Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3302 0 пікір 24 Сәуір, 2012 сағат 07:36

«Зайсан» құрылыс заман талабына сай үрдіс бастап келеді

Зайсандағы жол-құрылыс басқар­масы негізінде құрылған «Зайсан» құрылыс компаниясы осыдан 7 жыл бұрын жауапкершілігі шектеулі серіктестік деген атауға ие болды. Оны өз ісінің білгір маманы Болатбек Нұрасыл басқарады. Аталмыш серіктестік соңғы жылдары облыс көлемінде жолдар мен көпірлер салып, әлеуметтік мақсаттағы ғи­мараттарды, тұрғын үйлерді сапалы тұрғызып, тұрғындардың ыстық ықыласына бөленіп келеді.

Таяуда іссапармен Зайсан ауданында болған едік. Аудан әкімі Серік Зайнулдин мен Болатбек Нұ­р­асыл екеуі жаңа ғана облыс әкімі тапсырмасымен табиғаты тамылжы­ған Қарашоқыда салынып жатқан спорттық-денсаулық сақтау  базасынан оралған беті екен.

- Қарашоқыда 100 орындық демалыс базасы салына бастағанына бір жылдан асты. Елбасы Н.Назарбаев келешек ұрпақтың денсаулығы мық­ты болуы үшін спортпен шұғыл­дану қажеттігі жайлы үнемі айтып келеді. Жазғы демалыс кезінде бұл жерде оқушылар демалып қана қой­май, спортпен шұғылданады, жарыс­тарға қатысады. Аманшылық болса, ма­ңыз­ды кешен құрылысы шілдеге дейін аяқталуы тиіс, - деп аудан әкімі біраз жайдан мағлұмат бере кетті.

Зайсандағы жол-құрылыс басқар­масы негізінде құрылған «Зайсан» құрылыс компаниясы осыдан 7 жыл бұрын жауапкершілігі шектеулі серіктестік деген атауға ие болды. Оны өз ісінің білгір маманы Болатбек Нұрасыл басқарады. Аталмыш серіктестік соңғы жылдары облыс көлемінде жолдар мен көпірлер салып, әлеуметтік мақсаттағы ғи­мараттарды, тұрғын үйлерді сапалы тұрғызып, тұрғындардың ыстық ықыласына бөленіп келеді.

Таяуда іссапармен Зайсан ауданында болған едік. Аудан әкімі Серік Зайнулдин мен Болатбек Нұ­р­асыл екеуі жаңа ғана облыс әкімі тапсырмасымен табиғаты тамылжы­ған Қарашоқыда салынып жатқан спорттық-денсаулық сақтау  базасынан оралған беті екен.

- Қарашоқыда 100 орындық демалыс базасы салына бастағанына бір жылдан асты. Елбасы Н.Назарбаев келешек ұрпақтың денсаулығы мық­ты болуы үшін спортпен шұғыл­дану қажеттігі жайлы үнемі айтып келеді. Жазғы демалыс кезінде бұл жерде оқушылар демалып қана қой­май, спортпен шұғылданады, жарыс­тарға қатысады. Аманшылық болса, ма­ңыз­ды кешен құрылысы шілдеге дейін аяқталуы тиіс, - деп аудан әкімі біраз жайдан мағлұмат бере кетті.

«Зайсан-құрылыс» ЖШС-нің бас директоры  Болатбек Нұрасылдың айтуынша, бұл жерде 13 корпус бол­мақ. Асхана, монша, дәрігерлік мекеме, футбол, волейбол алаңдары, күн талабына сай салынып жатқан үй­лер сәнді-ақ. Құрылыстың сметалық құны 270 миллион теңге. Құрылыс­шы жігіттер уақытпен санаспай мер­зімінде тапсыруға күш салып жатыр.

Ауданды былай қойып, облыс көлемінде көптеген құрылыс ғима­рат­тарын салуға атсалысып келеміз. Осыдан екі жыл бұрын Тарбағатай ауданының бірнеше елді мекенін су шайып, жүздеген тұрғын  үй, ондаған көпірдің жарамсыз болып қалғаны белгілі. Сын сәтте көмек көрсету үшін көршілерге аттандық. Қызыл­кесік ауылына екі көпір салып бер­дік. Қарақаба ауылына  жол салдық. 2010 жылы аудан орталы­ғында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға бердік. Елбасының тапсырмасы бойынша Зайсан қа­ласын­да да 60  пәтерлі жалға бе­рілетін тұрғын үйдің құрылысын бастап кеттік, - дейді Болатбек Нұрасыл.

Осыдан бірнеше жыл бұрын мекеме жанынан азаматтық құрылыс учаскесі ашылған еді. Аталмыш учас­ке күшімен 2017 әскери бөлі­міне 300 орындық казарма, штаб салынды.Тарбағатай ауданының Қар­ғыба, Үштөбе ауылдарына мектеп салып берді. Бір кездері тоқтап қал­ған «Жұлдыз» кинотеатрын көрсе­ңіз, қазір танымайсыз. Алтын қолды шебер Бөкең ғимараттың екінші тынысын ашты. Қазір ол жерде жаңа мейрамхана бой көтерді. Аптаның жеті күні бойы мейрамхана бос болмайды, тіпті бір жыл бойы кезек  күтуге тура келетініне де көз жет­кіздік. Ау­дандағы басқа да жүздеген құрылыс нысандарында аталмыш серіктестік ұжымының ізі жатыр.

Құрылыс компаниясы аршынды адымын одан әрі жалғастыруда. Бұдан 10 жыл бұрын темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт іске қосылса, бір жылдан кейін жиһаз, ағаш өңдеу, асфальт-бетон цехы мен зауыты пайдалануға берілді. Өткен жылы серіктестік ұн зауытын іске қосты. Бөкең қайырымдылық шараларына да белсене араласады. Сан мәрте конкурстарға қатысып, жеңім­паз атанған.  Бұл табыс - ұжымның жетістігі.  Міне, жақында жаңа қо­нақ­үй құрылысын аяқтаймыз. Онда да жігіттердің үлесі бар, дейді Болатбек Нұрасыл.

Оңдасын ЕЛУБАЙ.

Мамыр айына материалдар

1. Нанотехнология Шығыстың шырайын арттыра түспек

Шәкәрім атындағы Семей мем­лекеттік университетінде «Қа­зіргі замандағы биоматериалдар, наноматериалдар және наномедицина мә­селе­лері» атты І халық­ара­лық ғы­лыми-прак­тикалық конференция өтті. Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған конферен­цияға АҚШ, Ұлы­британия, Жапония, Германия, Ирландия, Ресей ғалым­дары қатысты.

Жиында баяндама жасаған ға­лымдар нанотехнология саласын­дағы жаһандық жетістіктерге кеңі­нен тоқталды. Америкадан келген Радиологиялық технология уни­вер­ситетінің президенті Мерфи Брент медициналық физиканың бола­шағы туралы баяндама жасап, әлемді алаңдатып отырған қатерлі ісік ауруын наномедицина арқылы ауыз­дықтау бағытында атқарылып жат­қан ғылыми жаңалықтар жөнінде келелі әңгіме қозғады. Ал, Роуз-Халман технология институтының (АҚШ) бағдарлама директоры Р.Лет­фуллин жақын болашақта нанотехнология саласына әлемдік рынокта 1 триллион доллар көлемінде қар­жы жұмсалатындығын және осы салаға қызмет ететін 2 миллиондай маман қажет болатындығын баса айтты. Қазақстандық ғалымдар да өз ғылыми зерттеулерінің  жетіс­тігін ортаға салып,   алдағы кезеңде шетелдік әріптестерімен бірлесе жұмыс істеуге ынта   білдірді.

Осы басқосудың алғашқы қада­мы ретінде аталмыш конференция­ның аясында Шәкәрім атындағы Семей мем­лекеттік университеті мен  Радиоло­гиялық технология уни­верситеті (АҚШ) ынтымақтас­тық жөнінде келісім жасасты.

Келісім-шартқа сәйкес Радиоло­гия­лық технология университеті мен Шәкәрім атындағы Семей мем­лекеттік университеті арасындағы наномедицина және медициналық физика бойынша академиялық дә­реже беретін екі дипломды MS бі­лім беру бағдарламасы іске асырылмақ.

Жаңа білім беру бағдарламасы бойынша білім алған әрбір магис­трант Радиологиялық технология универси­теті мен Шәкәрім атында­ғы Семей мемлекеттік универси­тетінің жеке академиялық дәреже­сін алады. Аталмыш  инновациялық магистрлік бағдар­лама нанотехнология саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді оқытады.

«Абай-ақпарат»

2.      Евгений ГРИГОРЬЕВ. Таң шығыстан атады. Бастамаларда Шығыстан басталады

Менің жасым 82-де. Өмір бойы Қазақстанда тұрып, жарты ғасыр бойы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақ­стан мемлекеттік техникалық универ­си­тетінде ұстаздық етіп келемін. Док­торлық диссертация қорғадым, профессор атандым. Қазақ досы, көршісі десе бір жапырақ нанын бөліп беретін жомарт халық екенін бала кезімнен білемін. Қазақ тілін тәп-тәуір меңгеріп алдым. Маған, әсіресе, Абайдың фи­ло­софиялық ой-тұжырымдары, терең мағыналы өлеңдері үлкен ой салды. Ұзақ жылдар ізденіп, «Ұлы даланың Прометейі», «Адам бол», «Абай және Алаш қозғалысы» деген кітаптарды жарыққа шығардым. Бұл жинақтарды шығаруға өзім еңбек ететін ШҚТМУ көп көмек көрсетті.

Абайдың өлеңдерін оқып, көңілге түйгенде ұлы ақынның қазақ халқы­ның өз алдына дербес мемлекет болуын қалағанын түсіну қиын емес. Міне, сол арманға жеттік. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқанына да 20 жылдан асып барады. Тәуелсіздік - ұлы бақыт. Бабалар аңсаған тәуелсіздікті сақтап қалу үшін не істеу керек? Ең алдымен, елді мекендеген жүзден астам ұлт пен ұлыстың достығы мен татулығы баянды болса, бейбітшілік нығая бермек. Әлі есімде, 1995 жылы түрлі этнос­тар­дың басын қосып, елімізде татулық пен бейбітшіліктің салтанат құруын мақсат тұтқан Елбасы Н.Назарбаев Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясын құру жө­нінде бастама көтерді. Оны барлық этнос өкілдері қызу қолдап әкетті. Сөй­тіп, басқа мемлекеттерде жоқ қо­ғам­дық институт бізде бірінші болып дүниеге келді.

Таңның шығыстан ататыны белгілі. Демек, нендей бір игі бастамалардың шығыста туындап жататыны заңды­лық болса керек. Еліміздегі тұңғыш Достық үйі Өскеменде 1992 жылы құ­рылып, оның салтанатты ашылуына Елбасы  Н.Назарбаевтың өзі келіп қатысты. Мен де ол кезде жиырмадан астам этностың басын қосып, татулық пен достыққа ұйытып отырған Достық үйінің жұмысына белсене араласқан едім.

Тұңғыш Достық үйінің ашылуында Нұрсұлтан Әбішұлы ақжарма тілегін айтты, шырайлы шығыстан бастау ал­ған құнды тәжірибені еліміздің барлық облыстарында қолдану қажеттігіне тоқ­талды. Артынша Кенді Алтайдың тә­жірибесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі зерттеп, оны барлық облыстарға таратты. Бұл күн­дері өңірде сегіз Достық үйі бар, оларда 82 этномәдени бірлестік жұмыс іс­теуде.

Облыстық Достық үйінің мақсаты - ұлтаралық келісім мен тұрақ­ты­лықты нығайту, ұлттар мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрін жаңғырту, мә­дени мұраны сақтау және Қазақстан жастарын патриоттық сезімде тәр­биелеу болып табылады.

Енді өзім куә болған бірнеше жайды айта кетейін. 2001 жылдың желтоқ­са­нында облыстық филиалдың бастамасымен ұлтаралық қарым-қатынасты тереңдету және оның тәсілдерін зерттеу деген тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. ШҚО Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының төрағасы, өңір басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен де соңғы үш жылда халықтар достығын тереңдету мақсатында отыздан астам игі шаралар өткенін айта кеткен орынды. Шығыс Қазақстан облысының ға­лым­дары да Ассамблея жұмысын жан­дандыруға лайықты үлес қосып келеді.

Енді бірер күннен кейін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Х1Х сессиясы өтеді. Оған біздің об­лыс­тан да делегация қатысып, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарын саралап, жаңа шептер мен міндеттер қабылдамақ. Татулық пен тұрақтылық мекені - Қазақстан басқа мемлекеттерге алдағы уақытта да үлгі-өнеге көрсете бермек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 811
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 635
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 508
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 518