Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Билік 1446 0 пікір 19 Тамыз, 2021 сағат 18:56

Ұлттық қауіпсіздік: Вакцина және дін

Қазақстан қоғамында вакцинацияға қарсы пікірлер мен ойлар айтылуда. Басым көпшілік діни жоралғыларға сәйкес вакцинация жұмыстарына тыйым салынған дейді. Алайад бұл ақпараттың мүлде шындыққа жанаспайтынын түрлі дін өкілдері мен басшылықтары қадап айтуда.

Вакцинация-бұл коронавирустық пандемиямен күрестегі басты қару және COVID-19-дан қорғанудың бірден-бір тиімді әдісі. Бұл бүкіл әлем ғалымдарының көптеген зерттеулерімен дәлелденді. Дегенмен, «дін вакцинацияға рұқсат етпейді» дегендер де бар. Дін өкілдері мұндай мәлімдемені адасу және жаңсақ пікір деп атауда.

Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысының бас раввині Шмуэль Карнаухтың айтуынша, Таурат жазбасында дәрігерлердің ұсыныстарын орындау қажет делінген. “Тауратта вакцинацияға ешқандай шектеулер жоқ. Керісінше, жазбада дәрігерлердің нұсқауларын орындаңыз дейді. Өкінішке орай, вакцинацияның зиянды екеніне таласатындар бар, бірақ олар тіпті медицинаны түсінбеуі мүмкін. Егер адам оларды тыңдай отырып, вакцина егілмесе және осы аурудан қайтыс болса, онда екпе алмауға шақыратын адамдарға жауапкершілік жүктеледі “, - деді Шмуль Карнаух.

Астананың діндерді зерттеу орталығының теологы Марат Смағұлов елдегі және әлемдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтар сақтық шаралары мен алдын алу шараларын сақтауы тиіс екенін атап өтті. «Біздің уақытта, пандемия кезінде, аурудан қорғану, яғни вакцинациялау өте маңызды. Мүфтият жұмысшылары да, дәрігерлер де вакцинация қажет екенін айтады. Исламда көптеген оба немесе жұқпалы ауру пайда болса, мұсылманды одан қорғау керек, қазіргі тілмен айтсақ вакцинациялау керек деген көптеген хадистер бар”, - деді ол. Бұрынғы өмір ырғағына оралудың бірден-бір дұрыс жолы - халықты жаппай егу арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Ол үшін азаматтардың 60% CVI-ге қарсы вакцинаны алуы тиіс. Алайда «дін рұқсат етпейді» деген жалған сылтауды алға тартып, вакцина алудан қашатын және өзгелерді де алмауға үгіттейтін жандардың саны көп болып тұр.

Еліміздің барлық дін өкілдері оның қате екенін ескертіп, тіпті қасиетті кітаптарда адамға берілгені жанының аманат екенін айтып, оны қорғау және сақтау міндет екенін ескертіп жатыр. Вакцина алмауға дін арқылы үгіттейтіндердің кей бөлігі радикалдық көзқарасты ұстанатын жандар болып отыр. Олардың басты мақсаты қоғамды дүрліктіру мен елдегі пандемиялық жағдайдың ары жалғасуын қалау және сол арқылы өздерінің үгіт насихатын жүргізіп, мемлекеттік құрылымдарға қарсы наразы пікір иелерін арттыру, лаңкестік көзқарастарды дамыту. Дегенмен мемлекет ондай жоспарлармен жүйелі күресіп келеді. Ол ұлттық қауіпсіздік деңгейінен басталып, идеологиялық және діни насихат деңгейінде де көрініс табуда. Дін вакцина алуды қолдайды және оны азаматтардың игілігі үшін деп санайтынын ұмытпау және насихаттау маңызды болып отыр. Сондықтан дін өкілдері діни жоралғыларды, яғни намаз оқу, бірлесе діни мерекелерді атап орындау (пандемиялық жағдайды ескере отырып) барысында да бұл туралы насихат айтуды бастады.

Abai.kz

 

0 пікір