Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2249 0 пікір 25 Мамыр, 2012 сағат 08:06

Сырым Дат. Үш қазақтың оралуына кім қарсы?

Әрбір үшінші қазақ шетелде ғұмыр кешуде. Оның көбі атажұртта тұруда: Ресейдегі, Қытайдағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы біршама қазақтар туралы солай дейміз. Алайда, әр қазақ үшін бүгінгі отан - Қазақстан ғана. Әр қазақтың жалғызы да - Қазақстан.

Тәуелсіздік қарсаңында ондаған совхоздың директорлары улап-шулап, Моңғолияны «басып алғаны» бар. Мақсат - ауыл шаруашылығында тапшылық сезіле бастаған мамандарды желеу етіп, қазақтың санын көбейту болатын. Ол кезде қазақтың саны елімізде 40 пайызға жетпейтін. Сол кездегі қазақ басшылар тәуелсіздіктің иісін сезіп, ұлттың саны есебінен тақта аман қалу жағын ойлағандары да жасырын емес.

Одан бертін, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тегеуріні қаттырақ болған ұлтшыл «Азат» секілді қозғалыстар күн тәртібіне шетелдегі қазақтарды келтіруді қойған кезде, жас мемлекеттің басым саясаты да сол болып қалды. Сол кезде бірқатар Әкім Ысқақ секілді ұлтшылдар «оралман» терминін енгізіп, шетел қазақтарын елге алдыруға алғаш рет қазақтілді заң жобасын жасады. Сол заң Қазақстан тарихындағы әзірленген ең алғашқы әрі көпке дейін соңғы қазақ тіліндегі заң болып қалды. Бір сөзбен айтқанда, сыртқы қазақтарға байланысты ішкі қазақтардың тағдыры да қазақтана бастап еді.

Бертін келе «квотаны» ойлап тауып, қазақты келтіруді белгілі бір ретпен шектеудің қитұрқы тәсілі ойлап табылды. Себебі, квотамен кез келген қазақ келе алмайтыны әрі бөлінген қаржының оралған қазақтың жыртығын жамамайтыны о бастан түсінікті еді. Шын мәнінде, елге оралған бір миллондай қазақтың жартысы ғана сол квотадан ауыз тиді. Қалғаны шұбырынды ретінде жетті.

Қазақ халқының көбейуіне, оның ішінде шеттегі бостан саналы қазақтың Қазақстанда молайуына кім қарсы? Әрине, қоғамға өз гегемондығын орнатып, енді содан айырылғысы жоқ қазақ билігі ғана. Оған ешбір Мәсімнің де, Своиктың да қатысы жоқ. Әрине, Ресейдің саясаты Қазақстанда қазақ ықпалының күшейуіне біржақты қарсылық етеді, соншалықты қазақстандық орыс шовинистері де сол пыйғылда. Айналып келгенде, алғашында аталған шет қазақтарды келтіруге қарсы саясат ресейлік сыртқы саясат пен қазақстандық шовинистердің ықпалынан ғана туындап келсе, соңғы 7-8 жыл көлемінде ол көзқарас қазақ билігінің жеке ниетін қамтыған саясатқа айналды. Бұған жетім қыздың тойындай болып өткен Дүниежүзілік қазақтардың соңғы құрылтайы да куә.

Себебі, шеткі қазақтар елді қазақтандыруға ықпалды бірден бір әлеуметтік топ. Ал, қазақ билігі деген аты болмаса, елді билеушілер дүбәрә топ екені бесенеден белгілі. Оның үстіне, шетелдік қазақтар ресейлік боданда болып мыжылғандар емес, еркін де, ырыққа көне қоятындар санатына жатпайды. Осы сыйпаттама Жаңаөзен оқиғасы кезінде де билік тарапынан таратылған ақпараттың арқауына айналып, оқиғаға бірден бір кінәлі ретінде Шөкеевтің ауызымен оралмандар аталды.

Есімізге соңғы 2009 жылғы халық санағының нәтижесі де еріксіз түседі. Санақтың шынайы нәтижесі бойынша, қазақтың елдегі сандық үлесі 70 пайызға тақап қалған еді. Ондай қисапқа ел билігі де, тіпті, сырттан билеп отырған Ресей де әзір болмай шықты. Сасқаннан санды күзеуге кіріскені сондықтан болатын. Егер де шынайы санақты мойындағанда, елдің ішкі және сыртқы саясатын соған сәйкестендіруге тура келеді, ал оған билік субъектісі дайын болмады және әлі де әзір емес. Қысқасы, Қазақстан қазақ ұлтының саяси объектісі екендігін мойындайтын саяси күш пайда болғанда ғана  елдегі қазақтардың саны мен сапасының артуы саяси құндылыққа айналады. Ал, әзірге оны болдырмаудың 99 қитұрқысы қолға алына береді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 541
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 279
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 307