Жұма, 26 Сәуір 2024
1665 0 пікір 18 Қазан, 2021 сағат 15:45

Қырғыз билігі аса қажет дәрілердің бағасын түсіреді

Қырғызстан министрлер кеңсесі төрағасының орынбасары, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысын өткізді.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкерлермен кездесуде халыққа аса қажет дәрілердің бағасын түсіру жөнінде шешім қабылданған.

"Аса қажет дәрілер қымбаттап кетпес үшін мемлекеттік органдардың жетекшілеріне нақты тапсырма берілді", - делінген ресми хабарламада, алайда нақты қандай тапсырма екені айтылмады.

Қырғызстанда медициналық препараттар бағасын мемлекеттің реттеуі жөнінде бастама бұған дейін де көтерілген.

Еске салайық, бұның алдында Камчыбек Ташиев Қырғызстанда шенеуніктер мен дәрігерлердің қатысы бар фармацевтика мафиясы әшкереленгенін мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір