Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 18477 0 пікір 21 Маусым, 2012 сағат 14:12

Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім сапасы

рейтинг.kz www. agencyrating. kz

Жыл сайын қазақстандық жоғары білім беретін оқу ордаларына 100 мыңнан астам мектеп түлектері оқуға түседі. Олардың барлығы, ең алдымен өзіне қажет ЖОО орнын таңдау мәселесіне тап келеді. Екіншіден, оқу орнын тәмамдаған түлек кәсібі бойынша жұмыс таба алмайды. Осы орайда, «Рейтинг.KZ» зерттеу агенттігінің 2012 жылдың мамыр-маусым айларында өткізген зерттеу жұмыстары, жоғары оқу орнына түсуге талпынған абитуриенттерге өздеріне сай жоғары оқу орнын таңдауға көмегін тигізу үшін дайындалған.

Зерттеу әдістемесі

Зерттеу жұмыстары отандық жоғары оқу орны түлегінің жұмыс табу мәселесі қандай деңгейде деген сұраққа жауап беруді көздеген. Осыған сәйкес зерттеу жұмыстары келесі аталған үш кезеңде өткізілді.

1. Ең алдымен, Қазақстанның ірі жоғары оқу орындарының тізімі жасалды:

 

1

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ)

2

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ)

3

рейтинг.kz www. agencyrating. kz

Жыл сайын қазақстандық жоғары білім беретін оқу ордаларына 100 мыңнан астам мектеп түлектері оқуға түседі. Олардың барлығы, ең алдымен өзіне қажет ЖОО орнын таңдау мәселесіне тап келеді. Екіншіден, оқу орнын тәмамдаған түлек кәсібі бойынша жұмыс таба алмайды. Осы орайда, «Рейтинг.KZ» зерттеу агенттігінің 2012 жылдың мамыр-маусым айларында өткізген зерттеу жұмыстары, жоғары оқу орнына түсуге талпынған абитуриенттерге өздеріне сай жоғары оқу орнын таңдауға көмегін тигізу үшін дайындалған.

Зерттеу әдістемесі

Зерттеу жұмыстары отандық жоғары оқу орны түлегінің жұмыс табу мәселесі қандай деңгейде деген сұраққа жауап беруді көздеген. Осыған сәйкес зерттеу жұмыстары келесі аталған үш кезеңде өткізілді.

1. Ең алдымен, Қазақстанның ірі жоғары оқу орындарының тізімі жасалды:

 

1

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ)

2

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ)

3

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ)

4

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ)

5

Қазақ ұлттық агротехникалық университеті (ҚазҰАУ)

6

Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті (ҚазЭУ)

7

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (ҚазХҚжӘТУ)

8

КИМЭП университеті

9

Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ)

10

Халықаралық бизнес академиясы (ХБА)

11

«Тұран» университеті

12

Халықаралық бизнес университеті (UIB)

13

Орталық Азия университеті (ОАУ)

14

Алматы энергетика және байланыс институты (АЭБИ)

15

М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА)

16

Қазақ гуманитарлық заң университеті (ҚазГЗУ)

17

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ)

18

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ)

19

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (ПМУ)

20

Атырау мұнай және газ институты (АМГИ)

21

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (ШҚМТУ)

22

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (ШҚМУ)

23

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (СКГУ)

24

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (ОҚМУ)

25

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (КМТИУ)

26

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (БҚАТУ)

27

Сулеймен Демирел атындағы университет (СДУ)

Жоғары оқу орындарын іріктеу «РейтингKZ» ЗА мамандарының пікірлері негізінде бағалау әдісімен жүргізілді. Тізімге әскери оқу орындары және бір бағыттағы арнайы білім беретін оқу орындары, мысалы, медициналық ЖОО енгізілген жоқ.

2. Отандық және халықаралық HR саласында қызмет істейтін 72 басшылар мен мамандардың арасында арнайы сауалнамалар жасалды. Олардың ішінде, «Қазақмыс» корпорациясы, «Еуразиялық банк» АҚ, ВТБ Банкі АҚ ЕҰ (Қазақстан), «31 канал», «DHL», «Imperial Tobacco», «Ernst & Young» және тағы басқа ірі ұйымдардың өкілдері бар.

Респонденттерге персонал іріктеу барысындағы өз тәжірибесіне сүйене отырып, сапалы білім беретін жоғары оқу орындарын атау, сонымен қатар, аталған компанияның жоғары оқу орны түлектерін жұмысқа қабылдау саясаты туралы бірнеше сұрақтарға жауап беру туралы ұсыныс жасалды.

Компаниялар мен ұйымдар басшыларының және HR-мамандардың берген бағалары негізінде отандық жоғары оқу орындарының рейтингтері жасалды. Рейтингтегі жоғары оқу орындарының бағасы оны бөле-жарған мамандар мен басшылардың санына қарай айқындалды.

3. Зерттеу жұмыстарының соңғы кезеңі - қазақстандық жоғары оқу орындарын 2007-2009 жылдары тәмамдаған түлектердің арасында өткізілген сауалнама нәтижесі. Респонденттерге өздері алған білім сапасын, білімі мен машықтарын, олардың кәсіби салада жетістіктерге жету барысында тигізген пайдасын бағалауға мүмкіндік беретін бірнеше сұрақтар қойылды. Ғаламтордың әлеуметтік жүйелерінің көмегімен аталған сауалнамаға 18 мыңнан астам адам қатысуға мүмкіндік туғызған ерекше іріктеу жұмыстары жүргізілді. Респонденттердің жалпы көпшілігі белсенділік танытпағанмен, аталған сауалнама бүгінгі күні орын алып отырған жалпы ахуалға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Ұйымдардың басшылары мен HR-мамандарының бағалары

Төменде көрсетілген мәліметтер 72 ірі компаниялардың басшылары мен HR бөлімдері мамандарының сауалнамаға берген жауаптары негізінде құралған. Рейтинг құрастыруға негіз болған басты сұрақ мынадай: «Өз тәжірибеңізді негізге ала отырып, Сіздің пікіріңізше, төменде көрсетілген тізімде аталған жоғары оқу орындарының қайсысы ең сапалы білім береді?».

Респонденттер жауабы бойынша ең көп аталған ЖОО кестеден жоғары орын алды. Сарапшылар пікірі төмендегідей:

 

Нәтижесінде, компаниялардың басшылары мен HR бөлімдерінің мамандары КИМЭП университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Халықаралық бизнес академиясы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) басқа жоғары оқу орындарының көшін бастап келеді деген пікірде.

Үздік үштіктің екеуі жекеменшіктегі оқу орны екенін, олардың оқу ақылары еліміз бойынша ең қымбат екенін атап өту керек. Бұл жоғары оқу орнына салынатын қомақты қаражаттың жақсы жерге жұмысқа тұруға артықшылық беретінін білдіреді.

Зерттеу нәтижелеріне келсек, ол мемлекеттік оқу орындарына қарағанда, жекеменшік оқу орындарының жұмыс берушілер арасында үлкен мәртебеге ие екенін көрсетті. Бұл Қазақстанда қалыптасқан жоғары білімнің мемлекеттік-жекеменшік модулінің дұрыс екенін көрсетеді.

Көптеген өңірлік ЖОО түлектері әлеуетті жұмыс беруші болып табылатын ірі компания өкілдерінің басшылары арасында сұранысқа ие емес. Атап айтсақ, төрт ЖОО (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, ОҚМУ және ШҚМУ) сауалнама барысында бір де бір дауысқа ие бола алмады. Мұны бір жағынан алғанда, көптеген ірі компаниялардың өз кәсібін Астана және Алматы қалаларында жүргізуімен, өңірлік ЖОО орындарын тәмамадаған үміткерлермен кездесе алмайтынымен түсіндіруге болады.

Компаниялардың бас­­шы­­лары мен HR бөлім­дері маман­дарының басым көпшілігі (67%) оқу орнын енді ғана бітір­­ген түлектерді жұмысқа қабылдауды тәжі­рибеге айналдырған. Компания­лардың үштен бірі (30%) өз штатын кәсіби білікті мамандарды тарту арқылы жаңарту тәжірибесін пайдаланады.

 

 

Аталған көрсеткіштер ЖОО тәмамдаған түлектердің алғаш рет жұмысқа орналасу мәселесін түсіндіре алады. Көптеген компаниялардың басшылары еңбек нарығын жаңа білікті мамандармен толтыру барысындағы жауапкершіліктерін сезінбейді.

Респонденттердің басым көпшілігі (53%) жұмысқа қабылдау барысында ЖОО мәртебесінің басқа оқу орындарымен салыстырғанда артықшылығы бар екенін атап көрсетті. Сауалнамаға жауап берушілердің басым бөлігі (40%) алған біліміне қарамастан жұмысқа қабылдау барысында барлық үміткерлердің мүмкіндіктері бірдей деп сендірді.


 

 

 

 

Респонденттердің басым көпшілігі (69,4%) өз компанияларының мамандарды дайындау барысында қазақстандық жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас жасамайтынын атап көрсетті. Аталған факті Қазақстанда жұмыс істейтін көптеген компаниялардың кадрлық әлеуетін ұзақ мерзімге дамытуға қаражат салуға мүдделі емес екендігін дәлелдейді. Мұны тағы бір қырынан алсақ, жоғары білімді жас мамандардың тым көптігімен де түсіндіруге болады.

КИМЭП (13,9%) компаниялар өкілдерінің сауалнама нәтижелері бойынша ЖОО көпшілігімен тиімді қарым-қатынас орнатқан ЖОО. Әкімшілігі профильді компаниялармен тиімді ара-қатынас орнатқан ЖОО бұл талап бойынша үздіктер қатарында екенін атап өту керек. Бұл ЖОО - білім сапасын жақсы жағынан көрсететін маңызды көрсеткіш.

 

 

 

 

 

Респонденттердің басым көпшілігінің пікірі бойынша (69,4%) олардың компанияларының қызмет істейтін салалары бойынша ең сапалы білім беруші Ресейдің жоғары оқу орындары. Мұны екі елдің жақындығымен, бизнес жүргізу модельдерінің өзара ұқсастығымен түсіндіруге болатын сияқты.

 

 

Алыс шетелден оқып келген жастардың жұмыс табуы оңай деп қалыптасқан пікірге жауап ретінде, сауалнамаға қатысушылар шетелдік оқу сапасына салыстырмалы түрде өте жоғары баға бермеді. Білім сапасы бойынша екінші орын британдық ЖОО (44,4%), үшінші американдық ЖОО (36,1%) берілді.

Мұндай нәтижелер отандық студенттердің алыс шетелдерде оқу тиімділігін күманға келтіріп, қазіргі кезде орын алып отырған алыс шетелдерде оқып келген қазақстандық студенттердің әсіресе мемлекеттік емес компанияларға жұмысқа орналаса алмауын түсіндіреді.

Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің арасында өткізілген сауалнама

Жоғары оқу орындарын соңғы жылдары бітірген түлектердің іргелі білім сапасын бағалау үшін тиісті оқу орындарда әлем классиктерінің шығармаларын оқу тәжірибесі пайдалануы туралы сұрақ қойылды. Сауал нәтижесі ЖОО басым көпшілігінің кеңестік дәстүрі - іргелі білім беру тәжірибесін жоғалтқанын анықтады, респонденттердің тек үштен бірі (34%) түпдеректерді оқытуды міндеттеген.

 

 

 

 

 

 

Осы талап бойынша ең үздік көрсеткіштер екі мемлекеттік университеттердің үлесінде: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогика университеті. Аталған оқу орындар түлектерінің көпшілігі бұл сұраққа дұрыс жауап берді.

Оқу орнында алған білімін тәжірибе жүзінде жалғастыру жақсы нәтиже беруде. Сауалнамаға жауап берген түлектердің басым көпшілігі (86%) өндірістік тәжірибеден өткені туралы хабардар етті.

 

 

 

 

 

Сонымен қатар, жоғары оқу орнын бітірген әрбір жетінші-сегізінші түлектің (13%) тәжірибеден өтпегені қынжылтады. Бұл жерде түлектерінің шамамен алғанда үштен бірі (30%-дайы) тәжірибеден өтпеген екі ЖОО атап өтуге болады: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (аталған ЖОО кейбір факультетінде тәжірибен өткізу мәселесі үстірт қаралған немесе түлектер оның сапасына қанағаттанбаған.

Өкілетті органдардың жоғары оқу орындарында шет тілдерді оқытуды жақсартуға бағыттаған шараларына қарамастан, сауалнама нәтижелері бұл мәселенің әлі де өзекті екенін көрсетіп отыр. Түлектердің тек бестен бірі (21%) жоғары оқу орнында шет тілін жақсы меңгергенін, еркін сөйлесе алатынын атап көрсеткен. Қазақстандық ЖОО түлектерінің үштен бірі (34%) ғана шет тілде өз ойын еркін жеткізе алады, бұған оқу орнының қатысы болмаған. Жоғары оқу орнын тәмамдап, шет тілде өз ойын еркін жеткізе алмайтын түлектердің санын (32%) көп деуге негіз бар.

 

 

 

 

 

Оқу тиісті шет тілдерде өткізілетін КИМЭП, ҚБТУ, СДУ мемлекет меншігіне жатпайтын оқу орындары, ЖОО арасында шет тілдерді оқыту бойынша үздіктер қатарында. Аталған оқу орындар түлектерінің 69% - 81 % алған білімдерінің арқасында шет тілде өз ойларын еркін жеткізе алады.

Зерттеу нәтижелері бойынша ЖОО түлектері өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді деген пікір расталды. Сауалнамаға жауап берушілердің тек жартысы ғана қазіргі уақытта өз кәсіби саласында жұмыс істеуде. Өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге құлшыныс танытып, жұмыс таба алмай жүргендердің басым көпшілігі Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ түлектері (30%), олар «жұмыс іздедім, таба алмадым» деп жауап берді.

 

 

 

 

 

 

Зерттеу нәтижелері сондай-ақ, ЖОО орнын тәмамдап, алған дипломдары одан арғы өмірлеріне айтарлықтай әсерін тигізбеген. ЖОО орны түлектерінің төрттен біріне алған дипломадары бірде бір рет көмегін тигізбеген.

 

 

 

]

 

 

Кейбір ЖОО-да бұл көрсеткіш 50%-ға жақын. Дипломның көмегі тиді ме деген сұраққа жауап берген компаниялардың басшылары мен HR мамандарының бағаларына сүйенсек, бұл жерде ең үздік көрсеткіш КИМЭП пен ҚБТУ (тиісінше 90 және 86 %) үлесінде.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандық ЖОО түлектерінің көпшілігінің алған білім сапасы төмен болғанмен, жеке табысын айтарлықтай жоғары деп айтуға болады. Атап айтсақ, төрттен бірінің айлық табысы 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін және 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін. Респонденттердің 30% кірісі 150 мың теңгеден артық. Сауалнамаға жауап бергендердің ай сайынғы табысы 50 мың теңгеден кем. Шамамен алғанда 10% ағымдағы уақытта тұрақты табысы болмай отыр.

 

 

 

 

 

 

Қорытындылар мен ұсыныстар

Осы зерттеу жұмыстары Қазақстанның ЖОО алынған білім сапасының негізгі құндылығы оның түлектерінің жақсы жұмысқа тұруы екендігін анықтады.

Сонымен қатар, ЖОО берген біліміне беретін бағаға аталған оқу орындарының кеңес дәуірі кезінен бері қалыптасқан мәртебесі емес, әлеуетті жұмыс берушілердің тиісті ЖОО берген бағалары өз әсерін тигізуде.

Қазақстандық жұмыс берушілердің өз компанияларына КИМЭП, Қазақ-Британ техникалық университеті және Халықаралық бизнес академиясының түлектерін жұмысқа құлшына қабылдауы оларға тек белгілі бір саладағы білікті маман ретінде қарауы емес, сонымен қатар, материалдық тұрғыдан алғанда да сәтті азамматтар деп қарауынан да болса керек деген тұжырым жасауға негіз болады.

Басқаша айтқанда, түрлі жоғары оқу орындарының түлектерін әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан сипаттауға мүмкіндік беретін факторлар мәртебесі мен еңбекақысы жоғары жұмыс табуға әсерін тигізе алады.

Осы зертеу жұмыстарының тағы бір маңызды нәтижесі жұмыс берушілердің түрлі техникалық мамандықтар бойынша білім алған түлектерге (ҚБТУ, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Атырау мұнай және газ институты, Алматы энергетика және байланыс институты) артықшылықпен қарауы. Бұл ел экономикасының түрлі салалары үшін білікті инженерлік-техникалық кадрларды дайындау деңгейін көтеру керектігін дәлелдейді.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Атыр-ау мұнай және газ институты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті сияқты өңірлік оқу орындарының рейтингте төменгі орында болуы олардың басқа жоғары оқу орындарымен бәсекелестікке түсе алмауында емес, аталған ЖОО түлектерінің өз өңірлерінде өздеріне қолайлы жұмыс тауып алу мүмкіншіліктері бар деуге болады.

Десе де, көптеген отандық жоғары оқу орындарының басшылары өз студенттері сапалы білім алуы мен кәсіби біліктілік деңгейінің жоғары болуы үшін жауапты екенін ешкім жоққа шығармайды. Осы зерттеу нәтижелері аталған ЖОО әкімшіліктерінің өз жұмысында келесі талаптарға ден қою керектігін айқындады:

- оқытушылар мен студенттерге өздері таңдап алған кәсіптер бойынша әлемдік классиктердің түпдеректерімен міндетті түрде танысу туралы талап қою;

- студенттердің өздері таңдап алған мамандықтары бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда өндірістік тәжірибеден өтуін қамтамасыз ету;

- аталған жоғары оқу орындарында шет тілдерін оқыту деңгейін арттыру.

Отандық ЖОО түлектерінің жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін оңтайлы шешу мақсатында:

1. ЖОО меншік құқығына қарамастан квазимемлекеттік компаниялар және ұйымдармен (холдингтер, ұлттық компаниялар және т.б.) және жеке сектормен, аталған компаниялар мен ұйымдардың ЖОО орнындағы студенттерді тиісті салалардағы білікті маман ретінде дайындауға қатысуға (мысалы, қамқорына алуы), кейін оқуын бітірген соң міндетті түрде жұмысқа қабылдауға ынталандыру.

2. Мемлекеттік органдарда, сонымен қатар, мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдарда мемлекеттік жоғары оқу органдары түлектерін жұмысқа қабылдау квоталарын бекіту.

3. Жоғары оқу орындарын өз түлектеріне оқытушы ретінде жұмыс беруге ынталандыру.

Ирина Смирнова, «Ар-Намыс» РҚБ Алматы қалалық төрайымы:

- Бұл зерттеулер талапкерлермен қатар жуырда деңгейі төмен жоғарғы оқу орындарын жабатындығын хабарлаған ҚР Білім және ғылым министрілігі үшін де өте маңызды.

Жалпы, мұндай зерттеулер жүргізілмейді десе де болады. Ал, оған талапкерлер мен олардың ата-аналары қызығушылық танытуда. Тіпті, өзге де елдердің студенттері осындай ақпаратқа мұқтаж. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мәселен, Ирландия мен Мальта секілді елдерде шетелдік студенттерді оқыту арқылы көлемді қаржы табу жолдары бар. Дәл осы әдісті біздің елде де неге қолданбасқа?

Бұл зерттеу сонымен бірге, 29 жоғарғы оқу ордаларын жапқалы отырған ҚР Білім және ғылым министрлігіне және ЖОО-ның өздері үшін де аса қажет. «РЕЙТИНГ.KZ» зерттеу агенттігінің осы және бұдан кейінгі зерттеулері қазақстандық ЖОО-ның сапасына баға беріп қана қоймай, студенттерге сапалы білім беріп жатқан ЖОО-ын жабылудан сақтап қалуға да жағдай туғызады.

Осындай зерттеу агенттігі Қазақстандағы жоғары білім сапасын қадағалайтын азаматтық бақылау құралы бола алады. Ал, бұл зерттеулердің нәтижелері министрліктің шенеуніктері мен ЖОО-ның өздеріне жабылуға тиіс оқу орындарын анықтауға мүмкіндік береді.

Мақпал СОЦИАЛҚЫЗЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор:

- Жоғары оқу орындарының арасында мұндай зерттеудің жүргізіліп отырғаны өте дұрыс. Кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағын айқындайтын сол елдің ЖОО-сы десек, ондағы білім мен ғылымның, оқытушы-профессорлық құрамының қаншалықты әлеуетті екенін анықтау маңызды. Әсіресе, мектеп бітірген жастар оқу орнын таңдау кезінде көп ойланады. Сондықтан мұндай зерттеу қорытындысы оларға дұрыс бағдар болады деп ойлаймын. Елімізде ЖОО белгілі бір деңгейде салыстырмалы түрде қайсысы №1, қайсысы талапқа сай еместігі туралы жазылып та, айтылып та келеді. Бірақ олардың қаншалықты объективті түрде рейтинг түзетінін мен білмеймін, халық та біле бермейді.  Рейтинг.kz  орталығында мықты сарапшылар болып,  өз еңбегінің қорытындысын ашық түрде қоғамға жариялайтын болса, құба-құп. Тағы бір ескерер мәселе - рейтингті енді ғана мектеп бітірген талапкерден гөрі, 2-3-курстың студенттері жақсы біледі. Сауалнаманы солардан бастау керек деп есептеймін. Себебі, бүгінгі жастардың қолында  интернет, пошта бар, бір-бірімен еліміздің барлық қалаларында оқып жатса да ой бөлісіп, пікір алысып отырады. Қай оқу орнының оқытушы-профессорлары жақсы, онда жемқорлық бар ма, жоқ па деген мәселені солардан артық ешкім айта алмайды.

Сағымбек ӘЛТАЙҰЛЫ,  ЕҰУ-дың биотехнология және микробиология кафедрасының доценті:

- Рейтинг - ЖОО-ның деңгейін анықтайтын көрсеткіш. Әрине, Рейтинг.kz зерттеу орталығы жақсы бастама көтеріп отыр екен. Мәселен, біздің ұлттық университетіміз 2011 жылы «Times Higher Education» деп аталатын әлемде беделді саналатын британдық рейтинг агенттігінің ұйғарымы бойынша, əлемдік ең үздік 500 ЖОО арасында 431-ші орынды иеленді. Бұл - біз үшін мәртебе, бірақ, шетелдің зерттеу агенттігінің қорытындысы. Ал, енді отандық рейтинг агенттіктері өз ішімізде мұндай жоғары деңгейлі зерттеу жүргізіп, оның нәтижесін айқайлатып тұрып шығаратын болса, неге құптамасқа?! Бұл ең алдымен, оқу орындары арасындағы жақсы мағынадағы бәсекелестіктің артуына жол ашады. Қазір Білім министрлігінің жанынан ашылған ұлттық аккредитациялық орталық жұмыс істейді. Олар шешім шығарар алдында ең алдымен оқу орнының сайтына, ғылыми-зерттеу базасына, кадр мәселесіне, яғни оқытушы-профессорларының ғылыми дәрежелері, оқу сапасы, шетелдермен қарым-қатынасына қарайды. Егер Рейтинг.kz мұнан да жоғары деңгейде рейтинг жүргізетін болса, мен қолдаймын.

«ҰЛТ TIMES» қоғамдық-саяси апталығы 21. 06. 2012

0 пікір