Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 2150 0 пікір 18 Қазан, 2021 сағат 21:26

АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Ербол Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бекітілгені туралы баян етті. Оның дерегінше, 5 жыл ішінде 4,1 трлн теңгеге 582 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. 

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Ербол ағымдағы жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бекітілгенін атап өтті. Бұл құжат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген.

«Бұл құжат күш-жігер мен ресурстарды шоғырландыруды қажет ететін нақты, тораптық міндеттер мен жобаларды шешуге бағытталған», - деді Қарашөкеев Ербол.

Оның айтуынша, ұлттық жобаны әзірлеу кезінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтер, бұдан бұрынғы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру қорытындылары ескерілген. Сондай-ақ, жобаны әзірлеуге Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы халықаралық FAO азық-түлік ұйымының сарапшылары, салалық одақтардың, қауымдастықтардың, ғылымның өкілдері тартылған.

Ұлттық жобаның мынадай негізгі міндеттері айқындалды:

1. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру;

2. Қазақстанның отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу;

3. Өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту;

4.7 ірі экожүйе қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн. ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру.

Сондай-ақ, еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсатына қол жеткізу үшін негізгі факторлар айқындалған.

«Бұлар жоғары сапалы тұқымдарды, минералды тыңайтқыштарды, заманауи техника мен технологияны, суармалы егіншілікті қолдану», - деді министр.
Оның айтуынша, тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, тұқымдарды қадағалау жүйесін құру, сондай-ақ тұқым өсіру шаруашылықтарын қазіргі заманғы техникамен және жабдықтармен техникалық жарақтандыру есебінен дамыту жоспарлануда.Минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру мақсатында өнеркәсіптік өндірістің органикалық тыңайтқыштарын субсидиялау және агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының қызметі мен материалдық-техникалық базасын жетілдіру көзделген.

Министрдің дерегінше, осы шаралардың қабылдануы жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану үлесін қажеттіліктің 93%-ынан 98%-ына дейін, минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін 20%-ынан 29%-ына дейін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде дәнді дақылдардың өнімділігі 10-15%-ға артады

«Техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық субсидиялау жалғасын табады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы лизингінің бағдарламалары кеңейтіледі. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4% – дан 6% – ға дейін артады», - деді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ, ол су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, су беруді субсидиялау тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатынын жеткізді. Соның ішінде, елімізде демонстрациялық фермалар желісін құру және қуаты жылына 1000 қондырғыға дейінгі қазіргі заманғы суару жүйелерін шығаратын зауыт салу жобасы іске асырытынын айтып өтті. Оның айтуынша, бұл су үнемдеу технологиялары қолданылатын алаңдарды 450 мың гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осы орайда, ол импортқа тәуелділікті төмендету және мал шаруашылығы өнімінің экспортын арттыру мақсатында қарқынды мал шаруашылығына көшу жалғастырылатынын жеткізді. Бұл үшін фермерлік шаруашылықтарға мал сатып алуға кредит беру көлемін ұлғайту, азық өндірісін ынталандыру, шалғайдағы мал шаруашылығын және жайылымдардың инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ селекцияның қазіргі заманғы әдістерін, оның ішінде жасанды ұрықтандыру мен эмбриондарды телуді енгізуді ынталандыру жоспарлануда.

«Бұл өңдеуші кәсіпорындардың қуаттылықтарын 100% жүктемемені қамтамасыз етуге, сондай-ақ мал мен құстың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның мәлімдеуінше, облыстық деңгейде құзыреттілікті дамыту орталықтары және аудандық деңгейде ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтарды жаңғырту есебінен, сондай-ақ фермерлердің біліктілігін қашықтықтан арттырудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін білім тарату жүйесімен ауқымды қамту жолымен білім тарату жүйесі жетілдірілетін болады. Сондай-ақ, аграрлық ғылымды қаржыландырудың жеткіліктілігін қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылады. Сонымен қатар, салалық гранттық қаржыландыру енгізіледі.

«Агроөнеркәсіптік кешенге кешенді талдау жүргізу, перспективаларын бағалау, дамуын болжау үшін Министрліктің ахуалдық-талдамалық орталығын құрып, жұмыс істету жоспарлануда», - деді ол.

Импортты алмастыру мәселелері

Министр коронавирус пандемиясы ішкі нарықты қамтамасыз ету басты міндет екенін көрсеткенін айтып өтті. Сондықтан басым экспорттық саясатпен қатар, импортты алмастыру мәселелері де кешенді түрде шешілетінін жеткізді.

«Министрлік ең көп импортталатын позицияларды айқындады, бұлар – құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, алма, қант пен балық. Бүгінгі таңда осы бағыттардың әрқайсысы бойынша нақты инвестициялық жобалар айқындалып, іске асырылуда», - деді министр.

Оның сөзінше, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде жеңілдікті кредит беру, субсидиялау, жер ресурстарымен, инфрақұрылыммен, ішкі нарықты қорғау шараларымен қамтамасыз ету іске асырылатын болады. Нәтижесінде 2024 жылға қарай қантты қоспағанда, осы өнім түрлері бойынша қамтамасыз етілу 100%-ды, ал қант бойынша 80%-ды құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі

Ол ұлттық жобаның басым бағыттарының бірі өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен экспортын дамыту екенін атап өтті. Осы орайда, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды толық жүктеуді, сондай-ақ қазіргі заманғы кәсіпорындар салуды және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуды көздейтін шаралар кешені әзірленгенін жеткізді.

«Бүгінгі таңда инвестициялық жобалар пулындағы 194 жоба – өндірістің қосымша өсуін және тиісінше қосымша экспорт көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өңдеу жөніндегі жаңа жобалар», - деді ол.
Министрдің айтуынша, агроөнеркәсіптік кешен экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту туралы алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, мемелекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық жобаның басымдығы ет, жеміс, көкөніс, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру мен өңдеуді қоса алғанда, ірі инвестициялық жобалардың айналасында 7 экожүйе қалыптастыру екенін атап өтті.

Оның мәліметінше, қосылған құны жоғары түпкілікті қазақстандық өнім жасауға қатыса алатын кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын іске тартуға мүмкіндік береді.

«5 жыл ішінде 4,1 трлн. теңгеге 582 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.Жалпы Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде бес жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, 500 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ету, осылайша 1 млн. ауыл тұрғынының табысын арттыру жоспарлануда», - деп түйіндеді министр.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 848
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 702
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 548
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 553