Жұма, 3 Мамыр 2024
4334 22 пікір 3 Қыркүйек, 2021 сағат 15:35

Тоқаев неге таңқалды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Sputnik V вирусына қарсы ресейлік вакцинаның әлі халықаралық сертификат алмағанына таң қалды. Бұл туралы ресейлік БАҚ мәлімдеген.

«Мен Sputnik V вакцинасын алғандықтан, бұл вакцина өте тиімді екенін білемін. Және оның әлі халықаралық сертификат алмағандығы мені таң қалдырады», - деді Тоқаев Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында.

Халықаралық сертификат алу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бірқатар шарттарын орындау қажет.

«Менің білуімше, шамамен 26 балл бар. Қажетті сертификатты алу үшін осы пункттерден өту қажет сияқты», - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол Қазақстанға вакцина жеткізу бойынша келіссөздер кезінде Ресейге ешқандай алғышарттар қоймағанын айтты. Және, Президент «Sputnik V» бүкіл әлемде мойындалғанын және 60 -тан астам ел осы вакцинаны қолданып жатқанын алға тартты.

Бұған дейін хабарланғандай, Шығыс экономикалық форумы (ЭЭФ) шеңберінде Қазақстанның цифрлық трансформациясы, цифрландыру платформалық моделіне көшу және тұжырымдаманы іске асыру бойынша ресейлік жинақ банкімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 897
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 756
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 585
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 593