Жұма, 10 Мамыр 2024
3638 8 пікір 2 Шілде, 2021 сағат 17:23

Бекшин: Індеттің төртінші толқыны басталды

Алматының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқыны басталғанын мәлімдепті.

Оның айтуынша, ай өткен сайын коронаирус инфекциясымен ауырғандардың саны өсіп келе жатыр. Індеттің үшінші толқыны Алматыда наурыз айынан басталып, маусымның басына дейін тіркелген екен. Індеттің үшінші толқыны COVID-19-дың жаңа мутацияланған түрі анықталған соң басталған. Ол – британдық альфа-штамы еді.

«Індеттің үшінші толқыны басылмай жатып, қазір төртінші толқынның басталып кеткенін көріп отырмыз. Ол COVID-19-дың жаңа мутацияланған түрі – үнді штамы (дельта-штам) анықталуына байланысты болып отыр. Вирус жұқтырғандардың күрт көбейіп кетуіне байланысты біз 17-18 маусымда зерттеу жүргізген едік. Нәтижесінде Алматыдан індеттің британдық штамын, екі оңтүстікафрикалық штам мен бір нью-йорк штамының анықталғанын білдік. Осыдан кейін тұп-тура үш күннен соң үнді штамы анықталды.

Қазір біз жағдай күрделін бара жатқанын көріп, бақылап отырмыз. Анықталған 85 штамның 67-сі үнді штамы. Қоздырғыштар алмасып жатыр. Британдық штам мен үнді штамы араласып кетті. Бұлар мутацияланған штамдар. Олардың жұғу қауіпі де жоғары. Осыған байланысты біз жаңадан шектеу шараларын қабылдадық», - депті Бекшин.

Бекшиннің айтуынша, жыл басынан бері Алматы қаласында індет жұқтырған 56 138 адам тіркелген. Оның ішінде маусым айында тіркелгендері – 4 573 жағдай. Өткен жылмен алыстырғанда, биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында індет жұқтырғандары саны 10 есеге артқан. Соңғы екі аптада қалада вирус жұқтыру көрсеткіші 2,1 есе өсті. Яғни 1142 жағдайдан 2377 жағдайға дейін.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1912
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2013
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1686
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1515