Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2722 0 пікір 4 Маусым, 2012 сағат 11:56

Алматыда тарих неге тапталуы тиіс?..

Республикалық басылымдардың бірінде жариялаған Үкімет қаулысында Алматыдағы 35 нысанды тарихи және мәдени ескерткіштер ті­зі­мі­нен алып тастау туралы нақты мәселе қойылған.
Ел Үкіметінің осы шешіміне ашу-ызасы келген Орталық мемлекеттік музей директорының бірінші орынбасары Бейбітқали Қақабаев алғашқылардың бірі болып, БАҚ өкілдерін шұғыл жинап, өзінің ойын ортаға салды.

- Мұндай шешімнің қандай се­беп­пен қабыл­данғанын біл­меймін, бірақ елі­міздің тарихи және мәдени ес­керт­кіші ретінде мем­лекет қор­­ғауында болып келген Алма­ты­­дағы 35 тарихи-мәдени нысанды құн­ды ескерткіштер тізі­мінен алып тастауды елі­міздің өткен тарихына жасалған қиянат, тіпті қыл­­мыс деп санаймын. Себебі қайсыбір елдермен салыс­тырғанда, біздің елімізде тарихи-мәдени ескерт­кіштер саны өте аз. Біз, ең алдымен, осыны ескеруміз қажет, - деді ол.
Тарихшының бұлайша дабыл қағатын жөні бар. Тізім­нен алынып тасталуы тиісті тарихи-мәдени нысандардың ара­сында 1858 жылы салынған София шіркеуі, сондай-ақ 1911 жылы Алматыда іргетасы қаланған генерал-губер­натор­дың кеңсе ғимараты тәрізді ХХ ғасырда айрықша маңызға ие болған бірнеше тарихи ғимараттар және ежелгі көш­пенділер та­рихынан сыр шертетін сақ қорған­дары бар. Еліміздің қоғамдық негіздегі бас экологы саналатын «Табиғат» эко­одағының төрағасы Мэлс Елеу­сізов:

- Меніңше, Үкімет басындағылар тарих деген сөзді түсінбейтін болса керек. Себебі тарихи-мәдени ескерткіш нысандарын жоюға тек тарихты түсінбейтіндер, тарихты бағалай білмейтіндер барады. Тіпті бұл адамшылыққа жатпайды. Өйткені Алматыда болсын, басқа жерде болсын, әрбір тарихи ескерткіш жас ұрпақтың елінің тарихын біліп өсуі үшін қажет. Сондықтан бүгін қолда бар тарихи-мәдени ескерткіштерімізді жойып жіберіп, күні ертең өкініп жүрмейік. Үкімет басындағылар алдымен осыны ойлауы тиіс еді. Үкіметтің бұл қаулысы Парламентте қаралып, қайткен күнде күші жойылуы қажет, - деп пікірін білдірді.
Үнемі халықтың арасынан табылатын сенатор Ғани Қасымов та осынау маңызды мәселеден шет қала алмады.
- Алматыдағы тарихи-мәдени 35 нысанды тізімінен алмас бұрын ғалымдар мен депутаттардан және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен арнайы комиссия құрып, содан соң сол комиссия әрбір тарихи нысанды бағалауы тиіс. Әйтпесе құрдан-құр тарихи-мәдени ескерткіштерді жойып жіберу, бұл - ұят жағдай. Себебі сонау 90-жылдардың басында бұл нысандардың барлығы арнайы комиссияның шешімімен еліміздің тарихи-мәдени ескерткіштері қатарына енгізіліп, арнайы мемлекет қорғауына алынды емес пе?! Бәлкім, қала басшылығы әлгі нысандардың қаланың жер телімі аса қымбат орталығына орналасқандығынан оларды «қажетсіз» деп ысырып тастап, күні ертең ол жерге үлкен бизнес-орталық салуды жоспарлап отырған болар. Қалай болғанда да Үкімет те, Алматы қаласының басшылығы да бұл мәселеге байыппен қарағаны мақұл, - дейді сенатор Ғ.Қасымов.
Осы мәселеге қатысты өз ойын білдірген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов: «Мұндай қаулы Алматы қалалық әкімшілігінің ұсынысы бойынша қабылданды. Себебі аталмыш нысандардың қайсыбіреулері өзінің тарихи құндылығын баяғыда жоғалтқан және кейбір тарихи-мәдени нысандар баяғыда-ақ жермен жексен болған немесе өртеніп кеткен. Ал осындағы сақ қорғандары ғылыми қолданыстан қалғандықтан, тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінен алынбақ.
Жалпы, күні бүгінге дейін тарихи және мәдени ескерткіш саналып келген бұл нысандарды тарихи ескерткіштер тізімінен алып тастау бізге оңайға соққан жоқ. Бұл мәселе үш жыл бойы талқыланып, содан соң нақты шешім қабылданды. Бұған қоса, Шаңырақтағы ғалымдардың қолданылуынан шығып қалған бұрынғы сақ қорғандарына қарасты жер телімдерін осындағы тұрғындарға заңдастырып беру көзделуде. Жалпы, қалалық әкімшілікке өзге де тарихи-мәдени нысандарды, мысалы, «Алатау» қонақүйін тізімнен шығару туралы ұсыныстар көптеп түсуде. Бірақ біз мұндай нысандарды қалдырып отырмыз, - деп ақталудан басқа амал таппады.

Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1912
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2016
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1688
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1515