Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2702 0 пікір 25 Мамыр, 2012 сағат 08:25

Қуандық Шамахайұлы. Бір пайызға кеңдік танытасың ба, Үкімет?!

Астанада өткен экономика форумы жұрттың есінде Нобель сыйлығының иегері Эдуард Прескотт мырзаның «мұнайдан түскен ақшаның бір бөлігін пайдаланып, оны әр қазақстандық азаматтың депозитіне аударуларыңызға болады, сонда сіздің халық өз капиталына инвестиция жасай алады» деген сөзімен жұрт көкейінде қалды. Расында, Эдуардтың «аузына май, астына тай» деп алақайлауға тұратын-ақ пікір.

Амал не, оған пысқыратын кім бар, бізде?! Негізі, Қазақстанға мұнайдан түсетін жылдық табысының бар болғаны, бір пайызын ғана біздің билік өз халқына қиса, әр азаматқа 760 мың теңге мөлшерінде сыйақы тиеді екен. Біреулер үшін бұл тиын-тебен ғана шығар. Бірақ, қатардағы азаматтар үшін айтып-айтпай не керек, шынымен де «батпан құйрық». Әзірше, 10-20 пайызды қиялдамай-ақ қоялық.

Ауылдағы балалы-шағалы, жұмыссыз әрі былтыр ғана қорадағы қырық қойын ұрыларға үптетіп сан соғып қалған, кейін күдіктілердің иелігіндегі малы табылса да аудан прокурорының  ықпалымен оған да қол жеткізе алмай отырған Нарекең мен Әужекеңді айтпағанның өзінде қала тұрғындары үшін де үлкен олжа. Ең бергісін айтқанда, ұлттық университеттің ақылы бөлімінде білім алып жатқан бозбала мен бойжеткен үшін таптырмас мүмкіндік. Әр жылының оқу ақысын ешкімге алақан жаймай, кешкісін мейрамханаларға барып ыдыс-аяқ жумай, түнімен әлдебір фирманың мүлкін күзетіп келіп, күндіз сабақ үстінде қалғып-шұлғымай  Алланың берген табиғи байлығының арқасында ың-шыңсыз төлеп тастаса, алаңсыз жүріп, білім алуына үлкен қолғабыс болмас па еді. Ипотеканың ми батпағына батып бара жатқан жандар үшін тал қармауға мүмкіндік туатыны тағы бар.

Осы тақылеттес әр азамат өз басына түскен әлдебір проблемасын еш қиналмай шешіп бір тыныстап қалары белгілі. Жалпы, бәріміз де «асты-үсті кен мен қазба байлыққа толы кең байтақ далада» қазақ болып туғанымызға шүкіршілік айтып, бір жасап қалған болар едік.

Ай, қайдам. Бұлай болмасы айдан анық болып тұр. Үкіметке «кең болсаң кем болмайсың» деген бар, бізге  мұнайдан түскен ақшаның бір бөлігін емес бір пайызын ғана беруге кеңдік таныта аласың ба?» - деп сұрап көрейікші! Олардың табан астында  былай деп жауап беретіндігіне бәс тіге аламын: «Қолма-қол ақша тарату - адам дамуына кедергі келтіреді. «Даяр асқа тік қасық» болып кетесің және инфляцияға жол беріледі. Инфляция жоғарыласа, банк несиелерінің өсімі де ұлғаяды.  Бұл айналып келіп, экономиканы алқымнан алатын тиімсіз үрдіс. Жұмыс орындарын ашуға ұмтылған кәсіпорындар үшін  несие пайызының өсуі соққы болып тиеді» - деп қана жылы жауып қоя салады. Оған «мен масыл емеспін, күшім қазандай қайнап тұр, екі қолға әкелші, бір күректі, бізде жұмыс орнын ашып жатқан кім бар, қане?» - деп, зарлап көр, бәрібір тыңдамайды. Мұнайдан түскен табыстан саған соқыр тиын да татырмайды.

Негізі, табиғи байлыққа кенелген елдер тұрғындарының жағдайы бүгінгі таңда әжептәуір көтеріліп келеді. Араб әмірлігі секілді ислам әлемін жақсы білеміз ғой. Оны айтып ауыз ауырпайық. Тіпті, ежелгі көршіміз анау моңғолдарға қарашы! Солардың өзі бүгінгі күні «Отан несібесі» (Эх орны хишиг) деп аталатын бонустық сыйақыларын мұнайдан түскен табыстың есебінен алып, жылдық табыстарын үстемелеп, ханға сәлем берместей шалқайып  отыр. Біз үшін ондай майлы жіліктің аулы алыс және оның үстіне үкіметтің беретін жауабының да қандай боларын мен жоғарыда меңзедім. Тіпті, мұнайдан түскен табыстың кімге қалай бұйырып жатқандығына шынайы түрде есеп беретін бір пенде табыла ма?

Ал, сіз қалай ойлайсыз, оқырман қауым?

«Абай-ақпарат».

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 578
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 309
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 320
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 334