Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
4310 0 пікір 7 Тамыз, 2021 сағат 14:07

Балқаш Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін

Балқаш Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Балқаш көлі Каспи мен Аралдан кейінгі ірі су айлағы саналады. 18 мың шаршы шақырым аумаққа жайылған көлдің Жетісудың ауа райы мен экологиясы үшін орны орасан. Сондықтан да Балқаш көлінің болашағы адамдарды бүгіннен алаңдатып отыр. Өйткені, өңірдегі су ресурстарының азаюы аталған көл үшін өте қауіпті. Көл деңгейінің өзгеруі бірінші рет емес, өткен ғасырдың 70-80 жылдары да құбылыстар байқалған.

Саят Әлімқұлов, география және су қауіпсіздігі институты басқарма төрағасының орынбасары:

Бізде 70-80 пайыз суармалы егіншілікте пайдаланамыз аймақта, егер осы салада тиімділікті өсіретін болсақ дәл осы пайдаланып отырған алқаптарды қысқартпай ақ біз сол суларды 30-40 процентке үнемдеуге мүмкіндігіміз бар. Басты мақсат әрине Балқаш көлінің онымен бірге Іле өзенінің атырауын, табиғи жүйені, оның экологиялық функциясын сақтау.

Экология министрлігі отандық ғылыми мекемелермен бірлесе отырып, Балқаш көлінің деңгейін көтеру, тұрақтандыру бағдарламасын жасауда. Басты мақсат Іле өзенін тиімді пайдалану, өзеннің бастауына иелік ететін Қытай елімен бірлескен келісімшарт жасау туралы айтылды. Оған қоса көлдің деңгейі терең зерттеуді талап етеді.

Серік Қожаниязов – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:

Біздің көлдің деңгейін қалыпта ұстау үшін Қытай елі үлкен маңызға ие. Сондықтан көрші елмен трансшекаралық аймақ мәселесі талқыланып, үлкен нәтижеге жеттік. Қытай үкіметі Балқаш көлінің экологияға әсері жоғары екенін мойындады. Олар да шекараға жақын аумақта экологиялық апат болғанын қаламайды.

Трансшекаралық аймақтағы суды бөлісу мәселесі алты жылдан бері айтылып келеді. Өйткені, Іле өзені арқылы келетін су деңгейін тұрақтандыру Балқаш көлін сақтап қалудың бір жолы. Сондықтан келісімшарт бірінші қарекет болмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2002
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2427
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1985
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1580