Сенбі, 4 Мамыр 2024
3436 2 пікір 14 Шілде, 2021 сағат 13:34

Мектеп қаржысын жымқырған

Шымкент қаласында Қаржы мониторингі агенттігі мектеп салу кезінде қаражат ұрлау фактісін анықтады. Шымкенттегі ҚМА аумақтық департаменті «Жұлдыз» тұрғын үй кешенінің алабындағы орта мектеп құрылысына бөлінген 5,5 миллион теңгенің ұрланғанын анықтаған.

Тергеу барысында кәсіпкер мектеп салу кезінде нақты атқарылған жұмыс туралы қате мәліметтермен есептер ұсынғаны белгілі болды.

Сот құрылысы-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген шығын мөлшері шамамен 5,5 миллион теңгені құрағанын анықтады. Құрылыс жұмыстарын жүргізген кәсіпкер кінәсін толығымен мойындап, келтірілген шығын көлемін төледі. Еңбекші ауданының соты оны үш жыл бас бостандығынан айырды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1022
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 889
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 670
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 746