Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
2768 1 пікір 7 Тамыз, 2021 сағат 14:43

Жапонияда вирус жұқтырғандар саны 1 млн асты

Жұма күні Жапонияда коронавирус инфекциясына шалдығудың расталған жағдайларының саны 1 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұған Жапонияның көптеген префектуралары соңғы күндері вирусқа шалдығудың расталған оқиғалардың рекордтық көрсеткіштері тіркелгені себеп болды.

Жұма күні Токионың елордалық үкіметі коронавирусқа шалдығудың күнсайынғы 4515 оқиғасын растады. Бұл ел астанасында тіркелген екінші көрсеткіш, себебі бір күн бұрын, яғни бейсенбіде рекордтық 5042 жағдай туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ Осака префектурасы рекордтық 1310 оқиға туралы мәлімдеді. Премьер-министр Ёсихиде Суга енді Паралимпиада ойындарын көрермендермен өткізу мәселесін оның ұйымдастырушылары және үкіметтердің бесжақты кездесуінен кейін қарастырылатынын мәлімдеді.

Орталық үкімет, Токио үкіметі, ұйымдастыру комитеті, Халықаралық олимпиада комитеті және Халықаралық паралимпиада комитеті жексенбі күні, Олимпиада ойындары аяқталған соң кездеседі.

Паралимпиада ойындары 24 тамызда басталуы тиіс.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2012
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2430
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2000
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1582