неліктен,

Жалғаныңа жылау шін келіп пе ем?

 

Мұңаямын сәл нәрсеге күрмеліп,

Әр таң сайын, сен тұрсаң ғой гүл беріп!

 

Жанарымда жауабы жоқ сұрақтар,

Жолдарымда жасырынған сынақ бар!

 

Әйел едім, әлемім бар әдемі,

Көзі барлар кызғанбай-ақ көреді!

 

Көйлегімнің ес ұрламай етегі,

Анғал болып, еркелегім келеді.

 

Еркелете қояр ме екен, ай кайдам,

Тағдыр тағы салып өтер маңдайдан!

 

Жер айтады жанбай жатып сөнбе деп,

Бара жатыр дала-ғұмыр дөңгелеп...

 

***

Аспан мынау пенделердің дәптері,

Оны біреу парақтайды Көктегі!

 

Көздің жасын, құйып-құйып селдетті,

Жүректерді нұр иiсiмен гүлдеттi!

 

Табиғатта сөйлемейтін сұлулық,

Тіршілікті жібереді сұлу-ғып!

 

Аппақ бұлттан құлап жатыр ақ хаттар,

Жазуы жоқ сыбырларды жаттап қал!

 

Бір Аллаға жарасады бұл-кеңдiк,

Күн көзінен төгіледі көркемдік!

 

Жапырақтар мың адамның жүрегi,

Сырғаларын сылдырлатып күледi.

 

Біледі олар қурайтынын түбiнде,

Өмір жайлы, Олең жатыр үнінде...

 

****

 

 

Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның?

Көктен биiк ұмыттық-ау Хақ барын!

Мақтан деген тiршiлiктiң талқаны,

Қара нанды еңбегіңмен тапқанын.

 

Не тәйiрi, бақ болып па байлығың?

Қанша сағат, қанша қалды ай-күнің?

Құдай дейміз жалынамыз имансыз,

жолымызға жайғасқанда қайғы-мұң.

 

Пенделерге алдамшы-ғып арманды,

арманменен ардың жолы таңдалды!

Қара жердің мезгiл шешер көйлегiн,

мәңгiлікке жүрегінде кім қалды?...

 

Күңгiрт кешке көз жасыңды төкпешi,

Күлiмде де Күнге қарай беттешi!

Тарам-тарам тағдырлар бар жазулы,

Барінің де болар бірақ, нүктесі!

 

Біз жүрейік нүктелерді сөйлетіп,

Жанардағы мұңның өзін билетіп,

Адалдықты кірлетпейік күбірмен,

Адамдықты жібермейік күйретіп!

 

****

Қыс та кетті өртеніп,

Құшағында көктемнің.

Құлап кетті еркелік,

Қанатына кептердің.

 

Сәуірдегі армандар,

Мамырлаған таңдар бар!

Жып-жылы түн жүректер,

Жолығыспай қалмаңдар!

 

Аппақ-аппақ сезімдер,

Қара жердей төзім бер!

Оралмаса сол бір жан,

Үмітімді үзіңдер!

 

Жапырақтар құлаған,

Сағыныш боп жылаған.

Күлсін десең мұңсыз боп,

Көз алдымда жүр аман!

****

 

Сен кеткелі өлең жаза алмадым,

Өзіңсіз-ақ,өзге жолды таңдадым.

Сезіп жүрсің, біліп жүрсің, апыр-ай,

шексіз сүйер жан барын!

 

Сен кеткен күн, пенде болып жыладым,

періште-үміт сөндірген соң шырағын.

Өмір жатты құшағымда бұлқынып.

Қаша алмадым құладым!

 

Сен кеткен соң тағдырымды тастадым,

Төсегінде түн өткізіп басқаның.

Қара жерге қайғым сіңді қаншама,

Арманымды арқалады аспаным.

 

Сен кеткенде өкiнбедiм өткенге,

Бола алмадым, кiнәсi көп кек-кеуде.

Болады екен сағынсаң да іздемеу,

Болады екен көз жасыңды төкпеуге!

 

****

 

Сен үшін неге жаралмаған екем? ...

Мен үшін ғана оралмаған екен...

 

Екеуміз енді екі әлембіз,

Уйқасы келмес екі өлеңбіз.

 

Саусағың сүйген гүлің де әдемі,

'Менікі' болар кімім бар еді?

 

Бәрі де бекер сағынбаған соң,

Жүрекке тағдыр бағынбаган соң...

 

Күндер де сен боп күліп кірмеді,

Сүйсек те, жолдар біріктірмеді.

 

Көрмей-ақ жүрсем көнеді ме екем?

Сүймей-ақ кетсем сөнеді ме екем?

 

Арман боп қана аяла мени,

Тағдыр боп сен де аяма мені...

 

хххх

 

Шын айтам, бәрінен жалықтым,

Күтумен күн сайын зарықтым.

Адам боп туылдым арман не,

Кешірші, киелі  Жарық күн!

 

Кешірші киелі түндерім,

Жүрегім ауырып жүр менің...

Ауылдың қызындай аңғал ем,

бағымды қызғанды кім менің?

 

Жалганнан  жерідім тап бүгін,

қолымнан сүйеді пәк күнім.

Қай кезде сөнді екен шырағым,

Қай жерге шашылды шаттығым?

 

Қайғының алдында өр едім,

Ал, бүгін алаңсыз көнемін...

Тұңғыш рет түнеріп келеді,

Жылауды білмейтін өлеңім...

 

*****

Көңілді сүйретіп ескірген,

Күнәнің көзіне көштім мен.

Тағы да түн дедім кінәлі,

кешірім сұрамай ешкімнен.

 

Бақытты болуға беттегем,

Ай жүзін жасырды бұлтпенен.

Өзіңді жек көргім келді де,

сөзіңді ұмыттым 'күт'деген.

 

Кызғаныш көрінді қылтиып,

Гүл-үміт дір етті бүрсиiп.

Көзімді жұмдым да күрсіндім,

Өзге жан ернiмнен тұр сүйiп!

 

Кiнәні iздемей өзгеден,

осылай қоштастық бiз деген.

Сағыну жайлы сыр қозғама,

мен енді, көр енді өзгерем!

 

 

*****

 

Терезенің ар жағында тағдырым,

терезенің бер жағында бар мұңым.

Еркелігім қалып қойды ерніңде,

бесігімде қалып қойды бал күнім.

 

Тыныштықтан тынысыңды естідім,

Көңілімнің күрмеу жібін шеш, күнім!

Қандай жақсы, ұйықтай алам сенсіз-ақ,

жалғыз төсек жайылғанда кешқұрым.

 

Күндерімде тіршіліктің күйбеңі.

жүрегімде жырлар ғана сөйледі.

Өн бойыма өмір әкеп сыйлаған,

Сүйер болсаң көктем құсап сүй мені!

 

Сәуір болып таңдарыма тұрақта,

Жауын болып, жаным мені жылатпа.

көз алдымда сөніп жатыр сағаттар,

Дәл осылай сағындырып сынатпа!

 

хххххххххх

 

Бүгін де таң атты,

Бүгін де жүрегім соғып тұр.

Күн шығып тіршілік таратты,

Көктем кеп, көгіме қонып тұр.

 

Бүгін де сағыну,

Хат күтем, жәшікті тексеріп,

Күндерде болса ғой жаңылу,

..бірдеңе дей салшы ескеріп.

 

Түндегі мұңдарым,

Оянып тіктейді еңсесін,

Сені әлі сүйеді бұл-жаным,

келем деп, сендіріп кеткесін.

 

Тағы да өзіммін,

Мен сені үндемей сағындым,

Аймалап тұратын көзіңнің,

Дәл мендей, жарқылын таныр кім?

 

*****

Қарашығым,

Өзіңдей табар ма екем, жан асылын?

Жерден ұзап  жүрміз-ау, қол ұстасып,

Көңілдің жасап алып жарасымын.

 

Көгершінім,

Қазір келіп, кейпімді көремісің?

Әдемі елесіңе жан бітіріп,

Секунд сайын сүйем ғой  сенемісің?

 

Өлеңімсің,

Есігімнен күн болып енемісің?

Мен саған шумақ болсам шұғылалы,

Сен менің шабытым боп келемісің?

 

Бәйтерегім,

Сабырыңа жинайсың ой тереңін...

Жырым болып қонасың дәптеріме,

Жарың болып жаралсам қайтер едім???

 

Ххх

Астана төгіп тұр нөсерін,

Жанымды жерге кеп төседім.

Жауын боп жібергім келмей тұр,

Бұлт болып іздедім неше күн...

 

Тек сені сағынған мен едім,

Назымды алаңсыз төгемін.

Мен кетіп барамын баянсыз,

Сен енді сұрама себебін.

 

Жанарын талдырып Есілдің,

Күттірген кештерді өшірдім.

Мен сүйіп қалған соң қайтейін,

Өзімшіл боп алдым кешіргін.

 

Сенсіз де сөнбес бұл шырағым,

Сабыр боп несіне сынадың?

Сүюде болмайды шекара,

Қоштасу арасы бір адым....

 

Астана қарайды тұнжырап,

Бір күліп алады бір жылап.

Гүлдер де аңсатар иiсiн,

Дәл мендей сүйеді кім бірақ?

 

хххххххххххххх

 

Сағыныныштың болар ма екен өлшемі,

Қайда жүрсің, жүрегімнің бөлшегі?

Көздеріңнен қиялыңды құлатып,

Әкетті ме, жел сені?

 

Қайда жүрсің, мекенің де беймәлім,

Сүйер болсаң өзің келіп, сүй, жаным.

Тағдырыңды бұйырмаған қайтейін,

Сезімінди қи, жаным.

 

Қайда кеттің, сағынышқа айналып,

көрінбей-ақ,  жүрмін саған байланып.

Сені аңсаған түндерімді сезбедің,

Жүрсе деп ем ойға алып.

 

Мен сендегі сабырлықты таныдым,

Тереземе тұрып алды тағы мұң.

Бақыт болып жүр екенсің қай жерде,

Жанардағы Жарығым?

****

 

Жүрегім-ау, жүрегім,

Бақытты боп жүр едім.

Күзге келіп сыр айтып,

Сізге келіп түнедім.

 

Тіршілігім, тынысым,

Жүрмін осы кім үшін?

Бір адамға жар болдың,

бір әйелдің мұңысың.

 

Сырбазым-ау, сымбаттым,

Өлең болып үн каттың.

Жел боп келіп аймалап,

Ерінімді кұрғаттың.

 

Жалғыз жанға жуық-мұң,

Түнмен келіп жылыттың.

Бақытым боп алдап ап,

Уақыт болып ұмыттың.

 

Өзгелерден ерексің,

Есімді алды-ау елес-күн!

Маған ғана жетпейсің,

Барлығына керексің.

 

Кездестірмей келте-күн,

сағынышпен өртедің.

Қиялыма қонып кет,

Қайда жүрсің ертегім?

 

Ххх

«Жаным» деп құшақтап аласың.

«Жаным» деп  шығарып саласың.

Сұп- сұлу көзіңмен сиқырлап,

Қай жаққа әкетіп барасың?

 

«Сүйем» деп сендіріп кетесің,

Түсіме асығып жетесің.

Халымды сұрар деп сен мүмкін,

Менен де бір хабар күтесің.

 

Мен кейде сен болып сөйлесем,

Ұқсағым келгендей күй кешем.

Жүресің басқарып, бұйырып,

Мен саған және де үйлесем.

 

Көзімнен сөйлер деп қиялым,

Өзіңді көргенде ұялдым.

Сен кетсең сөнем де бір демде,

Өртенген өлеңге сиямын!

 

***

 

Туған жердің салқын тартқан құшағы,

Жат көре ме баласын?

Таныс аула табанымды құшады,

Жасыра алмай наласын.

 

Ауыл-сырқат түксиеді, түнеріп,

Шұрқ-тесік шапанына оранып.

Жан дүнием әлди-әуен тіленіп,

Қайтып барам тоналып.

 

Құрты қайнап пісілетін күбісі,

Берекесі безген екен үйімнен.

Анамның да баяулапты жүрісі,

Демін әзер алады екі иінінен.

 

***

Көңіл де бүгін басылған,

Жасырғаным көп ғасырдан.

Өткергенім бар басымнан,

Бес күндік мына өмірде,

Пенде де болып тасынғам.

 

Түңілгенім көп өлмедім,

«Білемін» дедім, білмедім.

«Сүйемін» дедім, сүймедім,

Сынағында сындым Алланың,

Болмады сабақ түйгенім.

 

Құлақ жоқ жерде мақтандым,

Жүрек жоқ жерде шаттандым.

Тілімнен қайғы тапқанмын,

Мүмкін мен талай адамның,

Аузында сөз боп қақталдым.

 

Жылтырығаннан да жеріндім,

Жаны жоқ сөзге семірдім,

Содан соң...іштей егілдім...

Дөңгеленген мынау дүние ,

Дымымды қалмай кемірдің...

 

«Алла» деп тілім сайрайды,

Қолымды қулық байлайды,

Жанымды жындар жайлайды,

Төсекке тәнім тиген соң,

Өзімнен қашам сол қайғы.

 

Тереңге жетіп тамырым,

Мәңгі өмір сыйла Жарығым.

Анамның қалған арымын,

Барымды шашып алмайын,

Сарқыла көрме сабырым!

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 860
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 714
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 554
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 559