Жұма, 26 Сәуір 2024
Бүгінгі қарт 5441 16 пікір 30 Тамыз, 2021 сағат 15:00

Олжас Сүлейменов: Алма-Ата, Интернационал, Луи Пастер...

Ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Алматы атауын «Алма-Ата» деп өзгерту қажет деген ұстанымда. Ол 1992 жылдан бастап елімізде үздіксіз елдімекен, көше, қала атаулары өзгертіліп жатқанын айтады.

«Жаңа атауларды құрастырғандар ғалымдар емес, уақыт қысып бара жатқан әкімдік қызметкерлері еді. Коммунистік партия қайраткерлері мен кеңестік кезеңнің терминдерінен құтылу керек болды. Олардың атауларын этникалық тарихпен ауыстырды, ал атауды қарастыру сәтінде жоңғар шапқыншылығы болған XVIII ғасырдан ары бармады. Бұл пайым біздің қала атауларында да көрініс тапты.

Алдымен даңғылдар мен көшелер әйгілі батырлардың атымен аталды. Ал есімдер таусылған сәтте XIX-XX ғасырдағы ақын, жазушы, қоғам қайраткерлерінің есімдері қойыла бастады. Біздің замандастарымыздың да есімдері көшелерге беріліп жатты. Менің ойымша Луи Пастер көшесін ауыстырудың қажеті жоқ еді, ол миллиардтаған адамды құтқарып қалған жан ғой. Космонавты көшесінен де бас тартпау қажет еді. Бұны бекіткен әкім алғашқы адам ғарышқа қазақ жерінен, Байқоңырдан ұшқаны, бұл болашақ ғарышкерлерге үлгі екені есіне түспеген сыңайлы. Ал Интернационал көшесін неге ауыстырдық, біз ол терминнен де, түсініктен де бас тартпаймыз ғой. Біз ТМД аумағындағы ең интернациональ елміз, сөз бойынша да, іс бойынша да»,  - дейді Олжас Сүлейменов.

Ақын бұрынғы атаулардың біразын қайтару керектігін алға тартып отыр. Ол тек қана көше аттарын емес, сонымен қатар Алматы қаласының атауын да өзгертуді ұсынуда.

«Орталық Азияда ХХ ғасырда үш қана қаланың атауын айту оғай, әдемі әрі ырғақты еді, олар Самарқанд, Ашхабад және Алма-Ата. Қонақжайлылық пен туризмның нышаны осылар болатын. Ал енді солардың ішіндегі ең әдемісі ашық екі дауысты дыбыстан айырылып, әлемнің көптеген тілдерінде айтуға қиын реңкке енді. Бұдан тек қана біз емес, аймақ тұтас игіліктерді жоғалтты. Мен мұны алма-аталық ретінде айтып отырмын, алматылық ретінде емес. Өзіміздің нағыз атауымызды қайтарайық!» - дейді ол.

Бұл Олжас Сүлейменовтың алғашқы мәлімдемесі емес. Бұған дейін танымал ақын «толық тәуелсіздік қауіпті», деп мәлімдеп, басы дауға қалған еді.

Abai.kz

16 пікір