Жұма, 3 Мамыр 2024
4022 1 пікір 24 Тамыз, 2021 сағат 13:50

Ауғанстаннан қанша адам келді?

2000 жылдан 2021 жылдың бірінші жартысына дейін Қазақстанға ауған ұлтынан 608 адам көшіп келді. Бұл туралы LS сайты мәлімдеді. 

Ауғанстаннан келген азаматтар саны 2020 жылы - 125 адам, 2011 жылы - 52 адам, 2010 жылы - 45 адам, 2019 жылы - 44 адам, 2000 жылы - 38 адам болыпты. Ал 2002 және 2015 жылдары олар Қазақстанға бір адамнан қоныс аударған. Еске салайық, 2021 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстанға қоныс аударған ауған азаматтарының саны 78-ге жетті. Бұл уақытта Қазақстаннан ауған ұлтының сегіз адамы ғана кеткен.

Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдан бері Ауғанстаннан келетін мигранттар туралы мәліметтерді бөлек сақтап келеді. Мәселен, осы жылдың бірінші жартыжылдығында бұл елден Қазақстанға 113 адам көшіп келген. Сонымен қатар, бюро мәліметінше қазақстандықтардың Ауғанстанға тұрақты тұруға кетуін тіркемеген.

Ал, әзірге ауған босқындарының Қазақстанға келу мүмкіндігі туралы мәселе көтерілген жоқ.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 570
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 296
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 317
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 328