Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4925 0 пікір 27 Маусым, 2012 сағат 10:24

Зарқын Тайшыбай. Мұхтар Әуезов өмірінің бір кезеңі

Орынбор-Тәшкен, 1922 жыл

Мұхтар Әуезовтің өмірбаянында толық ашылмай,  тиянақ таппай жүрген кезеңнің бірі - 1922 жыл және оның Орынбордан Тәшкенге қай уақытта, не себеппен келгені. Өзі жазған өмірбаянында: «ҚазОАК (КазЦИК) төралқасы мүшесі ретіндегі үлкен лауазымды қызметтен 1922 жылы партия органдары мен үкіметтің рұқсатынсыз кеттім...» деп жазады.

Алдымен осы қызметке қалай, қашан келгендігі туралы деректерді қарайық. Қазақстанның орталықархивіндегі материалдар мынадай: (846-қор, 1-тізбе, 53-іс).

«КирЦИК Президиумы мәжілісінің протоколы. 1921 жыл, 15желтоқсан.

Төраға міндетін атқарушы - Асылбеков, Президиум мүшелері-Авдеев, Әйтиев, хатшы міндетін атқарушы - Кадак.

Күнтәртібі:

1.Шағын Президиумның құрамы туралы.

Бұл мәселе бойынша Кадак баяндама жасады.

Орынбор-Тәшкен, 1922 жыл

Мұхтар Әуезовтің өмірбаянында толық ашылмай,  тиянақ таппай жүрген кезеңнің бірі - 1922 жыл және оның Орынбордан Тәшкенге қай уақытта, не себеппен келгені. Өзі жазған өмірбаянында: «ҚазОАК (КазЦИК) төралқасы мүшесі ретіндегі үлкен лауазымды қызметтен 1922 жылы партия органдары мен үкіметтің рұқсатынсыз кеттім...» деп жазады.

Алдымен осы қызметке қалай, қашан келгендігі туралы деректерді қарайық. Қазақстанның орталықархивіндегі материалдар мынадай: (846-қор, 1-тізбе, 53-іс).

«КирЦИК Президиумы мәжілісінің протоколы. 1921 жыл, 15желтоқсан.

Төраға міндетін атқарушы - Асылбеков, Президиум мүшелері-Авдеев, Әйтиев, хатшы міндетін атқарушы - Кадак.

Күнтәртібі:

1.Шағын Президиумның құрамы туралы.

Бұл мәселе бойынша Кадак баяндама жасады.

Осы мәжілісте: «КЦИК-тің саяси» хатшысы М.Әуезов жолдастын Советтер съезіне жүріп кетуіне байланысты оның орнына адам тағайындамай-ақ... шағын Президиум құрамына Әйтиев жолдасенгізілсін», деген қаулы қабылдайды (34-бет). М.Әуезов бүкілресейлік Советтер съезіне қатысып келгеннен кейін өз қызметіне қайта кіріседі. Айта кету керек, Қазақ Республикасының Орталық Атқару Комитетінің жедел билік органы ретінде құрылған шағын ЦИК (Орталық Атқару Комитеті) 3-4 күнде бір жиналып, мемлекеттік маңызды мәселелерді шұғыл шешіп отырған. Алқаның құрамы да ықшам: төраға және екінші хатшы. Сол екі хатшының біреуі М.Әуезов болыпмемлекеттік деңгейдегі мәселелерді талқылауға белсене қатысқанысол кездегі құжаттардан айқын көрінеді.

Қазақстанның мемлекеттігін қалыптастыру, шекараны анықтау арқылы республика тұтастығын қамтамасыз ету жөнінде шешілуге тисті мәселелер көп болған. Архив құжаттарына қарап отырсаңыз, 1920 жылғы 26 тамызда Қазақ жағдайда Қазақстанға автономиялық республика мәртебесі берілді деп жүргенбіз ғой.

1922 жылғы 11 ақпандағы шағын ЦИК мәжілісіне Мендешев төрағалық еткен, хатшы мүшелері: Алманов пен Әуезов. Бұл мәжіліске Түркістан Орталық Атқару Комитетінен Тоқтыбаев (Иса), Адай ревкомынан Чубаев қатысады (45-бет).

Ал, 14 ақпандағы осы құрамдағы мәжіліске ішкі істер халық комиссары қызметіне жаңа тағайындалған Әйтиев пен Әділет халкомы Бекмұхаммедов қатысқан. Бұл күні қаралған мәселелерге назар аударуға тұрады.

Бекмұхаммедовтің баяндамасы бойынша қобылданған қаулыда Өкілеттік мерзімі аяқталғанша КирЦИК құрамынан оның мүшелері тек өлімі себепті және партиялық тәртіппен кері шақырылып алса ғана босай алады (45-бет). Осы тұрғыдан қарағанда М.Әуезовтің «өз бетіммен оқуға кетіп қалдым» дегені cол кезде үлкен күнә ретінде бағаланғанын көреміз.

Осы мәжілісте саяси хатшы М.Әуезовтің баяндамасы бойынша Хорезм республикасымен (осы күнгі Түркіменстан) арадағы қарым-қатынас туралы маңызды қаулы қабылданады. Қаулыда Хорезм республикасы РСФСР құрамына кірмесе де, Қазақстанмен көршілес жатқандықтан, дипломатиялық байланыс орнату қажеттігі көрсетілген. Хорезм республикасы мен Адай уезі іргелес, халықтары араласып жатыр, сондықтан оңдағы қазақтардың мүддесін қорғау үшін республикадан арнайы өкіл тағайындау қажет деп есептейді. Бұл қызметке кейін хорезмдіктердіңжергіліктіерекшеліктерінжақсы білетін Бекентаев тағайындалған (54-бет).

М.Әуезовтің қатысуымен қабылданған мына құжат баспасөздің дәл қазіргі жайына тікелей қатысты-ау деп есептеймін. Онда «Степная правда» газетінің редакциясына бұйрық-жарлықтары мен хабарландыруларын жариялағаны үшін барлық халық комиссариаттарынан ақы алуға рұқсат берілген (52-бет). 1922 жылғы 14 наурыздағы КирЦИК (толық кұрамында) мәжілісінің, төралқа құрамында Меңдешев, Алманов, Әуезов, Жамелдин, Досов (Әбілқайыр) және Әлібеков бар екен.

Мына құжат та тарихи тұрғыда маңызды. Меңдешев, Алманов және Әуезов қол қойған қаулыда Жетісу және Сырдария облыстарын Түркістан республикасы құрамынан алып, Қазақстанға тезірек қосу жөнінде Бүкілодақтық атқару комитетінің алдына мәселе қойылған. Демек, осы күнгі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарын Қазақ Республикасы құрамына қосу туралы алғаш рет 1922 жылғы наурыздың басында құжат қабылдағанытуралы нақтыдерекосы.

Қаулыда шекара бөлісі мәселелерін түбегейлі шешу жағы кейін ойластырылатыны көрсетілген (56-бет).

Келесі, 13 наурыздағы мәжілісте Орта Азия мен Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны - Түркістан мемлекеттік университетіне (Ташкент) Қазақстаннан 40 студент жіберіп оқыту жөніндегі мәселе де М.Әуезовтің ұсынысы бойынша шешілген. Ұлт кадрларын оқыту шығындарын іздестіру республика Халық комиссарлары Кеңесіне жүктелген (58-бет).

М.Әуезовтің өзі жазған өмірбаянындағы мына сөздерге назар аударайық: «Ол кезде кадрлар аз болғандықтан қызметтегі адамды оқуға босатпайтын. Сондықтан мен сол кездегі жастардың соңынан оқуға рұқсатсыз кетіп қалдым». Университетте мемлекет қаржысына оқу мүмкіндігін көрген М.Әуезов 1922 жылы күзде Тәшкенге келеді.

21 наурыздағы ықшам құрамдағы ЦИК мәжілісінде Мұхтар Әуезов Адай уезіндегі аштық туралы баяндама жасайды. Баяндамасыңда аштыққа ұшыраған қазақ ауылдарында уйымдастыру жұмыстарын жүргізу үшін қазақ қызметкерлеріненарнайы өкілдер жіберу женіңде ұсыныс жасады.

Сонымен бірге, Торғай және Семей облыстарындағы қазақтардың аштыққа ұшырағанын М. Әуезов нақты мысалдармен тәтпіштеп баяндаған.

Орталық Атқару Комитеті аштарға көмектесу, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешу үшін жер-жерге арнайы өкілдер жіберуге ұйғарды. Атап айтқанда, Ақмола губерниясына Жүніс Қияқовты, Семейге Тоғжановты, Қостанай мен Торғайға Сәдуақасовты бекіткен. Тіпті, Сәдуақасовтың аштық кең жайлап кеткен Торғай оязына суыт журіп кетуі керектігін атап көрсеткен (63 бет).

Атқару Комитеті төрт күннен кейін осы қаулының орындалу барысын қайта қараған.

1922 жылғы 4 сәуірдегі мәжілісте жер-жердегі кадр мәселесін шешуге байланысты РКП (б) облыстық комиссиясының құрамына Орталық Атқару Комитетінен М.Әуезов енгізіледі.

Осы қаулыға байланысты М.Әуезов іссапармен жол жүріп кеткенге ұқсайды. Әлкей Марғұланның көрсетуі бойынша, М.Әуезов 1922 жылдың көктемінде Семей губерниясының құрамындағы Павлодарға келген. Бұл келісі жоғарыдағы құжатқа байланысты болса керек. Енді мына бір жағдайларға назар аударайық. Архив материалдарын мұқият қарап отырғанымызда М.Әуезов сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында Орынборда болмаған, оның орнына ОАК-не Мамыкин хатшылық еткен.

Басқа мағлұматтарға қарағанда, 1922 жылдың жазында М.Әуезов Семей облысында аштыққа ұшыраған қыр қазақтарына көмек көрсету шараларын басқарған. Сонымен, сәуір айында іссапарға аттанғанМұхтар Әуезов, осы сапардан кейін Орынборға қайтып оралмаған. Сол бетімен күзге қарай Ташкент бағытына жүріп кеткен.

Бұл орайда 1922 жылғы 1 тамызда жер-жердегі сайлауларға өкілдер тағайындалғанда М.Әуезовтің Ақмола губерниясына бөлінгені туралы дерек бар (169-бет). Бірақ, іссапарда жүрген қызметкерді сырттай тізімге кіргізіп қоюы да мүмкін.

Енді Мұхтар Әуезовтің лауазымды өз ынтасымен қызметін тастап кетуінің себептері жөніндегі ойларымызды ортаға салайық. Өзі жазғандай, "Мен саясат ісіне жарамсыз екенімді сезіндім, еркін жазушылық қызметпен айналысу үшін оқуымды аяқтауға (яғни, жоғары білім алу деп түсінейік. - З.Т.) бекіндім", - дегеніне сенуге де болады, сенбеуге де болады. Бұл өмірбаянының кейіңде қуғын-сүргінге ұшыраған кезде жазылғанын еске алайық. Мемлекеттік қызметті, яғни партия тапсырмасын тәрк етіп, кетіп қалуының мәнісі неде деген сауал әркімнің көкірегінде тұратыны заңды.

Дәл осы тұста әңгіменің басын ашпау қиянат сияқты. Себебі, осы уақытқа дейін бүркемеленіп келген бір шындық бар.

1919 жылы Кеңес үкіметі Қазақстандағы Алаш қозғалысына, дәлірек айтқаңда Алашорда үкіметін құруға қатысқандарға жаппай кешірім жасап, оларды қуғындауға "үзілді-кесілді тыйым салғаны" мәлім. Сол кешірімнен кейін Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхановтан бастап, белгілі қайраткерлердің бәрі Кеңес үкіметінің саяси бағытына қосылды. Жаңа билікке белсене қатысып, Қазақстан мемлекеттігін құруға ат салысады. Қазақ оқығандары, көрнекті ұлт қайраткерлері ретінде жаңа тәртіп жағдайында өз халқының басына ауыртпалық түсірмеуге күш салды. Бірақ олардың ұлтжандылығы жалаңқылыш белсенділерге "ұлтшылдық", "орысқа, большевикке қарсылық" болып көрінді. Тіпті, жоғарыдағы құжаттарда айдан-анық болып тұрған қазақ даласындағы ашаршылықтың өзін бүркемелеуге тырысты.  "Революция құрбандықсыз болмайды" деген тұрпайы қағиданың іс жүзіндегі көрінісі осындай еді. Біз үзінді түрінде, кейде толық келтірген құжаттарда, мағлұматтарда Алашорданың бұрынғы қайраткерлерін "отырса - опақ, тұрса - сопақ" етіп көрсетуге бейімдіктің белең алғанын архив құжаттарынан  көрдік. Кейін ел билігіндегі қазақ қызметкерлерінің өз арасынан жік шығып, біріне-бірі жала жапты. Шын мағынасында бұл кәдімгі мансапқорлық, жай айтқанда  "қызметке таласушылық" еді. Билік орындарында Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, А.Байтұрсынов, М.Әуезов сияқты зиялылардын отырғаны "кеңес үкіметі үшін жан сала күрескендерге" ұнамады. Тіпті, бір құжатта большевик Ә.Әйтиевтің дәл осылай анық істеп жүргендерге жала жауып, адал қызметін жоққа шығарып жатса, Әуезовтер не істеуі керек? "Қасқырдың аузы жесе де - қан, жемесе де  - қан" дегендей,үкіметке сенімсіз екендігін сезінген жанның әрекеті қандай болмақ? Оның үстіне "Ұлттардың өзін-өзі билеуі туралы" лениндік қағиданың жалған екенін көріп тұрса,қайтпек? Өмірі қазақ көрмеген Корестелев, Заремский, Маслов, Ванштейн, Мамыкин сияқты «еуропалық коммунистер» атқарушы органдарға кіріп алып, Қазақстанды билеп-төстеуге қосылып жатса ше?

Осындай қым-қуыт жағдайда 25 жастағы М.Әуезов мына жағдайда өз қазағына күн тудыра алмайтынын, әр қадамын Ресей үкіметінің мінез-құлқына сай өлшеп басу керектігін сезінді де, мемлекеттік қызметтен түңілді. Сол үшін "еркін жазушылық, ұстаздық қызметке кіруге" мәжбүр болғанын байқаймыз.

Кейін 1931 жылғы мамырдың 16 күні тұтқында отырып, тергеушіге берген жауабында мұның себебін Мұқаң өзі таратып былай жаздыда:

"...Сол тұста кеңінен тараған өткен дәуірдің өктемдігінен отаршылдық пиғылдан арыла алмаған жергілікті партия қызметкерлерінің әрекеті менің көңілімді суытып, аптығымды басты. Отаршылдық пиғыл біздің, оның ішінде менің ұлттық намысымды қоздырды. Бұл сезімнің билеп алғаны сондай, бұдан әрі менің партия қатарында қалуыма мүмкіндік бермеді... бұдан әрі партия қатарында қалу мүмкін емес деп шештім" (ҚР ҮҚК-нің архиві, 2370 тіркеу ісі).

Екінші бір жағдай мынадай: Қазақстандағы оның астанасы Орынбордағы қолжаулық үкіметтің тірлігін көрген М.Әуезов Тәшкент жаққа көз салды. Онда қазақтың зиялы деген өкілдері жан-жақтан ағылып барып жиналып жатыр екен. Тұтас Түркістан идеясы Мұқаңа да жат болмаған. Сондықтан үкіметпен де, партиямен де қоштасып, Тәшкенге келеді.

М.Әуезовтің өмірбаянын жазушылар оның өмірінің Тәшкент кезеңінен тым аз мағлұмат береді. «1922 жылы Тәшкен қаласына келді немесе дәлірек айтқаңда, сол жылдың күзіңде келіп оқуға орналасады», дегеннен артыққа бармайды. Мұқаң өзі 1950 жылы жазған өмірбаянында: "1922 жылдың күзінде Ташкенттегі мемлекеттік университетке еркін тыңдаушы болып кірдім", - деп жазған. Біз жоғарыда Мұқаңның Орынборда алты айдай Орталық Атқару Комитетінің саяси хатшысы қызметіндегі кезеңінен мағлұматтар келтірдік. Ұлы тұлғаның өмірінің әр сәті ұрпақтары үшін қымбат. 25 жасқа толар-толмас шағында Қазақстан мемлекеттілігін құрудың басы-қасында болған Мұхтар Әуезовтің қанша қыруар іс тыңдырғанына көзіміз жетеді. Әрине, Мұқаң жас та болса, соның алдында Семейде мемлекеттік қызмет атқарып, едәуір ысылып келген, әрі сауатты, алғыр жігіт ретінде қызметтестерінің арасында беделді болғаны сөзсіз. Сондықтан да оған мемлекеттік деңгейде үлкен сенім білдірілген. Бірақ, қалай болғанда да, Әуезов туған халқының жадында ұлы жазушы, ғалым ретінде қалғаны үлкен бақыт деп есептейміз.

Мұхтар Әуезовтің Тәшкенге келуі

Енді мына сурет туралы. Суреттің астында "Тұңғыш қазақ қызы Аққағаз Досжанованың медицина факультетін бітіруіне байланысты қазақинтеллигенциясыныңфотосы, САГУ, 1922 ж.Ташкент" деп жазылған. Суретке түскендердіңпұшпақбөрік, елтірі бөрік, сеңсеңбөрік, кейбірінің телпек, қалпақ киіп, кейбіреуінің жағалы пальто кигеніне қарағанда бұл кез бері қойғанда қарашаның ортасы-ау деп ойлауға болады. Яғни, ыстық Тәшкен күзінің соңғы күндері болса керек. Суретте М.Әуезов соңғы қатарда. Соңынан санағанда алтыншы, Мағжан Жұмабаев оның алдындағы қатарда жетінші тұр. Түсірілгенінен 77 жыл өткен суреттің астында 20 адамның аты-жөні бар. Олар суретте цифрмен таңбаланған. Қарағанды облысы ішкі істер басқармасы сараптау криминалистика бөлімінің көмегімен (сарапшы Е.Цаплин) сурет жаңартылды, астындағы жазулар қалпына келтіріліп оқылды (1997 жылғы 21 қараша, анықтама №1017). Жазу мәтіні мынадай: 1. Аққағаз Досжанова. 2. Халел Досмұхамбетов. 3. Иса Қашқынбаев. 4. Қашқынбаева. 5. Ходжанова. 6. Рабиға Қаратаева. 7. Мағрипа Қойайдарова. 8. Сара Қапина. 9.... 10. СабырҚапин. 11. Хайрулла Қаратаев. 12. Мұхтар Әуезов. 13. Омаров. 14. Альжан... 15. Мәриям Ахенбекова. 16. Омарова. 17. Анель Аспандиярова. 18. ... 19. Досмұханбетова. 20. Тынышбаев.

Балаларды қоса есептегенде, барлығы - 58 жан. Мұхтар Әуезов Тәшкенге келген бетінде соңдағы қазақ зиялыларымен осы жиында танысқан деп жорамалдаймыз.

Аққағаз Досжанованың қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш дәрігер екенімен қоса, белсенді қоғамдық қызметін көрсететін бір деректі де келтірелік. 1917 жылы ақпан көтерілісі нәтижесінде Ресей патшасы тақтан құлағаннан кейін 2-8 сәуір аралығында Торғай облысы қазақтарының съезі болды. Тарихта бұл съезд Алашорданы дайындаған тұңғыш жиын болып саналады. СъездеӘлихан Бөкейханов бастаған ұйымдастыру бюросы құрылып, жалпықазақ съезінедайындықжасау жөнінде қаулы алынды. Қисынына қарай айтайын деп отырғаным - осы қазақ сьезінде Мәскеуде мамырдың 1-8 жұлдыздары аралығында өтетін жалпы мұсылмандар съезіне қазақ халқыатынан сайланған 4 делегаттың бірі осы Аққағаз Досжановаекендігі.

Суреттегі басқа қыздар туралы деректер мынадай: Сара Капина - Түркістан республикасының прокуроры болған Сабыр Кәпиннің келіншегі, медицина факультетін келесі, 1923 жылы бітірген. Сол Ташкент университетінде сабақ берді, кейін ғылым докторы, профессор болды. 1980-жылдардың басында Ташентте қайтыс болды. Сара Кәпина деп отырғанымыз,қазақтың алғашқы журналистерінің бірі, Ыбырай Алтынсариннің шәкірті әрі аталас ағайыны болған Асылқожа Құрманбаевтың қызы. "Дала уәләяты" газетінің бетінде 1890 жылы тіл тазалығы, әліпбижәнеемле, аударма мәселелері бойынша мақалалар жазған, қазақ зиялыларының алдыңғы толқынынан. Асылқожа Алматыда тұрып қалды, сол өңірде оқу-ағарту ісін ұйымдастырушылардың бірі. Атақты Біләл Сүлеевпен тілектес, қызметтес болған.Ұстаздық қызметі де ерекше. 1936 жылы Алматыда қайтыс болған. Бұл суретті мен сол Асылқожаның екінші қызы қарт ұстаз Қадиша апайдан туған, кезінде КазГУ-дің доценті Сейдузова Роза Ғизатқызының қолынан алдым. Дәлірек айтсам, шешесі қайтыс болғаннан соң, бір барғанымда:«Анам өмір бойы сақтап келе жатыр еді, енді біздің тұқымда мұны керексінетін адам жоқ, балалар мен немерелер орысша оқыған, олардың заманы бөлек. Өңшең «алашордашыларды» не қылады», деп маған отбасылық альбомның қатырма мұқабасын ұстарамен тіліп алып берді. Тіпті сол альбомды түгел ұсынды. Мен, ыңғайсыз көріп алмадым. Тек, ішінен Ораз Жандосов пен Қайдар Құрманбаевтың Верныйдағы ұлдар гимназиясында оқыған кезде, 10-12 жас шамасындағы кезі болса керек, арнайы киіммен түскен суретін ғана алдым. Бұл 1981 жылболатын. Қазақ тәуелсіздік алады, Алаш көсемдері ақталады, сонда бұл сурет те жарық көреді деп кім ойлаған. Әйтеуір, ұлтымыздың өткен тарихының белгісі ғой деп, сақтап келіп едім. Мұндай көлемде жария болған жоқ. Тек қана академик Рымғали Нұрғалиұлы ағамыз бен Мұрат Мұхтарұлы Әуезов құрдасыма көрсеттім. Әр нәрсе уақытында ғой, ертең біз кетсек, қымбат жәдігер суреттің қайда қаларын кім білсін.

Суреттегі Мағрифа Қойайдарова, Әнел Асфендиярова, Рабиға Қаратаева, Мәриям Ахенбекова да қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлер. Осылардың қатарында Міржақып Дулатовтың балдызы Гүлнәр Досымбекова да болуға тиіс.

Осындағы елуден аса ересек адамның бәрін танып шығу оңай емес. Тізімде жоқ Мағжан Жұмабаевты таныдық. Аққағаздың оң жағындағы профессор Халел Досмұхамедов болса, сол жағындағы профессор Александр Эдуардович Шмидт. Бұлардың арасында, кейін 1930 жылы «Сырдария ісі» бойынша ұсталғандардың көбі бар екені шүбәсіз. Бәрі де, суреттің астында жазылғандай, сол кезде Ташкентті сағалаған Алаш көсемдері. Ұрпақтары қалса, танысын деген ойым ғой.

Суреттегі басқа адамдар жөнінде жорамалға тиянақ болатын бір жағдайды да көрсете кетейік.

1922 жылдың желтоқсан айының 4-і күні "Қазақ-қырғыз мәдениетін көркейтушілердің "Талап" қауымы құрылған. Оның төрағасыХалел Досмұхамедов те, хатшылығына Мұхтар Әуезов сайланған. Мүшелері: Александр Эдуардович Шмидт, этнограф Әубәкір Диваев, ақын Мағжан Жұмабаев, Кәріп Жәленов, Николаев, Архангельский, Иса Тоқтыбаев, Мұхаметжан Тынышбаев, Мырзағазы Есболов, қырғыз қайраткері Қасым Тыныстанов. Мұндағылардың бәрі қазақ интеллигенциясының қаймағы саналған білімді, білікті азаматтар. Ал, ең соңғысы - Қасым Тыныстанов қырғыздыңәйгілі ағартушығалымы еді. Қырғыздар Қасым Тыныстанов атын осы уақытта өте-мөте ардақтайды.

Кейінде, 1930 жылы, бұлар "Досмұхамедов пен Тынышбаевтың ұлтшылдық ұйымына қатысты" деген жаламен түгел ұсталады. Мұхтар Әуезовке тағылған "қылмыс" осы еді. (Бұл жөнінде профессор Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным - Алаш» көптомдық зерттеуіндеегжей-тегжейлі жазылғандықтан, қайталап жатуды жөн көрмедік. З.Т.) Шынында "Талап" қауымының жарғысында тек қана мәдени-ағарту қызметі, оқулықтар шығару, әдеби-тарихи материалдар жинау, ғылымды насихаттау кезделген. Мұхтар Әуезов "Талаптың" хатшысы ретінде "Шолпан" журналының 1922 жылғы екінші санына "Қазақ қалам қайраткерлеріне" деген тақырыппен ашық хат жариялап, жаңа ұйымның мақсат-міндетін көпке жаяды.

Міне, ұлы ойшыл, жазушы Мұхтар Әуезовтің бір жылғы өмірі мен қызметі жайлы деректер осындай.

ЗарқынТАЙШЫБАЙ,

М. Қозыбаев атындағы

Солтүстік Қазақстан

мемлекеттік университетінің

профессоры.

Қызылжар қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір