Сенбі, 4 Мамыр 2024
Билік 2675 1 пікір 30 Қыркүйек, 2021 сағат 16:11

Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет

Сенатор Нұртөре Жүсіп Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында журналистердің мәртебесін заңнамалық көтеру қажеттілігін көтерді.

Депутаттың айтуынша, журналистің қоғамдағы орны заң жүзінде анықталмаған. «БАҚ туралы» Заңда және еліміздің Еңбек кодексінде журналистердің мәртебесі мен кепілдіктері туралы баптар жоқ. Салалық заңда журналистердің құқықтары мен міндеттері ғана жазылған. Мұның бәрі журналистердің өте жауапты және қауіпті жұмысын ескермеу.

Нұртөре Жүсіп отандық журналистиканы дамыту үшін журналистердің мәртебесін көтеру, оларды әлеуметтік кепілдіктермен және қорғаумен қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Сенатор пандемия кезінде журналистер дәрігерлермен, полицейлермен және құтқарушылармен тең дәрежеде жұмыс істегенін, бірақ олардан айырмашылығы – БАҚ қызметкерлері бұл үшін ешқандай қосымша ақы және әлеуметтік кепілдік алмағанын еске салды. Журналистер жеңілдікті санаттар қатарында тұрғын үй алуға үміткер бола алмайды. Себебі олар мемлекеттік қызметкер де, азаматтық қызметкер де емес.

«Журналистерге сот, прокуратура, ішкі істер, адвокат, нотариус сияқты нақты мәртебе беретін кез келді.Бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалынсыз қоғамды демократияландыру мүмкін емес. Сондықтан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін арнайы әлеуметтік мәртебе  арқылы қолдауды әрі қорғауды ұсынамыз. Бұл үшін  «Журналист мәртебесі туралы» арнайы заң қабылдау қажет деп ойлаймын»,- деді депутат өз сауалында.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1027
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 896
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 675
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 755