Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3774 0 пікір 22 Мамыр, 2012 сағат 13:17

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы «Мұражай түні» акциясы

2012 жылдың 18 мамырында Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Халықаралық мұражай күніне арналған «Мұражай түні» акциясы өтті. Мерекелік шара мұражай ауласында «Шығыс» РГК әскери округінің үрмелі аспаптар оркестрінің концертімен басталды. Мерекеге халық көп жиналды. ШҚО мәдениет басқармасының бастығы Омар Жақсылық Мұқашұлы және басқарма бастығының орынбасары Сәрсебаев Жасұлан Бірлікұлы, Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Нұрқасым Құсмиля Жырғалұлы ұжымымен, қоғам қайраткері Х.Матаев, мұражай ардагерлері Т.Ибрагимов, Б.Ерсәлімов, ақын-жазушылар, ғалымдар, әріптестер қатысты. Мерекелік шараны мұражай директоры Теміров Бекен Нұғыманұлы ашып, келушілерді мерекемен құттықтап, бағдарламамен таныстырып өтті.

Ашылу салтанатында ШҚО мәдениет басқармасының бастығы Омар Жақсылық Мұқашұлы келушілерді мерекемен құттықтады. Ал шежіреші, этнограф Молдабек Жанболатов мұражайға інісі, мүсінші Мұратбек Жанболатовтың жасаған осы өлкенің қасиетті биі болған Кеңгірбай Жандосұлының мүсінін тарту етсе, қоғам қайраткері Хафиз Матаев Мұрат Әуезовтың өзіне табыстаған сыйын мұражайға сыйлады. «Ахау Семей» ардагерлер ансамблінің мүшесі, ақ жаулықты ана Мәклима Қарабалина өзінің ақ тілегін білдіріп, Абай атамыздың мүсінін сыйға тартты. Бұдан кейін кеш қонақтары облыстық Абай атындағы драмалық театр артистерінің ұйымдастыруымен «Мұражай тарихы туралы» атты қойылымынан үзінді тамашалады. Аулада мұражай маманы В.В.Колбиннің ұйымдастыруымен «Жол қоржыны», «Археологиялық қазбалар» сайыс-ойындары жүргізілді. Қонақтар мұражайға бұрынғы Семей облыстық  газеттің қызметкері А.М.Хмелев және қала тұрғыны Е.Н.Михайловтардың көне Семей қаласының көріністері бар фотосуреттер мен фотоаппараттарды тапсыру рәсімінің куәгері болды. Сондай-ақ, қор бөлімінің қызметкері А.М.Жұманбаеваның ұйымдастыруымен бұрын көрмеге қойылмаған қордағы самауырлар, ертоқым түрлерімен танысты. Ә.Қашаубаев атындағы филармония оркестрінің концерті, қалалық мәдениет сарайы жанынан ашылған ақындар мектебінің Дәмеш Омарбаева бастаған ақындары мұражай тарихы мен жәдігерлері туралы «Жұмбақ айтысы», М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студенттері қатысқан жастардың «Алтыбақан» ойын-сауық отауы, аулада алау жағып, бар әндерін орындаушылар  туған өлке, Семей туралы шығармаларын, жастардың «Алтын сандық» сайысы, мұражай жанынан құрылған өлкетанушылар мен археологтардың «Жер-су» клубы өткізген дөңгелек үстел отырысы келушілерге мұражай және мұражай ісі туралы мол хабар беріп, мерекелік  көңіл-күй сыйлады. Мұражай алаңында ашылған «Қымызхана» қымыз, құрт, ірімшік-майымен  қонақтардың көңілінен шықты. Мұражай қызметінің әр саласынан өткізілген қызықты шаралар болашақта да жалғасын таппақ.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=605%3A-l--r-----&catid=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 819
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 652
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 518
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 530