Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3152 0 пікір 21 Маусым, 2012 сағат 13:02

Асқақ Алтайдағы қандастар кездесуі

Шекара аралық достықты және шекаралас жатқан облыстардың дәстүрлі қарым-қатынасын нығайту мақсатында ағымдағы жылдың басында облыс әкімі   Бердібек Сапарбаевтың атынан Ресей Федерациясының Алтай аймағына, Қытай Халық Республикасының ШҰАР және Моңғол Халық Республикасының Баян-Өлгий аймақтарына 2012 жылы «Туған ел - алтын бесігім» акциясы аясында Шығыс Қазақстанда мәдениет күндерін өткізу туралы шақыру хаттары жолданған болатын.

30 адамнан құралған ҚХР ШҰАР делегациясы Шығыс Қазақстанға ағымдағы жылдың 19 маусымында келді. Делегация құрамын - жергілікті билік өкілдері және Шығыс Қазақстан халқына арналған арнайы концерттік бағдарлама дайындаған шығармашылық ұжымдар құрайды. ҚХР делегациясының Шығыс Қазақстан облысына келу бағдарламасы аясында қытайлық делегация мүшелері ең алдымен ұлы Абайдың ескерткішіне гүл шоғын қойып, Хәкім Абайдың рухына тағзым етті. Содан соң шетелдік қонақтар былтыр ғана бой түзеген Өскеменнің іргесіндегі оралмандар тұрақтаған, яғни, қоныс тепкен «Шығыс»  аулына барып ондағы жерлестерімізбен кездесіп, өзара әңгіме құрып, пікір алысты. Қытайдың шығармашылық ұжымы Өскемендіктерге арнап өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынды. Содан соң олар Семей және Зайсан қалаларына барып онда да қалың жұртшылықпен кездесіп, өздеренің концертік бағдарламаларын жергілікті тұрғындарға тарту етпек. Жалпы аймақ басшысы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың осыдан үш жыл бұрын облыста бастау алған «Туған ел - алтын бесігім» акциясының мазмұны тереңдеп қанаты кеңейіп облыс, республика шеңберінде емес Халықаралық деңгейге дейін көтерілуде. Өткен жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында аймаққа 20 млрд.теңгеге жуық қаражат Кенді Алтай мен Семей өңірінен шыққан белгілі меценаттардың көмегімен келіп түскенді. Соның арқасында өңірде жаңа спорт кешендері, мәдениет, денсаулық ғимараттары, мешіт үйлері бой көтеріліп, халық игілігіне берілгенді. Сол үрдіс биылда облыста қайталануда.

ШҚО мәдениет басқармасының

баспасөз-қызметі

0 пікір