Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4211 0 пікір 4 Маусым, 2012 сағат 10:34

Ызғарлы жылдар жаңғырығы

31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын Еске алу күні болып, 1997 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығына сәйкес жыл сайын бүкіл Қазақстан жерінде аталып өтіледі.

Сол бір қазақ халқының басына келген нәубетке, талай қазақтың шаңырағын ортасына түсірген ашаршылыққа биыл 80 жыл толса, тоталитарлық режімнің құрбандары болған саяси қуғын-сүргінге де 75 жыл толып отыр. Бүгінде Қазақстанның барлық аймақтарында осы қаралы күндерді еске алуға арналған шаралар өтуде.

31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын Еске алу күні болып, 1997 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығына сәйкес жыл сайын бүкіл Қазақстан жерінде аталып өтіледі.

Сол бір қазақ халқының басына келген нәубетке, талай қазақтың шаңырағын ортасына түсірген ашаршылыққа биыл 80 жыл толса, тоталитарлық режімнің құрбандары болған саяси қуғын-сүргінге де 75 жыл толып отыр. Бүгінде Қазақстанның барлық аймақтарында осы қаралы күндерді еске алуға арналған шаралар өтуде.

Осындай шаралардың бірі ағымдағы жылдың 31 мамыры күні Облыстық Достық үйінің және «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1937-38 жылдардығы саяси-қуғын сүргін құрабандарын Еске алу күніне арналған «Ызғарлы жылдар жаңғырығы» атты шара өтті. Кез келген елдің, мемлекеттің өмірінде ерлікті ұлықтау, қайғылы тарихи оқиғалар құрбандарын еске алу күндері болады. «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігі Шығыс өңірінде қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жаппа шеккен адамдардың деректерін жинақтап облыс тұрғындарына жеткізуді мақсат етеді. Өткен жылы осындай шараны Зайсан, Күршім аудандарында өткізген болатын. Дөңгелек үстел басына жиналған ұлттар мен ұлыстардың өкілдері және  қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, халқымыздың тарихының азалы парақтарының бірі болған сол бір аласапыран жылдары солақай саясаттың құрбаны болып, ашаршылыққа ұшыраған қазақ халқының қасіретін және ұлтына, тіліне, дініне қарамай саяси қуғын-сүргін құрбандары болған азаматтарды еске алып, сөз қозғады. Осы шараға байланысты тақырыпта ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е.М. Аязбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Л.Б. Шик, «Алтын арқау» ҚБ төрағасы С.А. Ақанов, Е.Н. Жалғабаев, саясаттанушы Ғ.Қ. Құмаров, Б.А.Омаров баяндама жасады. С. Ақанов баяндамасында 3500 адам ұлтына, наным-сеніміне қарамай жазаланған Шығыс Қазақстандықтардың тағдырына тоқталды. Ол өз сөзінде тоталитарлық режімнің шырмауына ілінген  азаматтарды ұлтына жіктемей, ақ-қарасын ажыратпай «Халық жауы» атағын жамылдырып, талай отбасының шаңырағын ортасына түсіріп, жасына қарамай жазаланғандар туралы айта келіп, мынадай мысалдар келтірді, Марқакөлден Ш.Жарболдин, Зайсаннан И. Жадырықов деген азаматтар жастары  80-нен асса да ату жазасына кесілген. Сондай-ақ Тарбағатай ауданында осындай жазаға кесілген адамдардың саны 178 құраған. Сонымен бірге әр аудандардағы бірнеше отбасылары мүшелерінің түгелдей қуғын-сүргінге ұшырағандары туралы деректер айтып өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Облыстық Достық үйінің қызметкері Л.Б. Шикте сол кезде жас бала болса да депортацияға ұшыраған неміс халқының және өз отбасының басына түскен ауыр тағдыры жайында есінде ала отырып, қазақ халқы  басына түскен өз қасіретіне қарамай, тағдыр тәлкегімен келген өзге ұлттарды  дарқан көңілімен, достық құшағымен қарсы алғанын толқи отырып айтты. Осындай солақай саясаттың арқасында «Шаш ал десе, бас алатын» қол шоқпарларын ала жүгіретін, надан жандайшаптардың кесірінен қаншама отбасы зардап шекті. Отырыс барысында мұражай мен мұрағатта сақталған репрессия құжаттары бойынша слайд көрсетілді. Шара соңыда үндеу қабылданды және «Алтын арқау» ҚБ мүшелерінің бастамасымен ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың тізімі жарияланған «Азалы кітап» атты  кітап қатысушыларға таратылды. Сонымен бірге осы шараға «Нұр Отан» ХДП ШҚО филиалының төрағасының бірінші орынбасары Т. Түсіпбековтің басшылығымен «Нұр Отан» ХДП белсенді атсалысты. Шараға саяси репрессия құрбандарының туыстары, Облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, азаматтық қоғамның  өкілдері және БАҚ өкілдері, «Өскемен- Қазақстан» және «Калкен» телеарналарының түсіру тобы қатысты.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=623%3A2012-06-04-05-00-57&catid=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1958
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2257
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1857
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1549